Абай мен Біржан. («Абай жолы» роман-әпопеядан үзінді)

Сабақтың тақырыбы: Абай мен Біржан.

(«Абай жолы» роман-әпопеядан үзінді) Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға Мұхтар Әуезовтің өмірі, шығармашылығы, «Біржан
сал Абай ауылында» әңгімесі, әңгімедегі Абай мен Біржан кейіпкерлері жайлы толық
мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ркымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,

Сабақтың барысы:

а) Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сүрау.

  1. М.Әуезовтің өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.
  2. «Біржан сал мен Абай» әңгімесінің мазмүнын сұраймын.
  3. Қосымша сүрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытынды-лаймын.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.


б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Мүхтар Әуезовтің өмірі, шығармашылығы, «Біржан сал Абай ауылында» («Абай жолы» роман-әпопеядан үзінді) әңгімесіндегі Абай мен Біржанның бейнесі жайлы түсіндіремін.

Жиын бастығы Абай болып қазіргі сәтте мына ауылдың өзге тірлігінен оқшау бөлінген бір топ тәрізді. Осындай ойын-сауық жиынның орта-сында ең қадірлі бір топ қонақ бар. Шет елден келген қонақ. Бүлар—қазір төрдің тап ортасында, жағалай көрпе үстінде, үлкен ақ жастықтарды шынтақтаған сал-серілер. Солардың ішіндегі ең көрнектісі және бар жиынға қадірлі, сүйіктісі—мынау қос ішекті домбыраны безілдетіп отырған орта бойлы, қызғылт жүзді, кең ақ маңдайлы, нүрлы жігіт. Ол—Аркаға аты шыккан, бүкіл Орта жүзді асыл саз, әсем үнімен үйытқан Біржан сал.

Тобықты ішінде сонау алыс Көкшетаудан келген сирек, сый қонақ. өзі ақын, өзі әнші, өзі сері—Біржан. Үстінде қара мақпал, кең, жеңіл шапаны бар. Омырауы ағытылған, «сері жаға» ақ көйлектің сыртынан киген сарғылт түсті, қытайы жібек камзолы бар. Оқалы тақиясының жібек шоғы ырғала түседі. Қүйқылжйған әніне қалың жиын қыбыр етпей ү_йып, мүл-гіп отырғанда, кербез әнші өзі де жүзіне бір жылтыр майда рең бітіп, нүрлана қүбылады.

Әншінің «Біржан сал» атты осы бір әні өзінің майда қоңыр, сырлы қоңыр сазымен бастала жөнелгенде, өзге көп жүрт ішінде демін тартып, қатып тыңдаған кісінің бірі—Абай.

Қадірлі ақын, қүрметті қонағына Абай қадала қарап қапты. Ақ-қарасы әлі де айқын, таза, үзынша көздері өзгеше боп телміре түсіп, шарасынан асып үлкейіп қарайды. Бірақ қазіргі сәтте кірпік қақпай қарағанмен, бүл көз, әнші жүзін көріп отырған көз емес. ән мен өлеңді сөзді, өнерлінің түгел өзін қосып, бір бітім, біртүтас түлғадай қиял суретімен елестетіп, көріп отырған көз.

Ерекше әсері бар күй мен аса үнаған ән тыңдаған уақытта Абай сол сарын сөзбен қатар, өзге бір дүниені жарыса ойлап кететін. Өмір, қиял суреттерін, уақиға тасқындарын, жаратылыс. қүбылыс толқындарын көріп, соған шомып кетеді.

Қазір де, міне, белгілі бір қиялы бар ән, ірі туысты әншіні мынау ортадан бөліп, жарып, аулаққа әкетті. Шырқау алыс қияға әкетті. Түлғасы ерен, кең кеуделі, асқақ үнді әнші сахараның ғажайып бір алыбы боп апты.

Сабақтың қорытындысы:

1 .Сабақ соңында сү_рақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытынды-лаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  2. Үйге тапсырма: «Біржан сал Абай ауылында» әңгімесін оқып, мазмүнын әңгімелеу.

Тексердім: