Судың қасиеті сабақ жоспары

Қысқа мерзімді жоспар   Дүниетану   3 сынып

Кубаева Баян Санаковна – бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы Судың қасиеті
Сабақтың мақсаты: Су және судың күйі, қасиеттері туралы білімдерін жетілдіру.Тәжірибелер жасау арқылы судың қасиеттерін анықтау.

Білімділік: Су туралы мақал-мәтелдер мен тыйым сөздер үйрету.Су туралы мағлуматтар беру.

Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік: Судың адам өміріндегі маңыздылығын ескерту, суды қорғауға үнемдеуге үйрету.

 

 

Күтілетін нәтижесі: Оқушылар дауыссыз дыбыстар туралы түсінеді.Дауыссыз дыбыстарды сөз арасынан таба біледі. Төрт түлік туралы түсінеді. «Төлді қалай шақырады?» өлеңін талдай біледі. Өлеңді жылдамоқиды,есте сақтайды.

 

Сабақтың барысы
Бөлімі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Кіріспе

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық тренинг

Топқа бөлу,

1-топ Таза бұлақ

2-топ Ақ желкен

3-топ Мұхит тобы

4-топ Ақтолқын

 

 

— Балалар қазір қандай сабақ?

-Дүниетану сабағында біз сендермен нені үйренеміз?

(Айнала қоршаған табиғат, су, жан, жануарлар туралы білім аламыз.)

-Табиғат туралы не білеміз?

(Табиғат өлі және тірі болып екіге бөлінеді.)

-Балалар адамға өмір сүру үшін не қажет?

(Ауа, су, азық , киім , баспана қажет)

-Олай болса адам бұл қажеттіліктерді қайдан алады?

(Табиғаттан алады.)

Олай болса бүгінгі сабағымызда су туралы өтпек.

Алдымен үй тапсырмасын пысықтап алайық.

Үйге қандай тапсырма берілді?

-Судың күйі

Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне тілек айтады.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Үй тапсырмасы Жұмбақтар жасыру

1 Жылт-жылт етеді

Жылғадан өтеді (су)

2  Өзі судан жаралған

Бірақ судан қорқады.(мұз)

3. Көзге көрінгенімен қолға ілінбейді.(бу)

Оқушылар жұмбақ шешеді.
Жаңа сабақ Топтармен таныстыру.

 

1-топ Таза бұлақ 

Мөлдір, таза тау суы

Кәусардай таза бұлақпыз

Болсаң таза бұлақтай бол

Деді Ыбырай атамыз.

 

2-топ Ақ желкен 

Жүзіп білім теңізінде

Ғылымға қанат жаямыз

Ақ желкен боп, желмен ойнап,

Білімге бағыт аламыз.

 

3-топ Мұхит тобы 

Алып мұхит ,еңсесі зор

Жер шарында  жайылған

Қазыналы мұхитпыз біз

Жер мен жерді жалғаған

 

4-топ Ақтолқын

Көк теңізге күле еркелеп,

Кемелер мен жарысамыз,

Екпінді, асау толқынбыз

Білімге құштар ұланбыз     

Топпен өздерін таныстырады.
Сергіту сәті

 

 

 

 

 

Шығармашылық тапсырма

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

 

-Балалар енді келесі тапсырма әр топқа жеке тапсырмалар беріледі

1-топ: Таза бұлақ тобы су туралы мақал -мәтелдер жазу,

 

2топ: Ақ желкен тобы Қазақстан көлдері мен өзендерін жазу.

3-топ Мұхит тобы су жануарларын атау.жазу

-4топ Ақ толқын тобы судың пайдасы туралы әңгімелеу.өлең жазу

Қимылмен жасайды

 

 

 

 

 

Оқушылар шығармашылықпен айналысады

 
Сабақты бекіту Су туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер? Суға түкірме.

Беті ашық қалған суды ішпе.

Түнде суға  барма.

Суды ысырап қылма.

Қолыңды жуған соң сілкіме.

 

Сабақты  қорытындылау. Сонымен балалар су- тіршілік көзі екен. Судың қоры бүкіл әлем бойынша азйып бара жатыр екен. Сондықтан үнемдеп жұмсау қажет екенін ескерек.

Балаларды бағалау.

 

 

Рефлексия

 

Смайлик арқылы Тақтаға оқушылар өз ойларын жазады