Ғабит Мүсірепов «Автобиографиялық әңгіме»

Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Автобиографиялық әңгіме» Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға Ғабит Мүсіреповтің өмірі, шығармашылығы, «Автобиографиялық әңгіме» әңгімесі жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, корытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу. Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау

Сабақтың барысы:

а)  Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. М.Әуезовтің өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.
  2. «Біржан сал Абай ауылында» әңгімесінің мазмұнын сұраймын.
  3. Қосымша сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Ғабит Мүсіреповтің өмірі, шығармашылығы, «Автобиографиялық әңгіме» жайлы түсіндіремін.

Ғабит Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданында туған. Ауыл молдасынан хат танып, 1917 жылы Қостанай уезінің обаған болысында 2 класты орыс мектебіне түседі, белгілі ақын, талай жақсы жайсаңдарды оқытқан Бекет Өтетілеуовтен оқиды. Пресногорьковтегі жоғары бастауыш училищені бітіріп, 7 жылдық білім алады.

1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетін бітірген соң, бір жыл Омбы қаласында ауыл шаруашылық академиясында оқыған. 1928-1938 жылдары түрлі жауапты орындарда баспасөзде қызмет атқарады. 1938-1955 жылдарда таза әдеби жұмыспен айналысады. 1956-1966 жылдары «Ара-Шмель» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы болған.

Ғ.Мүсіреповтің алғашқы әңгімесі—1928 жылы жазылған «Қос Шалқар». Туған өлкесіне ержеткенде оралған кейіпкердің өткенді бүгінімен салыстыра еске алғаны айтылады.

Міне, осылайша Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы жайлы қысқаша мәлімет беріп болған соң, «Автобиографиялық әңгімесі» жайлы түсіндіремін.

Әңгімеде XX ғасырдың бас кезіндегі ауыл өмірі, бала оқытуға жалданған молданың тұрмыс-күйі, автордың Пресногорьков жоғары бастауыш мектебін бітіргендігі жайлы әңгімеленеді.

Сабақтың қорытындысы:

1 .Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  2. Үйге тапсырма: «Автобиографиялық әңгіме» әңгімесін оқып, мазмұнын әңгімел