Ш.Мұртаза «Жүз жылдық жара» әңгімесіндегі кейіпкерлер

Пән мұғалімі: Ахметова Салтанат

Сыныбы: 7

Пәні:Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Ш.Мұртаза «Жүз жылдық жара» әңгімесіндегі кейіпкерлер

Мақсаты: Ш.Мұртаза «Жүз жылдық жара» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесін ашу,талдау,кие құдіретін  ұғындыру.

Міндеті:

  1. «Жүз жылдық жара» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесін таниды, талдайды.
  2. Кие құдіретін ұғынады.
  3. Сыни тұрғыда ойлана отырып, әңгіме мазмұнын түсінеді, жазушының идеясын ұғады.

Күтілетін нәтиже: «Жүз жылдық жара» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесін таниды, талдайды, тақырыбы мен идеясын аша алады.Бір- бірінің пікірін тыңдап, топта бірлесіп жұмыс жасайды.Сыни тұрғыдан ойланып әңгімеден түйген ойларын ортаға салып, еркін пікірлеседі.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер: сергіту сәті, «Интервью», «Дейін- кейін» , «Ойлан, жұптас, түсіндір», «Ойлана білеміз бе?», РАФТ , «Жуан- жіңішке»сұрақтар

Дерек көздер мен ресурстар: интербелсенді тақта, слайд, стикер, кестелер, сызбалар, табыс критерийі, кері байланыс парағы

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақ жоспары:

І. Қызығушылығын ояту

  1. Ұйымдастыру кезеңі

А) сергіту сәті

Ә)Топқа бөлу

  1. Үй тапсырмасын сұрау

ІІ. Мағынаны ашу

  1. Жаңа сабаққа кіріспе
  2. Жаңа сабақ
  3. Жаңа сабақты бекіту

ІІІ.Ойтолғаныс

  1. Қорытындылау
  2. Бағалау
  3. Кері байланыс
  4. Үй тапсырмасын беру

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеймін.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын. Сергіту сәті.

Тақтаға табыс критерийін іліп таныстырамын.

Оқушылар сергіту сәтіне қатысады, топқа бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үй жұмысын оқушылар бір- бірінен «Интервью» әдісі арқылы сұрайды.Жауап берген оқушыны смайликтер арқылы бағалап отырамын. Оқушылар өздері үйле салып келген сурет бойынша әңгімелейді.

ІІІ.Жаңа сабаққа кіріспе.

Тақтаға «Дейін- кейін» кестесін ілемін. Оқушылар ойланып, ойларын ортаға салып, кестенің «дейін» жағына білетіндерін стикерге жазып жабыстырады.

ІҮ. Жаңа сабақ.

«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі арқылы әр топқа тапсырмалар беріледі.

І топ: Кенжекүл кемпір мен Ахмет бейнесі

ІІ топ: Жуанқұл бейнесі

ІІІ топ: Дадабай жіне Қабасақал бейнесі

Ү. Жаңа сабақты бекіту.

«Ойлан, жұптас, түсіндір» әдісі

1 топ:Семантикалық карта толтыру

Шығармадан үзіндіКенжекүлЖуанқұлСәрсенкүлҚабасақал
-Аттан, Ахмет, аттан! Германмен соғысып, аяғыңды аямағанда, енді саудагер Дадабай мен имансыз Жуанқұлдан қорқасың ба?    
Бәрі өзімнен болды. Ешкімге налам жоқ.Тек тілегім менің төсегімді Байшынар көрінетін терезенің тұсына салып беріңдер    
 

О, алып қой мынау! Мұны қайтіп ұүлатамыз?Құлатқанның өзінде қайтіп кесектейміз? Бір колхоз жиналмаса, біз тындыратын шаруа емес.

 

 

    
 

Е,көзі үлкен болса мерген болмай ма екен?

Қорқақ болса бізге неге қоқаңдайды, қараң қалғыр?

 

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ топ: Концептуалдық кесте (кейіпкерлерге баға беру)

КейіпкерлерӨмірге қызығушылығыАдамгершілік қасиетіКейіпкерлерге баға
Кенжекүл

 

   
Ахмет

 

   
Жуанқұл

 

   
Қарасақал

 

   
Дадабай

 

   

 

ІІІ топ: РАФТ әдісі бойынша өзіне ұнаған кейіпкерге хат жазу

РөлАудиторияФорматТақырып
оқушыШерханХат, өлең, т.б 
 Жуанқұл  
 Кенжекүл  
 Ахмет  

 

Оқушылар жеке оқиды, түсінгенін жазады, топта жұптасып талқылайды.

Ортаға шығып басқа оқушыларға түсіндіреді

ҮІ .Қорытындылау

«Дейін- кейін» әдісі

«Ойлана білеміз бе?» Тақтадағы кестенің «кейін» деген жағын бүгінгі сабақтан соң тақырыпқа байланысты не білгендерін жабыстыруын айтамын.

Топтар бір- біріне «Жуан- жіңішке» сұрақтар қояды.

ҮІІ. Бағалау.

Формативті, табыс критерийлері арқылы өзін-өзі бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру.

Өз ауылыңның табиғаты мен адам тіршілігін байланыстырып, шағын эссе жазыңдар