Батырлар жыры. «Қобыланды батыр» жыры

Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры.  «Қобыланды батыр» жыры Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға батырлар жыры, олардың өзге жырлардан
айырмашылығы, «Қобыланды батыр» жыры жайлы толық түрде түсінік беру..

ә) дамытушылық: ой — өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шебер-лігі, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу.

б)  тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге,
адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, бекіту, қорытындылау, бағалау, сөздікпен жү_мыс.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бүктеме, бейнелі суреттер, реферат.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: кіріспе, үйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың барысы:

а)  Үйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Кезекші мәлімдемесі.

б) Журнал бойынша түгелдеу.

ә) Үй тапсырмасын сү_рау. 1  Сөз қүдіреті жайлы сүраймын.

  1. Қосымша сүрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылай-мың
  2. Окушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Батырлар жыры — көлемі жағынан да, мазмұн-мәні жағынан да қазақ фольклорында ауқымды орын алатын аса көрікті жанрлардың бірі.

Батырлар жырының басты тақырыбы — ерлік, батырлық, елді сыртқы жаулардан қорғау. Елді, жерді сүю, Отан қорғау мөселесі — кай жырдың болмасын алтын арқауы. Онда ел басынан өткен елеулі оқиғалар нақты бейнеленбегенмен де, тарихи кезеңдердің табы айқын байқалып отырады. Елдің әрідегі ескілігін жырға қосатын көне әпостарда («Құламерген», «Жоямерген», «Дотан батыр», «Қүбығүл», т. б.) тарихи оқиғалар тым көмескі тартып, киял-ғажайыптық сипат басым болса, одан беріректе туған қаһармандык әпостарда («Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Едіге», «Қамбар», т. б.) тарихи оқиғалар сілемі нақтырақ көрініс береді. Ал аты мәлім тарихи түлғаларды (Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Кенесары, Наурызбай, Ағыбай, Есет, Жанқожа, т. б.) жырға қосатын шығармаларда тарихи деректілік тіптен басым. Яғни батырлар жыры — елдің азаттықка ұмтылган күрес жолының ерлік шежіресі. Халықтың елге қорған болған айбынды адал үлдарына созден соққан ескерткіші.

Батырлар жыры елдің сан ғасырлық тарихын, ерлік дәстүрін, кезеңдік оқигаларға деген халық бағасын, алдан күткен үміті мен аңсар-мұратын көркем жинақтап бейнелейді. Ол тарихтың салқар кешінде жиі қайталанатын соғыстар мен шайқастардың жылнамасы емес, ел есінде ерекше қалган елеулі оқиғаларды жинақтай бейнелейтін көркем туынды. Халықтың оны ерекше қастерлеп, сүйсіне жырлап, ұрпақтан үрпақка мұра етуінің тағы бір сыры ондағы отаншылдык идеяның ерекше асқақтығында. Халықтың арман-мұңының үнемі алдыңғы ксзекте түратындығында.

Батырлар жырын фольклордың басқа әпикалық жанрларынан өзгешелейтін өзіне төн белгілері бар.

Ең алдымен оның басты каһарманы — батыр. Батырлар жырының барлығында ол әдеттен тыс жағдайда дүниеге келеді. Бір балага зар болған ата-анасы оны тәңіріден тілеп


алады. Ғайыптан туған ол жастайынан алып күштің иесі және тез ер жетеді. Алғашкы ерлігін өзіне жар таңдау сапарында көрсетеді. Оның жары да өзіне сай ер мінезді, ақыл-парасатка бай, сезімтал, айнымас жолдас болып келеді. Жырда батырмен ажырамастай бірлікте сипатталатын бейненің бірі — оның аты. «Ат — ердің қанаты» деген нақылға берік халық жырларында ат -батырдьщ ең жақын серігі. Батырдың аты жырда ерекше әсірелене суреттеледі. Ол «алты ай жорытса арымайтын» жауга мінетін тұлпар ғана емес, қысылған жерде батырға ес қосатын ақыл иесі болып көрінеді. Сол сияқты батырлар жырында «Қобыланды сонда сөйлейді, сейлегенде бүй дейді», «Қорамсаққа қол салды, бір салғанда мол салды» деген сияқты түрақты кайталаулар болады.

Батырлар жырының сюжеттік желісі батырдың балалық шағынан басталып, түрлі жорықтарын, ерлік істерін баяндайтын қызгылықты оқиғаларға қүрылады. Олардың жаумен шайқасы аса тартысты, жау батырлары кейде оның өзінен де кайратты болып келеді. Бірақ азаттық, әділдік жолындағы батыр күресі әрқашан жеңіспен аяқталады. Жыр ағымымен келетін батырлық әпостардың тілі аса көркем, айшықты шектен тыс кішірейтіп суреттейтін әсірелеулер мол. Батырлар жырын жыршылар сазды мақаммен апталап жырлайтын болған. Қазақ батырлар жырының ішінде «Алпамыс», «Қобыланды» сияқты жеке жырлармен қоса, «Қырымньщ қырық батыры» сияқты батыр үрпақтарын бірінен-бірін туындата жырлайтын циклді жырлар да бар. Мүндай жырларды жыраулар күнді-күнге, таңды-таңға үрып жырлайтыи болған, ондай жырлардың әлемдік үлгісі -қырғыз халқының «Манас» әпосы. Оны манасшылар айлар бойына тынбай жырлаған. Халық арасында батырлар жырын айтуды өнер түтқан талантты адамдар көп болған. Оларды «жыршы» деп атап халық ерекше қүрметтеген. Бүгінгі сендер сүйсіне оқып жүрген батырлар жырының нүхкалары Марабай, Мүрын Сеңгірбайүлы, Майкөт Сандыбайүлы, Сүлтанқүл Аккожаев, Әбдірайым Байтүрсынов, Рахмет Мөзқожаев сияқты жыршылардан жазылып алынган қастерлі мүралар.

Батырлар жырының өзгешелігі, композициялық қүрылысы жайлы әңгемелеп болғаннан кейін қосымша сүрақтар қоямын.

  1. Ертегілер мен батырлар жырларын салыстырыңдар, қандай

айырмашылықтар байқайсыңдар? 2. Батырлар жырында ерлік, батырлық, ел қорғау мәселесінін, алдыңғы кезекте болатындығы неліктен деп ойлайсыңдар? 3. Батырлар жырына тән сипаттар қандай? 4. Ба-тырлар жырының кейіпкеріне айналған қандай тарихи тұлгаларды білесіңдер? Олар тарихта қандай ерліктер көрсеткен?

Міне осы сүрақтарға жауап алып болған соң, «Қобыланды батыр» жырының жалпы мазмүны жайлы түсіндіремін.

Сабақтың қорытындысы.

а) Сабақ соңында сүрақ қою арқылы қорытындылаймын.

ә) Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б) Үйге тапсырма: «Қобыланды батыр» жырын оқып келу.