Жиембет жырау

Сабақтың  тақырыбы :              Жиембет жырау   

Сабақтың мақсаты : а)     Жиембет  жыраудың  еңбектеріне тоқтала отырып, шығармаларының  идеялық мазмұнынын  талдау,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау;

ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі :                    кітаптар,тірек сызбалар т.б

Пәнаралық байланыс :                    тарих

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген  тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

                                б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Жиембет жырау әрі әскербасы, әрі әйгілі ақын болған. Қазақ жерін жаудан қорғауда талай ерлік көрсеткен. Ақын поэзиясынан оның ерлік, өрлік мінезі, ерен батырлығы айқын көрінеді. Жырау өлеңдеріндегі:

Менімен, ханым, ойнаспа,

Менің ерлігімді сұрасаң.

Жолбарыс пенен аюдай,

Өрлігімді сұрасаң,

Жылқыдағы асау тайындай

Беріктігімді сұрасаң

Қарағай мен қайыңдай…—

деген жолдар соған кепіл.

Жиембет алған бетінен қайтпайтын өжет, қайсар жан болған. Хан-әкімдерге бас имеген. Айтарын батыл айтқан, бас кетер деп тіл тартпаған, бүлікшіл, қанішер ханның теріс, жауыздық мінезін әшкерелеген, қаһарынан қорықпаған.

Әмірің қатты Есім хан,              Қанын ішіп қаңбаққа,

Бүлік салып бұйырдың.            Жанын отқа салмаққа…

Басын бер деп батырдың           Хан ие ісің жол емес, —

деп, қалың еліне арқа сүйеген батыр ханға өктем сөйлейді. Жырау бейбіт күнде батырсынған ханның «қалмақтың Бәрі ханы келгенде, соқыр бурыл байталға жайдақ мінгенсің», «тас қалаға жан сақтап»деп бас сауғалаған жүрексіз, қорқақ мінезін әшкерелейді. Сол опасыз хан қылығына зығырданы қайнай, ызалы үн көтереді. «Арқаға қарай көшермін, алашыма ұран десермін, ат құйрығын кесермін» деп қайсар мінезінен батыр еш қайтпайды.

Кітаппен жұмыс: Кітаптан « Қол-аяғым бұғауда » өлеңін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

 Білімді бекіту:     Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:        Жиембет   жыраудың  шығармаларын      оқып келуге беремін.