Ілияс Жансүгіров «Анам тілі», «Домбыра», «Күйге»

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров «Анам тілі», «Домбыра», «Күйге». Сабақтың мақсаты:


а)  білімділік: оқушыларға Ілияс Жансүгіровтың өмірі, шығармашылығы,
«Анам тілі». «Домбыра», «Күйге» өлеңдері жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіпітікке тәрбиелеу.

Сабақтын түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жү_мыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,

Сабақтың барысы:

а)  Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сурау.

  1. Б.Майлиннің өмірі, шығармашылығы жайлы сүраймын.
  2. «Даудың басы—Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесінің мазмүнын сүраймын.

 

  1. Қосымша сүрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Ілияс Жансугіровтың өмірі, шығармашылығы, «Анам тілі», «Домбыра», «Күйге» өлеңдері жайлы түсіндіремін.

Ілияс Жансүгіров 1894 жылы 14 мамырда бүрынғы Қапал уезі, Ақсу болысының 4-ауылында (қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданында) туған.

Ілиястың әкесі Жансүгір ескіше сауаты бар, өзі өнерлі адам болған. Ол баласының тәрбиесіне қатты көңіл бөледі. Өзінің бойындағы тамаша өнерінің бәрін баласына үйретеді. Ілияс әкесінен жазуды, оқуды, етік тігуді, домбыра тартуды, қоңыр дауыспен ән салуды үйренеді.

Зерек, ұғымды бала әкесі сықылды халқының ән-жыр, күй өнерін сүйеді, оларды жанымен беріле зерттейді. Халықтың бай ауыз әдебиеті үлгілерін жаттап өседі. Ілиясқа әкесі Абай, Шернияз, Махамбет, Базар, Ақан, Біржан ақындардың шығармаларын оқытып жаттатады. Әдебиетті жан-тәнімен сүюі Ілиясты ақындық өнерге жеткізеді. Көптеген өлеңдері жастарға арналған. «Жас бүлбүлдарға», «Жалпы жасқа», «Жастар», «Жастар үраны» сияқты өлеңдерінде жастарды оқуға, өнер-білімге шақырады.

Мұхамеджан Қаратаев Анам тілі

Қадірлі, бағасы алтын анам тілі,

Сенімен бағаланған балаң түрі.

Төрт бөліп түн үйқысын лсүбатам деп,

Сенімен әлдилеген анам мені.

Бесікте белім буып бітіскемін, Сөйлесіп, шешем жүнін түтіскемін. «Апа» деп, «Ә» деп жылап, аузымды ашып, Емшектен еңбек кылып, сүт ішкемін.

Маңымды сеніменен танығамын, Сеніменен қуанып, налығамын.


Дене ауырлап, жан жалқау тартқан шақта, «Уһ» деп шаршап, дем алып шалығамын.

Тілегенім, қорыққаным бәрі де сен, Сасқанда да жармасам ойбайыммен. Апкәусар болса-дағы үжмактағы, Тәттілікті кормеспін сенімен тең.

Домбыра

Домбыра, сенде мін бар ма? Мінсіз болсаң — тіл бар ма? Тіл жок деуге бола ма, Тілден анық үн барда? Домбыраның күші мол Көмейінде күй барда?

Сылдыр-сылдыр

Сар қамыстан

Төгілді жыр,

Өрді алыстан.

Келді жақын сең қағысқан,

Үн шыққандай жолбарыстан.

Түншыққандай

Өлді арыстан,

Ат шапқандай

Жер қайысқан.

Сыңгырады әсем күй, Қоңыр Балқаш желімен Сылдырады қамыстай. Бірде жуық жеделдеп, Бірде сарын алыстай. Бірде жерді су басты, Сел қаптаған дабыстай.

Бірде жерді шу басты, Ұрандаған жарыстай. Бірде адақтап ақты күй Ағалаған дауыстай. Ыңыранып қалды домбыра Қамыстағы барыстай. Күй шерінде шек тартты, Күй найзасы қылтылдап, Қүлақ түпте — жүрегі Қояр ма екен шанышпай?

Күйге

Күй, сені тәтті көрем жаным сүйіп, Тыңдаймын тыным алмай, жанып, күйіп, Өмірдің сырын ашып жүрегіме, Музаның әміріне басымды иіп.

Алайьщ, ескі күйдің бәрігі жиып, Жандырған ой-қиялды, қалың күйік,


Шерттіріп қүнарлырак домбыраға, Тербеліп ырғағына тамылжиық.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сабак соңында сүрақ кою арқылы жана тақырыпты қорытындылаймьш.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: Өлеңдердің қалағанын жаттап келу.