Сәкен Сейфуллин «Далада»

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Далада». Сабақтың мақсаты:


Ырсылдап демі көріктей, Кездері оттай еріктей. Өрге карай орғыса, Өр не қылмақ асауға? Желге карай орғыса, Жел не кылмақ асауға? Орғытып, ұшыртып жүріп, Көкіректі кернеп, Кең даланы күңірентіп, Қатты айкайлап ән салдым. Әнім кетті дыңылдап, Жаңғыртып кең даланы Салдым күшті дауыспен ән. Әніме қосылды: кең дала, Аққулы-қазды шалқар көл, Қамысты-қүрақты көк өзен Қосылды бәрі шуласып,

Қосылды бәрі шаттанып. *   *   *

Сендерге, қарындастар,

Сендерге, інілер,

Сендерге арналды бүл әндер!

Дүниенің қүлдық шынжырын қиратып,

Әділдік, теңдік іздеген,

Түрмыстың таршылық зынданын бүзып,

Еркіндік, кеңдік іздеген,

Көкіректері жанып, бақыт іздеген, жастар,

Сендерге арналды бүл әндер!

Үнемдеп, олшеп күн өткеру үшін тумай, дүниенің сасық байлығына жетуді мақсат қылмай, қырандай жер-көкке қанат жайып, қырандай дүние шетіне көз жіберген, асау түлпардай қиырсыз жерге қүлаш керіп, махаббат іздеген жастар, сендерге арналды бүл әндер!

Шығыңдар далаға, жолға —

Бүрынғы ерлер салған жолға!

Жүріңдер, бакыт —

Еркіндік бақыты алдарыңда таяу.

Жолдарың жүрер бетпақ дала, шөл, тау, тас — меңіреу жерлер. Жолдарың көрінер қиын. Талай ерлер қасірет, жапа шегіп, жалпы әлемге бақыт іздеп, қүрбан болған бүл жолда. Күрес үшін, еркін, шаттық еңбек үшін туган — сендер.

Шақырыңдар, арттағы үйықтаған, именшек, бақыт жолын білмейтін бауырларыңды!

Шақырыңдар, арттағы қүлдықта жүрген бауырларыңды!

Сендерге — ерік, махаббат жолында бастаған ер қарындастар, інілер — сендерге арналды бүл әндер!

Қосыңдар дауыстарыңды!

Күшті дауыстар мен қызу ән жаңғыртсын дүниені!

Жаңғыртыңдар, жаңартыңдар ескі дүниені, қайратты, ер жастар.

Сендерге арналды бүл әндер — асауменен алысып жүріп салған әндер! Сабақтың қорытындысы:

І.Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  2. Үйге тапсырма: «Далада» өлеңін жаттап келу.