Абай Құнанбайұлы «Шоқпардай кекілі қамыс құлақ»

Сабақтың тақырыбы: Абай Қүнанбайүлы «Шоқпардай кекілі қамыс қүлақ» Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға Абай Қүнанбайүлының өмірі, шығармашылығы,
«Шоқпардай кекілі қамыс қүлақ» өлеңі жайлы толык түрде түсінік беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсрмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіті, бағалау, қорытындылау,

Сабақтың барысы:

а)  Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сү_рау.

  1. Сүйінбай Аронүлының өмірі, шығармашылығы жайлы сүраймын.
  2. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңін мәнерлеп оқыитамын
  3. Қосымша сүрақтар қойып, өткен тақырыпты қорытындылаймын
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Абай Қүнанбайүлының өмірі, шығармашылығы, «Шоқпардай кекілі қамыс құлақ» өлеңі жайлы толық түрде түсінік беру.

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты іздесең,

Жат тоқып ал көңілге.

(С.Торайғыров)

Дана ақынның өз халқынан және жалпы адам баласының өнер-ой байлығынан алған үш үлкен салалы түп-төркіні барын байқаймыз.

Мүның біріншісі — қазақ халқының есте жоқ ескі заманнан жиып, өсіріп келген өз даналығы — халықтың ауызша әдебиет қоры, ақын Абай осы қордан көп нәр алып, сол аркылы өз өлеңін көп көркейтті.

Екінші бір қол артқан қазынасы — араб, парсы, түрік тіліндегі шығыстың көркем классик поәзиясы.