«Алпамыс батыр» жыры, оның композициялық қүрылысы жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.

Сабақтың тақырыбы:«Алпамыс батыр» жыры. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға «Алпамыс батыр» жыры, оның композициялық
қүрылысы жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымы-мен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсрмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіті, бағалау, қорытындылау,

Сабақтың барысы:


а) ¥йымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабақка дайындык.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. «Қобыланды батыр» жырының жазылуы жайлы сүраймын.
  2. Жырдың жалпы мазмүны жайлы сүраймын.
  3. Қосымша сүрақтар қою аркылы өткен тақырыпты корытындылаймын
  4. Окушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Алпамыс батыр» жырының композициялық құрылысы» жайлы түсіндіремін.

«Алпамыс батыр» жырының оқиғасы ерте дәуірде туған. Халық түсінігінің, салт-санасының сртеректегі кезінен хабар беретін Байбөрі мен Сарыбайдың достығы, жас күніндегі ежеқабыл, араздасып айырыла көшуі, Алпамыстың Гүлбаршынды іздеуі— қазақтың көптеген ертегілері мен дастандарында жиі кездесетін оқиғалар.

М.Әуезов осы жыр жөнінде: «Алпамыс батыр әңгімесі бүл жағынан қарағанда, нағыз қазақ елінің ескілігі болады. Бүл—берірек келген заманның туындысы. әбден қалыптасқан қазақ бірлігінің әңгімесі. Алпамыс әңгімесіне келгенде ғана біз елдің салт-санасын көргендей боламыз. Бүгінгі қазаққа таныс, жақын болған әдет-ғүрыпты көреміз. Екі байдың достығы, достық үстіндегі ежеқабыл, той, көкпары, жылқышы суреті, бәйгеге ат қосу, қайын ата мен қайын енені қадірлеу, барлығы да қазақ иісін білдіреді. Алпамыс әңгімесінің бүрыңғы әңгімелерден бөлек бағасы осы жерінде».

«Алпамыс батыр» жырын зерттеген В.М.Жирмунский бүл жырды Гомердің «Одиссеясына» ұқсатады. Бұның өзі ортақ сюжет батыстан шығысқа келген бе немесе шығыстан батысқа көшкен бе деген сауалды тудырады. «Алпамыс жырының» «Манас», «Қобыланды батыр», «Қозы-Көрпеш—Баян сүлу» жырларына оқиға, баяндау, суреттеу т.б. үдсастықтарын анықтасақ, әрі жырдағы айтылар жайттардың, салт-сана, түсініктің қазіргі қазақ, қыргыз, өзбек, т.б. түркі тектес халықтарда сақталғанын ескерсек, жырдың иесі қазақ әдебиеті екенін мойындаймыз. Бү_дан шығатын қорытынды дала мәдениетінің, әдебиетінің әлементтері, оқиға желісі, мазмүны батыс әдебиетіне де игі әсер еткен. Сабақтың қорытындысы:

І.Сабақ соңында сүрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  2. Үйге тапсырма: «Алпамыс батыр» жырын оқып, мазмүнын әңгімелеу.