Дулат Бабатайұлы «О,Ақтан жас, Ақтан жас…»

Сабақтың тақырыбы: Дулат Бабатайұлы «О,Ақтан жас, Ақтан жас…» Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға Дулат Бабатайүлының өмірі, «О, Ақтан жас, Ақтан
жас» өлеңі жайлы толық түрде мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсрмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіті, бағалау, қорытындылау,

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.


  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабақка дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. «Күлтегін» жырының мазмұны жайлы сұраймын.
  2. Қосымша сұрақтар қойып, өткен тақырыпты қорытындылаймын
  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Дулат Бабатайлының өмірі, шығармашылығы «О, Актан жас, Ақтан жас…» өлеңі жайлы түсіндіремін.

Қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті түлғалардың бірі Дулат Бабатайүлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында туады. Ауыл молдасынан оқып, мүсылманша сауат ашады. Алайда, ақындық өнерді ерекше қастерлеген аймақта өмір сүрген, көне ақын, жыраулар мүрасынан, ескі тарихи аңыздар мен әпикалық жырлардан нәр алып өскен Дулат оз заманындағы аса зерделі адамдардың бірі болды. Өнер жолына ерте түскен Дулат XIX ғасырдың орта шенінде Сарыаркадағы ең атакты ақындардың санатына қосылды. Өмірінің соңғы күндеріне дейін үлкен қүрметке, даңққа бөленіп өткен ақын 1874 жылы өз елінде қайтыс болады.

Бүқар мен Ақтамберді жырауларды үстаз түтқан, көне түркі поәзиясынан тағылым алған, өлеңді суырып салып та, жазып та шығарған Дулат казақ поәзиясын мазмұн, тақырып жағынан барынша байыта түсті, түр, көркемдік тәсілдер тұрғысынан жаңа сатыға көтерді. Ақынның терең мағыналы өлеңдері үлы Абайға да әсер етті.

О, Ақтан жас, Ақтан жас… О, Ақтан жас, Ақтан жас, Сен де жетер ме екенсің? Жетімдіктің белінен Асып өтер ме екенсің? Жарық сәуле көре алмай, Ел шаңына ере алмай, Сол бойы кетер ме екенсің? Жапанға біткен жапырақ Жамылсаң тоңар ма екенсің? Жазғы шыққан бүлдірген Сұғынсаң тояр ма екенсің? Күрек тісін қасқайтып Сүлу сүйер ме екенсің? Бадана көз, тоғыз тор Сауыт киер ме екенсің?..

Сабақтың қорытындысы: 1 .Сабақ соңында сүрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытынды-лаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  2. Үйге тапсырма: Дулат Бабатайулының «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңін
    мәнерлеп оқып келу.