Тереңдете оқитын сыныптар үшін билеттер (ІХ сынып)

Тереңдете оқитын сыныптар үшін билеттер     (ІХ сынып)

 

 

І. 1. Ауыз әдебиеті туралы түсінік.

  1. Бұқар жырау Қалқаманұлы,өмір жолы.
  2. Қабағы тастай түйілген,

      Лашын құстай шүйілген,

     Жеңсіз берен киінген

    Жалғыз қара көрінді.

Өлең жолдарында қандай көркемдік тәсіл қолданылған?

ІІ. 1. Мақал-мәтел деген не?

  1. Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы.
  2. От орнындай тұяқтан

         Оймақтай-ақ қалыпты.

         Етектейін еріннен

        Екі елісі қалыпты.

Көркемдік тәсілдің қай түрі бар?

ІІІ. 1. Абай өмірі,шығармашылығы.

  1. Күлтегін жырынан үзінді оқы.
  2. Атам қалды дейтұғын

          Өзімнен қалған бала жқ.

         Балам қалды дейтұғын

         Атам менен анам жоқ.

        Бауырым қалды дейтұғын

       Ағам менен інім жоқ.

Өлең неше тармақтан,неше буыннан тұр? Ұйқас түрін анықта.

  1. IV. Ертегілер.Ертегінің аңыз әңгімеден айырмашылығы неде?

2.Жүсіпбек Аймауытұлының өмір жолы,өскен ортасы туралы айт.

  1. Сұр бұлт түсі суық қатпайды аспан,

         Күз болып,дымқыл тұман жерді басқан.

Мұнда көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?

  1. 1. Ахмет Иассауидің өмірі,еңбектеріне шолу.
  2. Тұрмыс-салт жырлары.
  3. Аспанның аясында ән шалқытқан,

        Бұлбұлмын даусы көкте дамылдаған …

       Тұлпармын топтан озған,тосырқаман,

      Шаршы топ,шаршы өрім жоқ шабылмаған …

  1. 1. Аңыз әңгімелер.
  2. Соқ жігіт! Соқ! Соқ! Жігіт! Күйіңді тарт!

          Тоқтатпа, «Тарт!» дегенім – қылғаным шарт.

         Толғауы тоқсан күйдің бір-ақ күй бар.

        Сылқылдат! Бастыр! Бастыр! Қадалт! Қадалт!

Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған.

VII. 1. Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні.

  1. Мұқағалидың «Райымбек,Райымбек» поэмасынан үзінді оқы.
  2. Не керек,қалды кейін сүйген сәуле,

           Сондықтан теңіз – түрсіз,тау – құр кеуде.

           Сондықтан жәудіреп тау,толқын теңіз,

          Құрғырлар,қылмаңдаршы көңілімді әуре.

Өлең неше тармақтан тұр? Ұйқас түрін анықта.

VIII. 1. Жамбылдың өмірі,шығармашылығы.

  1. «Ер Тарғын» жырындағы Ақжүніс бейнесі.
  2. Қыз емес,мынау тұрған қорқау сырттан,

             Құтылар күн бар ма екен бұл қырсықтан.

            Қыз емес,мұз ғой түсі қарауытқан,

           Қай жері қызықтырып бой жылытқан?

Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?

ІХ. 1. Сұлтанмахмұт өмірі,шығармашылығы.

  1. Ертегілер,оның түрлері.
  2. Ызғытып,өлке өрлетіп,баяулатып,

          Соқтырып кейде боран,дауылдатып,

         Көңілдің асқарынан тұманды айдап,

        Артынан нөсерлетіп,жауындатып …

Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?

Х. 1. Махамбет өлеңдеріндегі Исатай бейнесі.

  1. Бұқар жырау Қалқаманұлы. «Бірінші тілек тілеңіз» өлеңін жатқа оқы.
  2. Не сыйласын,несін берсін ел маған?!

        Тұрсақ екен елім де аман,мен де аман.

       Таулар – менің таусылмайтын бақытым,

      Ал ырысым – ұлан-ғайыр кең далам.

Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?

ХІ. 1. Жиембет жыраудың бір өлеңін жатқа оқы.

  1. Ыбырай Алтынсарин – шағын әңгіме шебері. (Әңгімелеріне шолу).
  2. Е, мына қыпша бел,сұңғақ бойлы,қызыл шырайлы,торғылт келіншек шынар болар. (Ғ.Мүсірепов).Сөйлемде көркемдік тәсілдің қай түрі бар?

ХІІ. 1. Абайдың бір өлеңін жатқа оқы.

  1. Ақтамберді жырау,өмір сүрген кезеңі.
  2. Хамит – ұзынша бойлы,жауырынды,тіп-тік сұр жігіт.Қырша мұрынды,шүңіректеу қара кер тобылғы көзді,қырқып жүретін сақалы,мұрты бар.жасы 25-26-лар шамасында.Үстінде мұздай қазақша киім.

Үзіндіде көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?

ХІІІ. 1. Ыбырай Алтынсариннің аудармалары.

  1. Ілияс Жансүгіровтың өмірі,шығармашылығы.
  2. Ол жауына оқтай қадалды.Мен оның күндей күлген жүзіне қызыға қарадым.

Сөйлемдерде көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?

ХІV. 1. Шешендік сөздер түрлері.

  1. Махамбет Өтемісұлының балалық,жастық шағы.
  2. Таңдырып ап маңдайын,

            Тағы көйлек сұрап жүр.

           Бақты кезіп тал-қайың,

          Жалаң аяқ жылап жүр.

ХV. 1. мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңін жатқа оқы.

  1. «Қыз Жібек» жырындағы Жібек бейнесі.
  2. Күн шайдай ашық,жылы еді.Аспанда бұлт жоқ.Жел де жоқ.Айнала қалың иірім-иірім орман.Бойлап,таласа,жарыса шыққан қайың мен қарағай …

Көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?

ХVI. 1. Ілиястың «Күйші» поэмасынан үзінді оқы.

  1. Ертегінің аңыз әңгімеден айырмашылығы.
  2. Әсемпаз болма әрнеге,

            Өнерпаз болсаң арқалан.

            Сен де бір кірпіш дүниеге,

           Кетігін тап та,бар,қалан.

Шумақта қандай ұйқас түрі қолданылған?

ХVII. 1. Шыңғыс Айтыматовтың өмірі,шығармашылығына шолу.

  1. Мақал-мәтелдердің тақырыптары.
  2. От орнындай тұяқтан

              Оймақтай-ақ қалыпты.

             Етектейін еріннен

            Екі елісі қалыпты.

Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?

 

ХVIII. 1. Бұқар жырау Қалқаманұлы. «Бірінші тілек тілеңізді» жатқа оқы.

  1. Ғабит Мүсірепов – сөз зергері.
  2. Домбыра,сенде мін бар ма,

              Мінсіз болсаң – тіл бар ма?

             Тіл жоқ деуге бола ма

            Тілден анық үн барда.

              Домбыраның күші мол

             Көмейінде күй барда.

Ұйқас деген не? Өлеңдегі ұйқастың түрін анықта.

ХІХ. 1. Абайдың табиғат лирикасы.

  1. Жұмбақтар,оның тәрбиелік мәні неде?
  2. Күй,сені тәтті көрем жаным сүйіп,

            Тыңдаймын тыным алмай жаным күйіп.

           Өмірдің сырын ашып жүрегіме,

           Музаның әміріне басымды иіп.

Ұйқас деген не,бұл шумақ қай ұйқасқа жатады?

ХХ. 1. Аңыз әңгімелердің ертегіден айырмашылығы неде?

  1. Мағжанның «Түркістан» өлеңінен үзінді оқы.
  2. Сонда Бурыл гуледі,

            Табаны жерге тимеді.

           Көлденең жатқан көк тасты

          Тіктеп тиген тұяғы

          Саз балшықтай иледі…

Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?

ХХІ. 1. Ілияс Еснберлиннің өмірі,шығармашылығы.

  1. Абайдың «Ескендір» дастаны,көркемдік ерекшелігі.
  2. Қар – аппақ,бүркіт – қара,түлкі – қызыл,

            Ұқсайды қаса сұлу  шомылғанға…

Осы өлең жолдарында көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?

ХХІІ. 1. «Біржан мен Сара» айтысында қандай әлеуметтік мәселе көтерілген?

  1. Мұқағалидың «Райымбек,Райымбек» поэмасынан үзінді оқы.
  2. Балалық өлді,білдің бе,

              Жігіттікке келдің бе?

             Жігіттік өтті,көрдің бе,

            Кәрілікке көндің бе? (Абай).

Өлең қандай әдіспен жазылған? Буын санын анықта.

ХХІІІ. 1. Мұқағалидың өмірі,шығармашылығы.

  1. Асан қайғы – халық қамқоры.
  2. Жоғары ерні көк тіреп,

               Төменгі ерні жер тіреп…

              Ұмтылғанда қысылып,

             Бес жүз құлаш жазылды?

Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?

ХХІV. 1. Ежелгі дәуір әдебиеті Күлтегін жырлары қайдан табылған?

  1. Мұқағали – сыршыл ақын.
  2. Шырқ айналар шіркін тауық

               Жемің болса қолыңда

              Қайдағысы сені тауып,

             Топырлайды жолыңда…

Өлеңде көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?

ХХV. 1. Ілияс Жансүгіровтың өмірі,шығармашылығы.

  1. Төле би Әлібекұлының өмір сүрген кезеңі.
  2. Жел,құйын,ағын,бәйге көк,

             Ұшқыр құс,құмай,атқан оқ.

            Бәрі де жүйрік өзінше,

           Көңілден бірақ  жүйрік жоқ.

Өлеңде көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған.