Бердібек Соқпақбаевтың өмірі, шығармашылығы, «Менің атым Қожа» повесіндегі «Түбі адам болатын бала»

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Бердібек Соқпақбаевтың өмірі, шығармашылығы, «Менің атым Қожа» повесіндегі «Түбі адам болатын бала» жайлы түсіндіремін.

І.Не сөйлейтініңді біл. Кімге сөйлейтініңді біл. Қай жерде сөйлейтініңді біл. Қалай сөйлейтінінді біл. (Үй тапсырмасы).

2.»Білген сайын келеді біле бергім…» (Жаңа сабақ).

а) «Түбінде адам болатын бала» (Қожа бейнесі).

ә)»Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас» (Шығармашылық жүмыс).

  1. Не үйрендім, не білдім. (Сабақты бекіту).

4.Бақытты балалық шақ. (Сабақты қорыту).

Үй тапсырмасын сұрау.

«Мынау кім?»

—   Біреуді   біреуге   атыстырып,   от  тастап   жүретін   қу,   сабақ  үстінде   сыбырлап-
сыпсындағыш. (Жантас)

  • Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (Қожа)
  • Біз екеуміз таныс шығармыз деймін. (Майқанова)..

— Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? (Анфиса Михайловна)

  • Мен сенін, әкеңе қарыздыгер адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге
    емес, бақандай бір қарасы жүр.(Сәйбек қарт)
  • Келесі сабақка қайсың бақа үстап әкелесіңдер?(Оспанов)

«Қай сәт бейнеленген?»

1.»Тобемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Мандайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!» (Орыс едебиетінен Анфиса Михайловна А.Пушкиннің «Қысқы кеш» өлеңін жатқа сұрағанда)

2.»Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге үқсар деймін» (Бақа оқиғасынан кейін апасына кездесер сет).

3.»Маңдайдан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Сәйбек керінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?» (Пед. кеңес болып жатқан сәт).

«Білген сайын келеді біле бергім»

(Жаңа сабақ)

Бүгінгі біздің мақсатымыз

1 .Қожа мен Жантас бейнелеріне таддау.

2.Өз ойыңызды, пікірлеріңізді еркін айту, жеткізе білу.

З.Повесть туралы үғымды қалыптастыру.

а)»Түбінде адам болатын бала» Қожа портреті (мүғалім жатқа айтады).

«Мынау, міне, мүрным. Әжем кейде атымды атамай «тампыш неме» дейді. Оның айтқаны ып-рас екен ғой. Екі танауыма екі саусағым еркін сыйып кетерлік, қосауыз мылтықтың аузындай үңірейіп тұр. Екі шекемнің шығыңқылығы болмаса, басым қарбыз төрізді доп-домалақ, тап-такыр. Сол жақ қүлағымның астына таман бір түйір қалым бар. Бәтшағардың бітпейтін жерге бітуін қарашы. Одан да бетімнің үллына таман болсашы. Сонда әдемірек көрінер ме едім. Ал бойымды біреулер орта бойлы дейді. Әжем болса, әкең тәрізді сүңғақ боласың дейді»

Блум стратегиясы бойынша Қожа мен Жантастың бейнелеріне талдау. (Оқушыларға кеспе-карточкалар үлестіріледі).

І.Лагерьге жолдама бермегені үшін Майқанова апайды ренжіткен Қожаның ісіне қалай қарайсың?

2.0қулық алу үшін мүғалімді алдағаны дұрыс па?

3.»Бір секундка кідіріп, мүрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме қойып, тәжім еттім. Мұным балалардың күрметіне сыпайгершілікпен қайтарылған жауап болды да шықты. Балалар ду күліп жіберді.»Қожа қандай бала?»

4.»Қысқы кешті» жаттамаған Жантас не істеді? Онысын қалай бағалайсың?


5.»Қысқы кешті» жаттамаған Қожа қандай күйде болды?

  1. — — Қара көже, мынаның не екенін білесің бе? Біз лагерьге баратын боддық. Ал сен
    көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың.

Осы сөздерімен Жантастың қандай сипаты көрінеді?

  1. — Бүл кім?

—  Мен ғой, ата. Мен Қожамын.

  • Мүнда неғып отырсың?
  • Педсоветке келдім.
  • Онда сенің не шаруан бар?
  • Мен жөнінде мәселе карап жатыр.
  • Сені мүғалім етеміз дей ме?
  • Директор етеміз дейді. Қожа қаңдай бала?

8.»Бағана Майқановаға істегенім түрпайылық болды-ау» деген ойынан Қожаның қандай екені көрінеді?

  1. — Мама! Сен жылап жатырмысың?

— Маматай қойшы! Ең соңғы рет кешірші! Ант етемін! — деп Қожа мамасының тізесін
қүшақтай жығылған қалпында жылап жібереді. Қожа қандай?

Ю.Қожаның қүпия кеңес ашып, түзу жолға түсемін деп, өзіне-өзі серт беруі оның қандай бала екендігін керсетеді? Ой тастау.

Қалай ойлайсыздар, әдепті жолға түсуіне не себепкер болды? Анасын аяуы ма, Сейбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер ме, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме?

«Теріп алу» стратегиясы

алғыр, пысық           әділетгі

өтірікші                   ақын

ақылды                     әзілқой

сотқар, тентек      арамза

мейірімді                  тапқыр

қу, зымиян               қателікгерін түсіне біледі

шыдамсыз              жағымпаз

тиянақсыз

«Топтастыру» стратегиясы

Қожа                                           Жантас

(Оқушылар орындайды)

«Сергіту сәті» Жұмбақ шешейік. Батпаса да балшыққа, Шыққан емес шалшықтан. (бақа) «Өткірдің жүзі Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас» (Шығармашылық жүмыс).

РАФТ-2 Рөл: Қожа

Аудитория: Белме іші Форма: Ішкі ой Тақырып: Бақа

Жаңа үғым — жаңа ой. «Не үйрендім, не білдім?»


Сөзжұмбақ шешу.

 

            

    соҚ| пАқьАЕВ
 оспАҢсВ    
мАйқАн Е    
 КьтскыкЕТП    
       с¥лТАн 
    т      
 п т 
  1. «Менің атым Қожаның» авторы
  2. Зоология пәнінің мүғалімі
  3. Сынып жетекшісі
  4. Қожа жаттамай келетін өлең
  5. Қожаның досы
  6. Қожаның анасы
  7. Жанар жаттаудан алған бағасының орысшасы.

Көлемі жағынан әңгімеден ұзақтау, оқиғалары жинақы, оқиға негізінен бір арнада өрістейтін. кейіпкерлер саны да көп емес шығармалар бар.

Баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманы повесть дейміз.

Үйге тапсырма беру, оқушыларды бағалау.

«Балалық шақ» шығарма жазу.

Ашылмай қалған бір бейне бар.

Ол кім? Тауып, талдап келу.

«Бақытты балалық шақ». Буклетгі көрсете отырып, Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильмі туралы айту.

Сабақты түйіндеу.

Повесть қалай аяқталатын еді.

ЛаулаШаула жігер оты! Самеа, циял цүш!

Асыгатыным да, аңсайтыным да ертеңгі болашагым. Сабақтың қорытындысы:

1 .Сабақ соңында сүрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  2. Үйге тапсырма: Шығарманы оқып, мазмұнын әңгімелеп келу