Ғабит Мүсіреповтің романдары

Сабақтың тақырыбы:        Ғабит Мүсіреповтің романдары                                                              

Сабақтың мақсаты:   а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып,оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу,

ә) Оқушылардың  оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойын дамыту,оқу материалына сын көзімен қарап,жлдастық көмекке қашанда әзір болу қасиетіне ұлттық дәстүрді қастерлеуге үйрету;

Сабақтың түрі:                   дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                  сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі:      бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс:      тарих

Сабақтың барысы:

                                   а)  Ұйымдастыру кезеңі:                                                                                                                                                                           Оқушылармен амандасу,түгелдеу,  оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Ғабит Мүсіреповтың әңгімелерін сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

1.Ғабит Мүсіреповтың қандай шығармаларын білесіңдер?

2.Ғабит Мүсірепов «ана» тақырыбына байланысты қандай шығармалар жазды?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

     Жазушының «Қазақ солдаты» романы(1950) Кеңестер Одағының Батыры Қайырғали Смағұловтың өмірінен алынғанБас кейіпкері – Қайрош Сарталиевтің балалық шағынан,ауылдан қалаға қашып келген оқиғадан басталып,азамат болып қалыптасуына дейінгі аралықты қамтиды.

«Оянған өлке» 1953 жылы жазылған.қазақ даласындағы капиталистік қатынастардың кіріге бастауы,өнеркәсіп,өндіріс орындарының бой көтеруі,жұмысшы табының қалыптасуы т.б. тарихи,саяси-әлеуметтік оқиғлар кеңінен суреттелген. «Жат қолында»(1984) романын «Оянған өлкенің» жалғасы деуге де болады.Жазушы ХІХ ғасырдың бас кезіндегі Орталық Қазақстандағы қоғамдық-әлеуметтік өмірді жазады.Романның бас кейіпкері – күрескер Кенжеғара Берікқарин. «Оянған өлкедегі» Игілік байдың ұлы,бірақ сол кезеңге лайықтала сомдалған жаңа бейне.

Ғ.Мүсіреповтың әйел-ана бейнесін жасаған бірнеше әңгімелері бар екенін жоғарыда айтып өттік Сол топты толтыратын туындысы — «Ұлпан» романы.Ұлпан – рухы күшті,мінезі кесек,жарқын тұлға.қазақ әйелінің асыл қасиеттерімен бірге ерге лайық мінезді бойына тұтқан Ұлпан ел-жұртының қамқоры,тағдыры қатпар-қатпарлы,мыңғырған мал,самсаған байлық иесі болғанымен ел ішінің қатал заңдары Ұлпанға қиындығы мен қасіретін де аз тартқызбайды.Соны жеңе білген,рухын түсірмеген,парасат,тазалығымен өмір кешкен Ұлпан өмірін үлгі етеді.

 

Романдары: «Оянған өлке», «Жат қолында», «Ұлпан»

Топпен жұмыс: романдағы басты кейіпкерлерге мінездеме беру

Семантикалық картамен жұмыс:

1902 жылы дүниеге келді

1917 жылы оқуға түседі

1923 жылы Омбы қаласында оқиды

1928-1938 жылдары жауапты орындарда қызмет атқарады.

1938-1955 жылдары әдеби жұмыспен айналысады.

1956-1966 жылдары «Ара-Шмель» журналының бас редакторы болып қызмет атқарады.

 

Білімді бекіту:     Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:   Үйге Ғ.Мүсіреповтің  «Ұлпан» романын оқып келу.