«Алпамыс батыр» жырындағы кейіпкерлер

Сабақтың тақырыбы:   «Алпамыс батыр» жырындағы кейіпкерлер Сабақтың мақсаты:

а)білімділік: жырдың мазмүны мен идеясын игерте отырып, «Алпамыс батыр» жырындағы Алпамыс бейнесін сыни түрғыда талдау арқылы жан-жакты ашу, меңгерту. Ол бейненің халықтың алып қуатының, қажымас қайратының, сарқылмас күшінің көркі екендігін дәлелдеу.

ә) дамытушылық : топпен жүмыс негізінде Алпамыс бейнесіне тән қасиеттерді саралай талдата отырып, окушылардың сын түрғысынан ойлауын дамыту, олардың көркем сөйлеу мен көрксм жазу шығармашылығын арттыру.

б) тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, батырлыққа тән қасиеттерге баулу. Өз Отанын, туған елін сүйіп, қүрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: талдау Сабақта қолданылатын стратегиялар:

1)  «Сын түрғысынан ойлау» бағдарламасы бойынша

а) Ой қозғау
ә)Тоитастыру

б)   Қарама-қарсы әлементтер

2) «Оқушылардың көркем сөйлеу мен жазу шығармашылығын дамыту» бағдарламасы
бойынша

а)  Ғьглыми талдау

3) Тумалы бейне

б)  Түйінді сөздер


в) Дыбыстар сөйлейді

Сабақтың жабдықталуы, көрнекілігі: «Алпамыс батыр» бейнесі салынған плакат, нақыл сөздер жазылған плакаттар, магнитофон, касета, сыбызғы, ақ қағаздар, маркерлер. Пәнаралық байланыс: тарих, әуез өнері, бейнелеу өнері. Сабақтың барысы:

  1. Үйымдастыру кезеңі.

а)  Сәлемдесу.

ә) Кезекші мәлімдемесі.

б)  Журнал бойынша түгелдеу.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

а)»Алпамыс батыр» жырының жалпы мазмұны жайлы сұрау.

ә) Сүрақ қою арқылы оқушылардың білімін тексеру. 3) Жаңа сабақты түсіндіру.

Алпамыс батыр. Қазақ елі өз арманындағы ердің, батырдың образын бір Алпамысқа біріктіре сомдаған. Алпамыстың бар күш-қуаты Отанына арналады. Алпамыстың әке-шешесі оны сонша тілеп барып, аңсап көреді. Алпамыс ерекше күшті болып өседі. Оның бірінші ерлігі кемпір айтқан «Алсайшы Гүлбаршынды, қу жүгермек» деген сөзінен соң, қалың-дығын іздеп шыққанда көрінеді. Гүлбаршынды алмақ болып, Сарыбай ауылын қамап жатқан қалмақты шабады. Демек, Алпамыс—сүйгені үшін еш нәрседен шошымас, ғашықтық үшін басын тіккен жан. Гүлбаршынды алып еліне келсе, өз жүртын тайшық хан шауып, мал-мүлкін алып кетіпті. Тайшық та Алпамыстың келерінде түс көріп, сезіп сасады. Бұдан Алпамыс атағы алыс кеткен батыр екені білінеді. «Батыр аңғал» дегендей жолда Тайшық жіберген мыстан кемпір сөзіне алданып арақ ішіп, қапыда жау қолына түседі. Осы кезде Алпамыстың айрықша қасиеттері көрінеді.

Зынданда жатқан Алпамысқа Қаракөзайымдай Тайшықтың қызы ғашық болады. Қойшы Кейқуаттың сырнай тартар өнері аркылы, Қаракөзайымның көмегімен, сырнай тартар өнері арқылы бостандыққа шығады.

Туған еліне келген Алпамыс қорлықта жүрген ата-анасын, қарындасын көріп егіледі. Осыдан оның адамдық қасиеті, нәзік жүрегі көрінеді.

Жары. Тұлпары. Алпамысты шын сүйетін, атастырған ата салтын қадірлейтін жан— Гүлбаршын. Ол Қарамандай батыр келіп әкетем дегенде көнбейді. Ұлтандай қүл алам дегенде бармайды. өйткені ол—адамдықтың символы. Бар өмірін жарына арнаған адал жолдас екенін танытады.

Шұбар жай ат емес, ол мыстанның арам екенін біліп мінгізбейді. Тайшық хан ұанша қинаса да, Байшұбар ешкімді жанына жолатпайды. Байшүбар—Алпамыстай ерге лайық ат.

Қараман—Алпамыстың майданда жолықтырған, жауды ерлікпен жеңіп, достығын мойындаткан батыр. Қараман ерлікті ғана бағалайтын, Алпамыс үшін мұсылман дініне кірген, сол жолда баласы мен түлпарын қүрбандыққа шалып, достыққа адалдығын танытқан ер екенін көрсетеді.

Жырдағы Кейқуат қарапайым қойшы бола түра Алпамыстың ер екенін танып, көмектесіп кейін хан орнына хан болады.

Қаракөзайым—Алпамысқа ғашық болған, Тайшық ханның жаулықтан махаббатты биік қойған, сол жолда бәрін құрбан еткен сүлу қыз.

¥лтан—бүған дейінгі жырларда кездеспеген ерекше бейне. Ол—бар зүлымдығын жауға емес, өз туғанына жүмсаған, асырап алған әкесі Байбөріге Алпамыс жоқта түйе бақтырып, Құлтайды қойға жұмсап, Алпамыстың баласы Жәдігерді аяқ-қолын кісендеп қозы бақтырып, Аналықты күң етіп, Гүлбаршынды алмақшы болған жат бауыр жан. Ол—іштен шыққан жау.

Мыстан—жаман қасиетерді бойына лшнаған, ел жиіркенер бейне. «Қабағы тырысқан, көрінгенмен үрысқан, тізесіне шекпені жетпеген, басынан жаманшылық кетпеген, бір ширек бойы бар, адам таппас ойы бар»—деп жырлаушы оны жек көре, үнатпай суретейді.

Залым мыстан Алпамысты күшпен емес, аярлықпен тәтті сөйлеп, алдап қолға түсіреді. Бірақ бәрібір соңында ит өліммен өледі.


Қызығушылықты ояту:— «Ой қозғау» стратегиясы.

Ердің бағын ашпаса, Ер мұратқа жетер ме?! Ерінің сағын сындырса,

Ел мүратка жетер ме?! — деп Әйтеке би айтқандай, елін, жерін жаудан қорғап, еліне бостандық. бірлік сыйлаған батырлардың бірі — Алпамыс.

«Топтастыру» стратегиясы бойынша Алпамыс батырға сипаттама беру.

Батыр

Нәзік жүректі жан                                               Арлы

Алпамыс

Өнерлі                                     Айлалы                    Аңгал

  1. II. Мағынаны таныту

Сынып 5 топқа бөлінеді. Әр топқа Алпамыс бейнесін талдату тапсырмалары беріледі.

1)  «Ғылыми талдау» стратегиясы

I топ — Алпамыстың батырлығы

II  топ — Арлы батыр

  • топ — Аңғалдық — батырға тән касиеттің бірі
  • топ -Айлалы, өнерлі жан

V топ — Нәзік жүректі жан

Әр топ Алпамыска тән осы қасиеттерді пікірлесе отырып, ғылыми тұрғыда талдап шығады.

  • «Тумалы бейне» стратегиясы IV топтың окушылары Алпамыстың өнерлі
    екендігін «Тумалы бейне» стратегиясы арқылы «Күйдің қүдіреті» атты көрініспен дәлелдеп
    шығады.
  • «Түйінді сөздер» стратегиясы

Ғылыми талдаудан кейін әр топ оқушыларынан өз таңдауларындағы ең түйінді сөздерді атауларын талап етемін. Мысалы:

I топ — батырлық

II  топ — арлылық                           III топ — аңғалдық
IV топ — өнерпаздык                     V топ — мейірімділік

Алдымен бүл сөздерді «Топтастыру» әдісі бойынша сипаттап жазады. Кейіннен сипаттамадағысөздердібайланыстыра отырып, (бір-екеуін қолданса да болады), сол сөздердің ой түжырымын жазады. Мысалы:

Ержүректілік

Отаншылдық                      Батырлық         Намысшылдык

Ер адамға тән қасиет                                         Мейірімділік

Батырлык — ержүректіліктен туған ер адамға тән қасиет.

4)  «Қарама-қарсы әлементтер» стратегиясы

Тақтада «Алпамыс — досқа берік, жауға- мейірімсіз батыр» жазуына назар аударайық.
Жырдағы Алпамыс бейнесі ондағы кейіпксрлер істерінен өрбіп отырады. Сондықтан сол
кейіпкерлерді Қарама-қарсы әлементтер» стратегиясы аркылы бейнелейік.
Дос                                                                 Жау

Гүлбаршын                                     Мыстан кемпір

Қаракөзайым                          .       Таймас

Кейқуат                                          Тайшықхан

Қараман                                           Үлтан

Байшүбар

Жақсылық                                       Жамандық


Қайырымды                                     Қайырымсыз

Шыншыл                                         Алдампаз

III. ()й-толганыс «Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы

А—   айлалы Л~   лапылдаған П—   патриот А — арлы

М~—махаббатқа берік Ы~ ынталы С— саналы

Міне, осы сөздерден-ақ Алпамыстың кандай батыр екендігі көрініп тұр, бейнесі ашылып түр. Олай болса, батырлыкқа тән осы қасиеттер біздің, яғни Казақстан үрпақтарының бойынан табыла берсе екен деген тілек туады. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жылдан-жылға гүлденіп келеді. Осы бейбітшілік өмірді бізге әперген еліміздің алып батырлары емес пе? Кәне, сол батырларды атап жіберейікші. ІҮ. Сабақтың қорытындысы:

Ақсұңкар ұшар жем үшін,               Тоқтай алмай барамын,

Туады ерлер ел үшін.                      Ағайын-туған ел үшін, — демекші, елімізді, жерімізді

қорғаған батырлар әрқашан өз Отаны үшін кандай қиыншылық болса да жауға карсы түра алады. Біз де сол батырлар сиякты өз Отанымызды қорғайық, гүлдендірейік! Ү. Үйге тапсырма

«Туады ерлер ел үшін» тақырыбына ой-толғау жазу. ҮІ. Оқушылар білімін бағалау.