Бауыржан Момышүлы «Жауынгердің түлғасы» («Қанмен жазылған кітап» жинағынан үзінді)

Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышүлы «Жауынгердің түлғасы»

(«Қанмен жазылған кітап» жинағынан үзінді). Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға Бауыржан Момышүлының өмірі, шығармашылығы,
«Жауынгер тұлгасы» («Қанмен жазылған кітап» жинағынан үзінді) жайлы толық мәлімет
беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдық-қа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: калыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,

Сабақтың барысы:

а)  ¥йымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Ә.Сәрсенбаевтың өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.
  2. Қалаған өлеңін жатқа сұраймын.
  3. Қосымша сүрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Бауыржан Момышүлының өмірі, шығармашылығы, « Жауынгердің түлғасы» ( «Қанмен жазылған кітап» жинағынан үзінді)   жайлы түсіндіремін

Бауыржан Момышүлы 1910 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Көлбастар қонысында дүниеге келген. Әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы. Момыш отбасында дүниеге келген, 13 жасқа дейін ауылда, одан соң интернатта тәрбиеленді. Мектеп бітіріп біраз уақыт мүғалім болады. 1932 жылы әскер қатарына алынып, мергендік өнерін игерді. Аулына оралған соң, қаржы орындарында жұмыс істеді.

¥лы Отан соғысы басталысымен генерал-майор И.В.Панфиловтың ‘

басшылығымен Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизияны басқарды. 1941 жылы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік қүрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Ресейдегі Волоколомск, Горюнь, Матренино, Лопастино, Крюкова, Бородино, Трашково, қала-деревнялары үшін болған ұрыстарда 9 рет асқан ерлік көрсеті. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты, ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарысқа енуі, тактикада «оңаша» және «икемді қорғаныс» үғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери маман ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жолдары кеңінен ашылды.


Бауыржан Момышүлы жау шептеріне ішкерілей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың бірі болды. Ол бұл теорияны жүзеге асыруда бүкіл әскер түрлерінің өзара тығыз байланыста әрекет етуіне баса көңіл бөліп отырды. Танк, артиллерия. әскери бөлімдерді полктар мен дивизиялар командирлері қол астына бере отырып, олардың өздігінше жауынгерлік қимылдар жүргізуіне мүмкіндік жасау тактикасын қолданды. өзі қашан да үрыс тағдырын шешетін жерде болды.

Бауыржан Момышұлы—әскери педагогикасына мен әскери психологияны байытушы, баға жетпес мұра қалдырған дара түлға. Оның атақ-даңқы батырлығы А.Бектің кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз тілдеріне аударылды. Бауыржан Момышүлы 1950 жылы Кеңес Армияны бас штабының арнаулы Жоғарғы Әскери академиясын дәріс оқумен бірге шығармашылыққа бет бүрды. 1956 жылы демалысқа шығып, өмірінің соңына дейін шығармашылық жүмыспен айналысты. Жазушылық таланты тез үшталды. Ол шығармаларын қазақ, орыс тілінде жазып, қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалады. Жазушының өзкті тақырыбы—¥лы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлердің тұлғасын жан-жақты суреттеп сомдауға арналған.

Сабақтың қорытындысы:

І.Сабақ соңында сүрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймьш.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  2. Үйге тапсырма: Шығарманы оқып, мазмү_нын әңгімелеп келу.