Ынтымақтастық пен өзара іс-әрекеттегі жұмыс

2014 – 2015 оқу жылының екінші коучингке талдау

Қыркүйек айының 3 аптасында өткізген коучинг сабағына талдау.

Коучингтің тақырыбы: Ынтымақтастық пен өзара іс-әрекеттегі жұмыс

Сабақ жоспарымда топтастыру , слайд, сын тұрғысынан ойлау әдісін, формативті бағалау, сергіту сәті, бейне таспа, кері  байланыс қолдандым.

Коучингтің  мақсаты: Топтарда  бірлесіп жұмыс істеу ережелерін келісу. Топтарда  жұмыс істеу  үдерісін модельдеу.Топтарда жұмыс істеу мен тиімді  топтық жұмыстың арасындағы айырмашылықты анықтау

Коучингтің негізгі идеясы: Ынтымақтастық пен өзара іс-әрекеттегі жұмысты қалыптастыру.

Оқудан күтілетін нәтижелер:  Белгілі бір тапсырмаларды  орындау мақсатын, мұғалімдердің шағын топтарда бірлескен жұмысты  ұйымдастыру әдістемесін игеруі.

Коучинг кезінде орындалатын тапсырмалар:

  • Мәселелерді түсіну үшін теориялық құрылымға көңіл бөліп түсінік беру
  • Сыни тұрғыдан ойлану тренингісін жүргізу
  • Тақырыптық постер шығару
  • Сабақта тиімді, бірлескен топтық жұмысты ұйымдастырып отыру

Коучингті бастау алдында өткен коучингтегі кері байланысқа талдау жасадым.  Сәтті жері: Осы кезде мұғалімдердің өзі қойған сұрақтарға өздері жауап берді.

Ұйымдастыру кезеңінде топқа бөліп, топтың ережесімен таныстырдым.

Тақырыпты талдауға, түсінуге бағыт беру. Мұғалімдердің есте сақтау қабілетін дамыту, ізденімпаздыққа  тәрбиелеу. Мұғалімдерді ұйымдастырып, 3 топқа бөліп болған соң,  сын тұрғысынан ойлау әдісінің суреттерін  қолдандым. Осы  сын тұрғысынан ойлау әдісінде сәтсіз жері  мұғалімдерде әлі де болса , сын тұрғысынан  ойлаудың аз екені байқалды. Екіші кезең постер жасау болды. Онда топтық жұмыс не үшін керек? Топтық жұмысты пайдалану себептері . Оқушыларды топтық жұмысқа  қалай дайындау керегін, Әр оқушының үлесі бар, мұғалімнің рөлі қандай деген сұрақтарды қамтып отырып постер жасаттым. Бұл постер жасаудың  сәтті жері мұғалімдердің ойларын ашық айта білуі,  жаңа әдіс-тәсілдер туралы түсініктің болуы, сұрақтарға  дұрыс жауап беруге тырысулары. Әр топтан көшбасшы мұғалімдер шығып постерді қорғады, қалған мұғалімдер  толықтырып отырды. Постерді  жақсы қорғаған топ  мұғалімдеріне 2 жұлдыз, 1 тілек  формативті бағалауды қолданып постерлеріне баға беріп отырды және смайликтермен марапаттап отырылды.

Тапсырманы  орындап болған соң теориялық білімге тоқталдым. Теориялық білімде Топтарда  бірлесіп жұмыс істеу ережелерін келісу. Топтарда  жұмыс істеу  үдерісін модельдеу.Топтарда жұмыс істеу мен тиімді  топтық жұмыстың арасындағы айырмашылықты  анықтау. Таныстырылым сәтті өтті деп ойлаймын, себебі таныстырылымнан кейін мұғалімдер үндемей біраз отырды.

«То что можно изменить»     бейнетаспасын  көрсеттіп. Осы  бейнетаспаны көрсетуімнің мақсаты неде? Осыдан қандай ой түйдініздер? деген сұрақтар қою арқылы  әр мұғалімнің ойын білуге тырыстым. Сәтті  жері мұғалімдердің  өткен коучингтегідей емес өз ойларын ашық айта білді, сыни тұрғыдан ойлауға бейім болуы.

Сергіту сәтінде  «Австралия жауыны»  арқылы өткіздім. Осы сергіту сәтін жасар алдында бейне таспа көрсетіп осы сергіту сәтін көрсеттім. Сергіту ойдығыдай өтті.

Кері байланыс алғанда  мұғалімдерге ұнаған жерлері: коучинг сабағының мұғалімдердің қызығушылығын арттыратыны , өз ойынды ашық жеткізуге болатыны, бірлесе жұмыс жасау, постер жасау . Коучинг сәтті өтті.

Біршама кедергілер болды.  Әр топ  мұғалімдері  ойланып қалды, белсенділігі жоғары мұғалімдері тапсырманы жылдам орындады, оларға қиындық болған жоқ. Өз ойларын айтуда кейбір  мұғалімдер тапсырманы орындай алмай жатты. Мұғалімдердің уақыттары болмауы.  Белсенділігі жоғары мұғалімдердің  іс әрекеті:   барлық  тапсырмалар қызық болды, ұнады . Әр тапсырмаға белсенді  жауап берді, өз ойларын  айта бастады.

 Кедергілерді шешу жолдары: Келесі сабақта кедергілерді шешу үшін көптеген жұмыстар жүргізу,  жеке жұмыстар жүргізіп, оларды жеке, топпен орындауға үйрету, мұғалімдердің уақытымен санасу.

Оқудан күтілетін нәтижелер:  Мұғалімдер топпен жұмыс жасаудың өзектілігін түсінеді.Жаңа әдіс  тәсілдерін қолдана отырып жаңа тақырыпты кеңінен ашты,сыни тұрғыдан ойлауына,өз бетімен жұмыс жасауына,тапсырмаларды тиянақты орындай отырып, өзінің білім деңгейін жоғары екенін көрсете білді,өз пікірін топ алдында қорғай білу қабілеті артты.

Не сәтсіз болды? Мұғалімдердің әліде болса коучингке қатысуға уақыттарының болмауы. Қандай күшті жақтарға сүйенесіз? жоспарлаған уақыты жетуі, Тақырыпты алдын ала болжауды орындауы  көңілден шықты,  уақытын үнемдеді, сыныптағы әр мұғаліммен қатынасы жақсы болды. Барлығы өз ойларын  жеткізе алды.

Не жақсарта аласыз? Топпен жұмысты жақсарта алады

Нені өзгерткіңіз келеді? Мұғалімдер көбірек өз ойларын ашық жеткізу қажет,сабаққа  қатысуға уақыт табуы .

Одан әрі не істемексіз? Мұғалімдерді топқа бөлуде темпераментін ескеру, Жауап алу үдерісіндегі уақытты үнемдеу , Мұғалімдерді осы жаңа  әдіс тәсілге толығымен бейімдей алатындай сабақ жоспарын құру керек..