Meet my friend. ағылшын тілінен сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Meet my friend.

Сабақтың мақсаты: Өз досын таныстыру дағдысын қалыптастыру,“How old are you?” үлгілік фразамен таныстыру. Жаңа he/she лексикалық бірліктерін енгізу. 1-10 ға дейін санау дағдысын одан әрі қалыптастыру. өзге адамдарды құрметтеуге баулу.

 

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру сәті

Оқушылармен амандасу, кезекшімен әңгіме

Good morning, children. I’m…… . Sit down, please.

 

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

— Бүгін біз “How old are you?” сұрағын қойып, оған жауап беруді, бір-бірімізді танысуды сондай-ақ досымызды таныстыруды үйренеміз.

 ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс

he/she жіктеу есімдігінің мағынасын ашу. Флэш-карталарды пайдалана отырып, мұғалім оларда ер бала мен қыздың бейнеленгенін айтады.

He is a boy. She is sa girl.

Мұғалім ер бала мен қыздың аттарын кезек-кезек айтады. Жұптасып жұмыс істеу. Осы құрылымды пайдалана отырып, балалар бірін-бірі таныстыруға тиіс.

 

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу. Listen and learn

-Суреттерге қараңдаршы. Онда кімді көріп тұрсыңдар.? Әлібек, Анар, Бота және жаңа ертегі кейіпкері. Ол біздің ғаламшардан ба? Қәзір мәтінді тыңдап, оның жасы нешеде екенін білеміз. Муни айдан ұшып келіпті. Аудио жаттығу.

 

Track 10

Moony: Hello. What’s your name?

Alibek: Hi. My name is Alibek. What’s your name?

Moony: I’m Moony. I’m 8. How old are you?

Alibek: I’m 6. I’m a boy.

This is Moony. He is 8

Anar: Hello Moony.

Alibek: This is Anar. She is a girl. She is 7. and this is Bota.

 

Дидактикалық ойын. Доп лақтыру

Мұғалім әр балаға допты лақтырып, «жасың нешеде» де сұрайды.

Жұппен жұмыс.

 

Сергіту сәті.

Hands up! Hands down!

Shake! Shake!

Stand up! On tha tiptoes

Turn around. Step aside,

Step left! Step right!

 

Дәптермен жұмыс

1-жаттығу. How old are the children? Write the number. Say the age. He is./ She is…. .

2-жаттығу. Count and tick

 

ІҮ. Сабақты қорытындылау.

-Жарайсыңдар, балалар!  Бүгін сендер “How old are you?” деген сұраққа жауап беруді және he/she сөздерін үйрендіңдер. өздеріңнің жастарыңды айтумен шектелмей, достарыңның жасын айтуды үйрендіңдер.

Өте жақсы! Сендер бүгін жақсы жұмыс істедіңдер. Well done, children!  Goodbye!