Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

1  деңгей мұғалімі : Жанатаева Ж.А

Мерзімі 10.11. 2014
Сабақтың тақырыбы Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Сабақтың мақсаты Бағалау мақсатын зерделеу және оны оқу үрдесін жетілдіру үшін қолдану
Сабақтың негізгі идеясы Критерийлерді талқылау, кері байланыс және баға қою жөніндегі түсініктеме беру, өзара және өзін-өзі бағалау т.б әдістермен таныстыру.
Оқудан күтілетін нәтижелер Оқыту үшін бағалау үдерісінің мәнін және оны сынып тәжірибесінде қолдану әдістемесін білу.
Сабаққа тартылған әріптестер Барлық пәннің мұғалімдері
Оқытудағы әдіс-тәсілдер СТО, Миға шабуыл, Кері байланыс, сергіту сәті, формативті бағалау, «Серпілген сауал» әдісі
Коучинг кезінде орындалатын тапсырмалар v  Мәселерді түсіну үшін теориялық құрылымға көңіл бөліп түсінік беру.

v  Сыни тұрғыдан ойлану тренингісін жүргізу

v  Тақырыптық постер шығару

Ресурстар Нұсқаулықтар, стикерлер, қағаз, сергіту жаттығулары.
  1. Ұйымдастыру кезеңі – 2 минут
Коучингтің тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Стикердің  түстері арқылы топқа бөлінеді.
2.       Танысу жаттығуы

5 минут

Мұғалімдер жағымды психологиялық ахуал құру үшін бірден-алтыға дейінгі дымқыл қағаз бөліктерін жартып алып, өздерін таныстырады.
3.       Миға шабуыл – 3 мин. —          Бағалау дегеніміз не?

—          Қазіргі заманғы бағалау қандай болу керек?

4.       Топтық тапсырма – 20 минут Кеменің, үйдің, бақшаның, мектептің суретің салу. Осы арқылы мұғалімдер өздерінің суреттеріне сыни түрде баға береді.
5.       Сергіту сәті – 10  минут Мұғалімдерге қазақша өздері білетін әндерден қысқаша мәтін беріліп, осы әндерді әртүрлі әуен ырғағында айту тапсырылады.
  1. Теориялық білім – 20 минут

 

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау туралы түсінік беру.
  1. Қорытынды – 15-минут
 «Серпілген сауал»- Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға жіне талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін мұғалімдердің арасында сұрақтар лақтырылады. Ойын құралы ретінде кішкене допты пайдалануға болады.  Сұрақтарға жауап беру.

Формативті бағалау мен сумативті бағалау дегенді қалай түсіндіңіздер? Критериалды бағалау туралы не білдіңіздер? т.б

  1. Кері байланыс – 5 минут
·         Бұл сабақта не үйрендініз?

·         Бұл сабақтан қандай әсер алдыңыз?

·         Өзініздің келешектегі тәжірибеңізде, сабақта қандай өзгерістер енгізбексіз?

·         Не ұнады,не ұнамады,сабақтың сәтті кезеңдері қандай?

  1. Коучинг жүргізушісі:
Қатысқандарыңызға көп рахмет! Шығармашылық жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.