Оқыту тәжірибесінде өзгеріс енгізудің қажеттігін негіздеу, талдау.

Коучингтің тақырыбы: Оқыту тәжірибесінде өзгеріс енгізудің қажеттігін негіздеу, талдау.

Сабақ жоспарымда топтастыру , слайд, сын тұрғысынан ойлау әдісін, формативті бағалау, ойсергек, бейне таспа, кері  байланыс қолдандым.

Коучингтің  мақсаты: Оқушыларда ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру мақсатында мұғалімдердің  өз оқыту тәжірибелерін өзгерту үшін ақиқатты негіздеу.\

Коучингтің негізгі идеясы: Оқыту тәжірибесінде өзгеріс енгізудің қажеттігін қалыптастыру.

Оқудан күтілетін нәтижелер:  Мұғалімдер оқыту мен оқытудағы көзқарастарын өзгерту үдерісінің өзектілігін түсінеді.

Коучинг кезінде орындалатын тапсырмалар:

  • Мәселелерді түсіну үшін теориялық құрылымға көңіл бөліп түсінік беру
  • Сыни тұрғыдан ойлану тренингісін жүргізу
  • Тақырыптық постер шығару

Тақырыпты талдауға, түсінуге бағыт беру. Мұғалімдердің есте сақтау қабілетін дамыту, ізденімпаздыққа  тәрбиелеу. Мұғалімдерді ұйымдастырып, 3 топқа бөліп болған соң, логикалық ойлауға арналған ойсергек  әдісін қолдандым. Ол «Халық жұмбағы» деп аталынды. Осы логикалық ойлауға арналған ойсергек әдісінде сәтсіз жері  мұғалімдерде әлі де болса логикалық ойлаудың аз екені байқалды. Математика мұғалімдері жіктеу әдісін қолданып жауабын дұрыс тапты.

Синектің конустық метафрасын қолдана отырып мұғалімдерге өзгеріс дегеніміз не? Неге өзгеріс енгізу қажет, мұғалімдерге тәжірибелерін өзгертуге қалай кқмектесуге болады? Оқушылардың оқу үдерін жақсату үшін не істеу керек туралы постер жасаттым.  

                        

Бұл постер жасаудың  сәтті жері мұғалімдердің ойларын ашық айта білуі,  жаңа әдіс-тәсілдер туралы түсініктің болуы, Синектің конустық метафрасын қолданып  Неге? Қалай? Не? сұрақтарына дұрыс жауап беруге тырысулары. Әр топтан көшбасшы мұғалімдер шығып постерді қорғады, қалған мұғалімдер  толықтырып отырды. Постерді  жақсы қорғаған топ  мұғалімдеріне 2 жұлдыз, 1 тілек  формативті бағалауды қолданып постерлеріне баға беріп отырды.

                         

Тапсырманы  орындап болған соң теориялық білімге тоқталдым. Теориялық білімде мұғалімнің ұстанымы, тиімді оқыту, табысты оқыту мен құзырлы мұғалім туралы мәлімет беріп,  Шульманның үш  көмекшісі туралы біздің ұлы ақынымыз А.Құнанбаев атамыз «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы  ақыл, жылы жүрек» деп айтқанын еске түсіріп кеттім. Таныстырылым сәтті өтті деп ойлаймын, себебі таныстырылымнан кейін мұғалімдер үндемей біраз отырды.

                        

Сосын сыни тұрғыдан ойлау әдісін қолданып «Индивидуальный подход»     бейнетаспасын  көрсеттіп. Осы  бейнетаспаны көрсетуімнің мақсаты неде? Осыдан қандай ой түйдініздер? деген сұрақтар қою арқылы  әр мұғалімнің ойын білуге тырыстым. Сәтсіз жері мұғалімдердің  әлі де өз ойларын ашық айта білмеуі, сыни тұрғыдан ойлауға бейім болмауы.

Сергіту сәтін топқа  бөлген заттар арқылы өткіздім. Осы заттар қалай жұмыс жасаса бізде осылай іс- қимылда болып өзгеріс енгізуге тырысуымыз керек екенін айтып коучингті қорытындыладым. Сәтсіз жері сергіту кезінде кейбір мұғалімдердің енжарлық танытқаны болды деп ойлаймын.

Кері байланыс алғанда  мұғалімдерге ұнаған жерлері: Синектің конустық метафорасы, коучинг сабағының мұғалімдердің қызығушылығын арттыратыны , өз ойынды ашық жеткізуге болатыны, бірлесе жұмыс жасау, постер жасау . Коучинг сәтті өтті.

                    

Біршама кедергілер болды.  Әр топ  мұғалімдері  ойланып қалды, белсенділігі жоғары мұғалімдері тапсырманы жылдам орындады, оларға қиындық болған жоқ. Өз ойларын айтуда кейбір  мұғалімдер тапсырманы орындай алмай жатты.  Топқа бөлген кездеде кедергілер болды  мұғалімдер отырған орындарынан қозғалғылары келмей  ренжіп отырды.  белсенділігі жоғары мұғалімдердің  іс әрекеті:   барлық  тапсырмалар қызық болды, ұнады . Әр тапсырмаға белсенді  жауап берді, өз ойларын  айта бастады.

 Кедергілерді шешу жолдары: Келесі сабақта кедергілерді шешу үшін көптеген жұмыстар жүргізу,  жеке жұмыстар жүргізіп, оларды жеке, топпен орындауға үйрету.

Оқудан күтілетін нәтижелер:  Мұғалімдер оқыту мен оқытудағы көзқарастарын өзгерту үдерісінің өзектілігін түсінеді. Жаңа әдіс  тәсілдерін қолдана отырып жаңа тақырыпты кеңінен ашты, сыни тұрғыдан ойлауына, өз бетімен жұмыс жасауына, тапсырмаларды тиянақты орындай отырып, өзінің білім деңгейін жоғары екенін көрсете білді, өз пікірін топ алдында қорғай білу қабілеті артты.

Не сәтсіз болды? Мұғалімдер  берілген тапсырманы бірден түсіне алмай  уақыт жоғалтып алды.

Қандай күшті жақтарға сүйенесіз? жоспарлаған уақыты жетуі, Тақырыпты алдын ала болжауды орындауы  көңілден шықты,  уақытын үнемдеді, сыныптағы әр мұғаліммен қатынасы жақсы болды. Барлығы өз ойларын  жеткізе алды.

Не жақсарта аласыз? Топпен жұмысты жақсарта алады

Нені өзгерткіңіз келеді? Мұғалімдер көбірек өз ойларын ашық жеткізу қажет.

Одан әрі не істемексіз? Мұғалімдерді топқа бөлуде темпераментін ескеру, Жауап алу үдерісіндегі уақытты үнемдеу , Мұғалімдерді осы жаңа  әдіс тәсілге толығымен бейімдей алатындай сабақ жоспарын құру керек.