Сұлтанмахмұт Торайғыров «Мен қазақ», «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңдері

Сабақтың такырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров «Мен қазақ»,

«Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңдері. Сабақтың максаты:

а)  білімділік: оқушыларға Сүлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі, шығармашы-
лығы, «Мен қазақ», «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңдері жайлы толық мәлімет
беру.

ә) дамытушылык: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдық-қа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтьщ турі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,

Сабақтың барысы:

а)  Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Ш.Қүдайбердіүлының өмірі, шығармашылығы жайлы сүраймын.
  2. Қалаған өлеңін жатқа сүраймын.
  3. Қосымша сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б)  Жаңа сабакты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Сүлтанмахмүт Торайғыровтың өмірі, шығармашы-лығы, «Мен қазақ», «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңдері жайлы толық түсінік беремін.

Бүгін біз Сұлтанмахмүт Торайғыровтың шағармашылық жолымен таныса отырып, жиырма жасында жазған өлеңін оқып, идеясын айқындап, тақырыбын ашайық.

Сүл ганмахмүт халық көзін ашуды, заманамен аяқты тең басуды, ақиқат үшін күрескер болуды мақсат етіп қояды.

Сұлтанмахмүттың ақындық түлғасы әрдайым ізденумен, талап кылып, алға үмтылумен өтті. Ол — халыктың ой-тілегін білдіруші. Сондықтан оның бойында оптимистік сипат мол, өршілдік басым. Ол өзін ғана қайрап қоймай, жастарды да «адам болып шығуға» үндеп жар салды. Ақынның патриоттық ой-сырлары да оның лирикальщ каһарманының толғаныс-тебіреністерінен анық сезіледі. Ол туған еліне былайша тіл катады:

Үміт қып менен карайсың,

Көңіліңе медеу санайсың,

Балалыққа жарасам,

Аталыққа жарайсың.

Туған елге деген шынайы сезімдер, оттай ыстық тілектер бұл өлеңде соншалықты шыншыл келісім тапқан. Ел-жұртыңды, халқыңды қалтқысыз сүйе отырып, сол айнымас, абзал сезімді патриоттық іс-әрекетпен үластыру шарт. Осы түрғыдан алғанда ақынның


лирикалык каһарманы асқак арманға да, өршіл рухқа да мейлінше жомарт. Ол адам болуды, азамат болуды бәрінен де жоғары қояды.

Сұлтанмахмүт Торайғыров — қазак халқының XX ғасыр басындағы аса көрнекті ақыны. Ол халық көзін ашуды арман етті. Шығармаларында қазақ аулындағы жағымсыз көріністерді әшкерелеп, халықты өнер-білімге, мәдениетке шақырды.

Сурақ-жауап

  • Халқымыздың елдің болашағын ойлаған кандай ақын-жазушыларын білесіңдер?..
  • Сұлтанмахмүт Торайғыров кім?..

—        Қандай еңбегін білесіндер?..
Тірек-сызба арқылы


 

и
сулу Кілі жазыкты?»
:Адасқші өмір

лирикалары (тақырыбы: туган ел, халық тагдыры)


«Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңін ақын өзінің ұстазы Нұрғалиға арнаған екен. Өлең 1913 жылы жазылған,

Шығамын тірі болсам, адам болып

Шығамын тірі болсам, адам болып, Жүрмеймін бүл дүниеде жаман болып, Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе? Жүргенше өмір сүріп, надан болып.

Мен — балаң, жарық күнде сәуле қуған, Алуға күнді барып белді буған. Жүлдыз болып көрмеймін елдің бетін, Болмасам толған айдай балқып туған.

Бүл сөзім асып айтқан асылық емес, Ойында оты барлар асылық демес, Тебем деп, тірі болсам надандықты,


Серт етіп, өз-өзіме еткем егес!

1922 жылы «Адасқан өмір» кітабында жарияланады лирикалық кейіпкер арқылы ақын сол дәуірдегі үрпақтың мүрат-мақсатын жырға косады.

Өлеңмен жүмыс. Үнтаспадан өлеңді тыңдатамын.

Кітаппен жүмыс.

Сөздік жұмысы: тірі болсам — өлмесем; жинан кезіп- өмір; көрде — молада; надандьщ —білімсіздік; жаръщ күнде сәуле цуган — білім іздеген; серт — уәде, ант; адам боламын — білімді

Топпен жүмыс. Оқушылар әр топта өздеріне берілген шумақты талдайды.

1-топ. Ақын нені жақсы, нені жаман деп есептейді?

П-топ.

Ақын ауырмаған кездерін қандай кунге теңейді? Ақынның жас кезіндегі арманы, мақсатын, меңзеген жолды оқыңдар.

ІІІ-топ.

Өлеңнің негізгі идеясы қандай? Өлеңді неге «Шығамын тірі болсам адам болып» деп атаған?

Сабақтың қорытындысы:

І.Сабақ соңында сүрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын. Сүтанмахмүт Торайғыровтың қандай өлеңі бар? Ол не туралы? Ақын нені армандаған? Ақын өлеңде өзіне қандай мақсат қояды?

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттау. Өлең мазмүнына сүйене отырып
«Ақынның арманы — білімді ұрпақ» тақырыбында ойтолғау жазу