Төле би (1663-1756)

Сабақтың тақырыбы: Төле би (1663-1756)

Сабақтың мақсаты:

а)   оқушыларға шешендік сөздердің түрлері туралы түсіндіре отырып, тіл байлығын жетілдіру;

ә) Сезімтал,шешен болуға ұмтылдыру;

б) мақал –мәтелдер үйрету арқылы халқымыздың әдеби бай мұраларын,шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:      аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,   дидактикалық материалдар  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих,география

Сабақтың барысы:

                                                 а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген шешендік сөздер туралы  сұраймын оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

                                                  б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Төле би Әлібекұлы XVII—XVIII ғасырларда өмір сүрген. 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойында Әулиеата маңындағы Жайсаң жайлау деген жерде дүниеге келген. Төле жастай араб, парсы тілдерін жақсы білген. Шығыстың аңыз-әңгімелері, қисса-дастандарымен таныс болған. Әке тәрбиесінің арқасында билікке ерте араласып, сенімнен шыға білген. Алғыр-тапқырлығымен, әділдігімен көрініп, жастайынан ел ішіндегі жер дауы, жесір дауына араласып, кесіп шешім айтып отырған.

Шешендік дәстүрінде жаңа талап жас баланың аты әйгілі билерден барып бата алатыны болады. Сол жүйемен Төле би атақты Әнет Бабаға барып сәлем беріпті. Жүзге келген қарт би ел бірлігі, ынтымақ жайында сөз айтып отырса керек. Сонда жас Төле: «Қалай еткенде бірлік болады, оның мәні қандай болмақ?» — деп сұрапты. Бұған би бір топ буылған шыбықты ұсынып, осыны сындырып көрші десе керек. Жас Төле оны олай бір, бұлай бір иіп сындыра алмапты. Мұны көрген қарт би: «Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы», — десе, ол бұл жеке шыбықтарды оп-оңай быртылдатып сындырып беріпті. Әнет Баба жас баладан: «Бұдан не түсіндің?», — деп сұрағанда, Төле: «Мұның мәнісі, ынтымағы, бірлігі бар елді жау да, дау да ала алмайды. Онсыз тірлік жоқ!», — депті. Сонда Әнет Баба: «Дәл таптың, балам! Ел билеу үшін, ең алдымен, ауызбірлік, ынтымақ қажет! Бақ қайда барасың — ынтымаққа барамын дегеннің мәнісі осы — депті.

Топтастыру стратегиясы:

Елші,мәмлегер                     заңгер                       психолог

 

 

 

ақын                                                                                       шешен

 

 

 

саясаткер,қоғам қайраткері               тәрбиеші                ойшыл,ғалым

 

Кітаппен жұмыс:       Төле бидің шешендік сөздерін  оқу,ойларын жеткізу.

 Білімді бекіту:     Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:   Төлебидің шешендік сөздерін,толғауларын оқып келуге беремін.