Балалар сөзі – даналық көзі.

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Тақырып: 6 – сабақ. Балалар сөзі – даналық көзі.

Құндылық:  Ақиқат

Қасиеттер: шындықты айту, басқалардан жақсылықты іздеу; қарапайымдылық;

Мұғалiм: Ғатауова Асылзада Асылбекқызы

Класс: 3а

Күні:

Оқушылар саны:

 

Сабақ мақсаты: Оқушылардың рухани- адамгершілік туралы түсініктерін кеңейте отырып   ақиқан құндылығының  мәнін ашу.

Міндеттері:

— Сыпайы қарым – қатынас жасап, әрқашан шындықты айтуға үйрету;

— адамгершілік құндылықтарды білуге, басқалардан жақсылықіздеуге дағдыландыру;

— әрқашан шындық арқылы қарапайымдылыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Плакаттар, үнтаспа, түсті қарандаштар, баяу әуен

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып, түгендеу.

5. Т

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

Тыныштық сәтi.(баяу әуен)

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Үй тапсырмасы:

5-сабақ. Аңыз «Ата өсиеті»  Ә. Табылдиев

  1. «Ақыл – жастан» дегенді қалай түсінесіңдер?
  2. Ата – әжелеріміз бізді кішкентайымыздан қандай болуға үйретеді?
  3. Балалар «сыйластық дегенді қалай түсінесіңдер?
Сабақ барысын талқылау:
2.     Дәйек сөз.

Аталар мұрасы – халық қазынасы

Мақал — мәтел

-Аталар мұрасы дегеніміз не?

-Қазақтың қандай ұлттық өнерлерін білесіңдер?

—  Оларды ұрпақтан – ұрпаққа қалай жалғастыра аламыз?

 
Әңгiмелеу (сұхбат).

Жігіт: Ассалаумағалейкум, ата!

Қарт: Аманбысың балам? Бақытты болу оңай ма?

Жігіт: Ата, жары жақсы болса, бақытты жанында.

Қарт: Жоқ балам! Ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады. Ақыл адамды азаптан да, мазақтан да құтқарады. Өмірден шын бақытты болам десең ақылдықты үйрен.

Жігіт: Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз.

Қарт: Жоқ балам, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірл. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. «Бала – үйдің патшасы.», «Балала үй базар, баласыз үй мазар» деген халқым.

Балам үйдегі алтын қазық кім?

Жігіт: Ата, үйдегі алтын қазық- бала.

Қарт: Жоқ, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Анаң ақылшың, әкең қамқоршың, ағаң қорғаушың, інің сүйеншің, қарындасың қанатың екенін ұмытпа дейді. Анаңнвң мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде болады.

Жігіт: Ой қандай керемет сөздер!

Қарт: Балам достықты нығайтатын не?

Жігіт: Ата. Достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, туыстық, бауырмалдық нығайтады.

Қарт: Дұрыс балам, сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын, шын шын достық ақылдыға тән. Өмірде дос болуды ойласаң, «Сәлеметсіз бе?», «Кешіріңіз», «Рахмет», «Сау болыңыз», « Сәлем айтыңыз», «Рұқсат етіңіз» деген сөздерді шын көңілмен айтуға үйрен.

Сәлемдесуді білген,  кешіре біледі. Жөн сөз көңілді өсіреді.

Жігіт: Рахмет, ата, сіздің ғибрат аларлық сөздеріңізді есте сақтаймын!
—  Отбасымызда кімдер сыйлы адамдар болып саналады?

—          Үйлеріңізде сіздерге айтатын, үлкендердің ақылын айтып берсеңдер?

—          Ата – анаңның қандай ақылын қазіргі кезде орындап, өмірде қолданасың?
 

 
  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Балалар үш топқа бөлініп, әр топ өз сұрақтарына жауап береді.

Әріптерден сөз ойла сөйлем құрау.

  1. Топ: Тыйым сөздер айту.
  2. Топ: Мақал – мәтел айту
  3. Топ: Баталар жатқа айту
 
  1. Топпен ән айту

Көк тудың желбірегені

Сөзі мен әні: Ибрагим Ескендір

Көктудың желбірегені —
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
шымырлатқаны денені.

Көктудың желбірегені —
жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
жан емес,
маған керегі-
Көктудың желбірегені.

Көктудың желбірегені-
елдіктің асқақ өлеңі,
әр жаққа тартпай, Қазағым,
бір сөзге жинал дегені.

Көктудың желбірегені —
бақыттың елжірегені,
қиырда қалған Қазақтың
Азат отанға жете алмай
көзінің мөлдірегені.

Дәптермен жұмыс:

Дәптерде жазылған тапсырмаларды орындайды.

Атаның батасы

М. Әлімбаев

Дер кезінде тамақтан,

Кешікпей кел ….

 

Оқуда зейінді бол,

…. бейімді бол.

 

Кір шалмасын беттерін

Таза болсын….

 

Алдын торып дүкеннің

Жолын кеспе….

 

Мәңгі сақта есте,

Көптің жолын….

 

Жұлқылама бұтақты,

Жұлқылама ….

Керекті сөздер: сабақтан, еңбекке, дәптерің, үлкеннің, кеспе, кітапты.

 
  1. Үй тапсырмасы.

Тақырып: 7-сабақ.. Бірлігі жарасқан халықпыз

Ж. Жабаев «Туысқан ел»

 
  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Аяғымызды айқастырмаймыз, қолымызды тіземізге қоямыз, көзімізді жұмамыз. Бүгінгі сабақтан алған білімдерімізді ойымызға сақтап аламыз.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

Тыныштық, тыныштық, тыныштық бұл әлемде.