«Балықшылар» әңгімесіндегі кейіпкерлер келбеті («Қан мен тер» трилогиясынан үзінді)

Сабақтың тақырыбы: «Балықшылар» әңгімесіндегі кейіпкерлер келбеті

(«Қан мен тер» трилогиясынан үзінді). Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі, шығармашылығы,
«Балықшылар» («Қан мен тер» трилогиясынан үзінді) әңгімесіндегі кейіпкерлер келбеті
жайлы толық м
әлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке т
әрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,

Сабақтың барысы:

а)  Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгендеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сүрау.

  1. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.
  2. Шығарманың мазмұнын сұрап, табиғат апатымен арпалыстың зардабы.
  3. Қосымша сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.
Сыныпты екі топқа бөлемін.

Сабақтың әпиграфы.

1 .Келешек үшін қиғылық ұрған қаншама асыл азаматтарымыз, аяулы боздақтарымыз қанын, терін төкті… Иә, қанын, терін төкті… Қан мен тер.. қан мен тер..

(Ә.Нүрпейісов).

2.Тақтадағы нақыл сөздерді оқыту арқылы жазушы шеберлігін таныту. І.Арал суы асыл ғой. Теңіз түбінде табаныңа бататын не тас, не ұйық жоқ, күмістей ақ қайыр бассаң сықыр-сықыр етеді.

(Ә.Нүрпейісов).

2.Ақшағыл ақ құм далада Айнала ұшқан шағала.

Қоштасқан айдын теңізбен Қайғылы, мұңды жағада.

З.Шығармаға отырар алдында тәуекелге бел байлаған әрбір кісіге таланттан басқа тағы да екі нәрсе керек еді: бірі -білім, екіншісі — тәжірибе.

(Ә.Нүрпейісов).

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі, шығармашылығы, «Балықшылар» («Қан мен тер» трилогиясынан үзінді) әңгімесіндегі кейіпкерлер келбеті жайлы түсіндіремін.

Әлиза—бұдан бұрын да тоғыз баласы өлген әйел; алты ұл, үш қызы үй сыртындағы қара молада.

Андрей—бауырмал, балықшыларды көрсе үйіріле кететін кішіпейіл жан. Жайраңдап күліп жүреді. Қазақтар оның ибалылығын ұнатып, оны өздерінің адамындай көріп: «Біздің сары бала» деп іш тартып тұрады. Қағаз тапса, сурет салатын өнері бар жігіт.

Федоров—бай, мінезіне қарай ел арасына «Тентек Шодыр» атанған, түсі суық, еңгезердей ірі кісі. Қол-аяғы ұзын, үнемі ашулы жүреді.

Еламан—балық аулайтын кедей кісі. Бетін үсік шалған, қап-қара. өзін Федоров қанша ұрса да былқ етпейтін қайсар жігіт.

Ой шақыру.

Балалар,   бұл   әңгіменің   негізгі   идеясы  не?   Әңгіме  туралы   ойларынды  жұптап айтыңдар.

1-жұптық жұмыс.

2-топтық жүмыс. Топтастыру


табиғат тартуы
Әмудария мен Сырдария құяды

жойылып кетт

30-дан астам балықтың түрі бар

Мағынаны тану.

  1. Арал туралы рефератты оқу.
  2. Салыстыру кестесі:

алықшылар

әкологиялық апатты аймақ


 

ФедоровЕламан
ОрысҚазақ
ӨркөкірекКөпшіл
ӨзімшілМейірімді
ҚаталБауырмал
Жанашыр емесӘділетті
  1. Сұрақ-жауап.

I топ.

  • Кемедегінің жаны бір.
  • Әлиза әйелдің қайғысы.
  • Қадақ, гірдегі асымдық балықтар.
  • «Біздің сары бала».
  • Еламан өтініші.

II  топ.

1) Жалмұраттың көмегі.

  • Дауыл кезіндегі қарбалас.
  • Ұйқысыз өткен түн.
  • Федоровқа тиген сүймен.
  • Өмір мен өлім.
  • Райдың қорқынышы.
  1. Дәптермен жұмыс.

а) Федоровты Еламан өлтіргенде қандай ойда қалдындар?

ә) Бұл әңгімені қалай атар едіңдер?

  1. Дебат.

Еламанның Федоровты өлтіргені дұрыс па, әлде бұрыс па?

 

 

 

 

 

 

Екі топтың арасындағы пікірталас.

  1. Сөздікпен жүмыс.
    Репеті — түрі, ыңғайы.
    Қаратаз — болыстың есімі.
  2. Қорыту. «Бес жолды өлең»

 

  1. Балықшылар.
  2. Еңбекқор, момын.
  3. Аулайды. өткізеді, еңбектенеді.
  4. Балықшылар өмірінің ауыр кезі.
  5. Қазақтар.

Сабақтың қорытындысы:

1 .Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  2. Үйге тапсырма: Шығарманы оқып, кейіпкерлерге мінездеме жазып, мазмұнын
    әңгімелеп келу.