Ілияс Жансүгіров

Сабақтың тақырыбы:        Ілияс Жансүгіров                               

Сабақтың мақсаты:   а)  ақынның өмірінен мәлімет бере отырып,оқушыларды ерлікке баулу.

ә) адам баласында кезесетін жаман мінез-қылықтардан аулақ болуға,оларды сынай білуге үйрету

б) сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру

Сабақтың түрі:                   аралас сабақ

Сабақтың әдісі:                  лекция түрінде

Сабақтың көрнекілігі:      кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс:      тарих

Сабақтың барысы:

                                   а)  Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,  оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:   

Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

     І.Жансүгіров 1894 жылы Талдықорғанның Ақсу ауданында(қазіргі Алматы облысы,Ақсу ауданы)туған.Анасынан ерте қалған Ілиясқа ескіше хат танитын,көзі ашық,көкірегі ояу әкесі Жансүгір ескі әңгіме,аңыз-ертегі,жырларды жасынан құлағына құйып өсірді. Біраз уақыт Қарағаш  деп аталатын жерде Мамановтардың ашқан жаңа үлгідегі мектепте оқиды.1920 жылы Алматыдағы үш айлық мұғалімдер курсын бітіреді.Ташкенттегі Қазақ ағарту институтына түсіп,денсаулығының нашарлауына байланысты аяқтай алмайды,алғашқы өлеңдері «Тілші», «Кедей еркі», «Лениншіл жас» газеттерінде, «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» журналдарында жарияланады.

1928 жылы «Сағанақ» деген атпен тұңғыш кітабы шығады.1927-1937 жылдары жазылған поэзия,проза,драматургия,сын,аударма салаларында мол әдеби мұралар – қазақ әдебиетінің классикалық шығармалары.І.Жансүгіров Москвадағы Коммунистік журналистика институтында оқиды. «Еңбекші қазақ» газетінде,1934-1935 жылдары Қазақстан көркем әдебиет баспасында қызмет етеді.І.Жансүгіров 1938 жылы репрессия құрбаны болды.

 

өлеңдері: «Көңілдің жүгірісі», «Өзіме», «Сәлемдеме», «Замандасқа», «Талғамалар», «Жаңылғаным» т.б.

поэмалары: «Күй»(1929), «Дала»(1930), «Күйші»(1934), «Құлагер»(1936).

 

драматургиясы:  «Кек», «Түркісіб»

 

кітаппен жұмыс. Ілиястың өлеңдерін мәнерлеп оқиды және құрылысына қарай талдайды.

 

білімді бекіту: І.Жансүгіровтың алғашқы өлеңдері қандай тақырыптарды көтерді? т.б.

 

білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма: «І.Жансүгіровтың поэмалары» деген тақырыпта реферат жазып келу.