Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында» («Абай жолы» роман-әпопеядан үзінді)

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»

(«Абай жолы» роман-әпопеядан үзінді) Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға Мұхтар Әуезовтің өмірі, шығармашылығы, «Біржан
сал Абай ауылында» әңгімесі жайлы толық мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін
қалыптастыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың турі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,

Сабақтың барысы:

а)  ¥йымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. І.Жансүгіровтың өмірі, шығармашылығы жайлы сүраймын.
  2. Қалаған өлеңін жатқа сүраймын.
  3. Қосымша сүрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Мүхтар Әуезовтің өмірі, шығармашылығы, «Біржан сал Абай ауылында» («Абай жолы» роман-әпопеядан үзінді) жайлы түсіндіремін.

Мүхтар Әуезов Семейдің Абайында, қазіргішығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Қасқабүлақ-Бөрілі аулында 1897 жылытуған. Атасы Әуез кішкене кезінен немересіне Абай өлеңдерін жаттатып отырған. Немере ағасы Қасымбекпен бірге Семйдегі, орсы гимназиясында, оны бітірген соң осындағы мүғалімдер семинариясында 4 жыл оқиды. 1922 жылы Ташкент Мемлекетік университетіне түсіп, 1923 жылы Петербург университетіне ауысып, 1928 жылы бітіреді.

Орта Азия мемлекеттік университеті Шығыс факультетінің аспирантурасынан білім алады. Түңғыш жарық көрген еңбегі (1917ж.) «Адамдық негізі—әйел» деп аталады.


М.Әуезовтің қазақ әдебиетінің, үлы шығармасы «Абай жолы» алғаш «Абай» деген атпен 1942 жылы бірінші, 1947 жылы екінші кітабы жарык көрген.

Абай жөніндегі роман—сол кезеңде күллі дүние жүзіне көркем сөз кұдіретімен, жазушы шеберлігімен қазақ елінің әдебиетін, мәдениетін, әдет-ғұрпын танытқан шығарма. Халықты, халықтың әдебиетін мойындатқан туынды.

Жазушы Абай заманын бейнелеуде нақты тарихи деректерді ала отырып, соның негізінде ақынның өз өмірінің басты мәліметерін қажетке жаратып, кейіпкер мен орта қатынасын неғұрлым шынайы көрсетуді мақсат түтты. ¥лы ақын өмірі мен әпопеядағы кейіпкерлерден аса сом түлғалы көркем бейне жасады.

«Абай жолында» Абайдың бүкіл өмір жолы, саналы шығармашылық, жеке бас тіршіләігі молынан қамтылған. Абайдың балалык шағынн алынған әпизодтар жазушы киялы болғанымен де, бұл болашак азамат, ақын, ел ағасы, үлт қадірі Абайдың мінезін ашып, қалыптасу кезеңдерін суреттеу үшін алынған.

Сабақтың қорытындысы:

І.Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытынды-лаймын.

  1. Оқуніылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  2. Үйге тапсырма: «Біржан сал Абай ауылында» әңғімесін оқып, мазмұнын әңгімелеу.

Тексердім: