«БІРЖАН МЕН САРА» АЙТЫСЫ

Сабақтың  тақырыбы :    «БІРЖАН МЕН  САРА»  АЙТЫСЫ     

 Сабақтың мақсаты :

а)   Айтыстың түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә)  тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі :                                  аралас   сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі :                    кітаптар, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс :                    тарих

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген  тапсырманы   сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

                                 б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

«Біржан мен Сара» айтысы — өзінің құрылысы жағынан болсын, көркемдігі жағынан болсын қазақтың ақындар айтысының ішіндегі үздігі.

Біржан мен Сара жайында. Біржан да, Сара да — көпке мәлім, тарихта белгілі адамдар. Біржан сал Қожағұлұлы қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында 1834 жылы туып, сол жерде 1887 жылы қайтыс болған. Бейіті Степняк қаласынын, жанында. Біржан жас шағынан әнге, өлеңге әуестенеді. Өнер жолына түседі. Табиғи талант иесі көп ұзамай-ақ, «әнші, ақын, сал Біржан» деген атаққа ие болады. Ел аралап, ән салып, айтысқа түсіп, ойын көркі, той көркі атанады. Халық Біржанның әнін қатты сүйіп, өнерпаз жас ақын, әншілер оны әннің пірі тұтып, ұстаз деп таниды.

Арқаның ардагер әнші-композиторлары Жарылғапберді, Ақан, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Естай сияқты өнерпаздар Біржанның әншілік мектебінен шыққан.

Біржан көптеген ән шығарды. Оның «Көкшетау», «Жанбота», «Ләйлім шырақ», «Айтпай», «Адасқақ», «Жамбас сипар» сияқты әндері — қазақ музыка мәдениетінің алтын қазынасына қосылған үздік туындылар.

Біржанның басқалардан ерекшелігі — ол жай ақын ғана емес, сонымен бірге әнші де. Оның даңқы әуелде әнмен жайылған. Бірақ, ол тек әнді шығарушы әрі тамаша орындаушы ғана емес, ол әніне лайық сөз өрнегін, бояуын таба білген ақын да. Оның ән мәтіндері мазмұны, көркемдігі жағынан шебер.

«Біржан мен Сара» айтысындағы асқақ, әр сөздердің тұп-тамыры осы қысқа-қысқа ән мәтінінде жатыр.

Кітаппен жұмыс         «Біржан мен Сара» айтысын рөлге бөліп оқиды .

 Топпен  жұмыс:    1- топ: Сараның өз бейнесін,өнерін сипаттаған жеріндегі ақындық шеберлікті көрсетіңдер

                                   2- топ: Сараның «билігі болмаған соң бір басының», «берген соң  тері-терсек ит те алады» деген сөздерінің мәнін ашыңдар.

 Білімді бекіту:     Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. «Біржан мен Сара» айтысында қандай әлеуметтік мәселе көтерілген?
  2. Айтыста екі ақынның әншілік,ақындық,адамгершілік сипаттары қалай көрінген?
  3. Біржан өзін сипаттау үшін қандай көркем сөз  образдарын қолданған?
  4. Жиенқұл айтыста қалай бейнеленген?

Білімді бағалау:   Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:    «Біржан мен Сара» айтысын    оқып келуге беремін.