Күз сыйы Коучинг жоспары

Коучинг тақырыбы:Күз сыйы

2-сынып оқушылары және ата-аналарымен өткізген              І деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған бастауыш сынып мұғалімі

Гулниса Жумабаевна Ешова

Жалпы мақсат:Күз мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Ата-анамен оқушы арасындағы ынтымақтастықты орнату
Сілтеме:«Жыл мезгілі» туралы әдебиеттер, «Дүниетану» оқулығы
Негізгі идеялар:Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар, балалар. Табиғат қай кезде болмасын тамаша дүние.Күз келсе біз сары-қызыл жапырақтарды тамашалаймыз, қыс түссе-аппақ қарда алысып ойнаймыз, көктемде қабат-қабат тонымызды шешіп, күннің сәулесіне қыздырынып, жаңадан бүршік атқан талдарды,ұшып келген құстарды көріп,жаңа өмір бастағандай боламыз; ал жазда –көлге барып, суға түсіп,жазғы демалысымызды ерекше өткізуге тырысамыз.Ақындар да әр жыл мезгіліне тамаша өлеңдер жазып, табиғаттың сұлулығын өлең жолдары арқылы бізге жеткізген.Жыл мезгілдерінің бәрі тамаша. Әйтсе де, біз бүгінкүз-ге деген құрметімізді көрсетпекшіміз.Біз екі «Алтын күз» және «Жомарт күз» топтар арасында күз мерекесін шағын ойын түрінде өткіземіз.Ол  топтарда ата-аналар мен оқушылар аралас болады
Қолданы-латын материалдар:Слайд-презентация «Күз сыйы»

түрлі-түсті стикерлер, бейне көрсетілім, маркерлер, тапсырмалар

Дерек көздері:«Жыл мезгілі» туралы әдебиеттер, «Дүниетану» оқулығы
Тапсырмалар:Топтық талдау,пікірлерін постер арқылы қорғау

КҮЗ СЫЙЫ

(КОУЧИНГ — САБАҚ)

Гулниса Жумабаевна Ешова

Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы

 

Коучинг — сабақ жоспары

 

 

Коуч пен топтардың іс-әрекеті

Қызығушылықты

ояту

Коучтың іс-әрекеті

 

Жайлы орта,жағымды көңіл-күй қалыптастыру үшін «Жақсы сөз –жарым ырыс» тренингін ұйымдастырады

топтардың  іс-әрекеті

Қатысушылар бетпе- бет тұрып, бір біріне жақсы лебіз айтады.

тапсырма«Ақындар күзді жырлайды»

«Қас -қағым сәт»

Топ мүшелерінің бәрі күз туралы мәнерлеп оқиды

Күз айларына қатысты сұрақтарға жауап береді

Коучтың іс-әрекетітоптардың

іс-әрекеті

 

тапсырма

«Сен білесің бе?»

 

 

 

 

«Менің сүйікті жыл мезгілім»

Ауа райы,табиғат туралы халық болжамдарын түсіндіріп айту

Шағын шығарма байқауы «Автор орындығына» отырып оқып береді

Коучтың  іс-әрекетітоптардың іс-әрекеті
Бой сергітуден ой сергітуге 

«Тұрғын үй» ойыны ойналады

Ойын ойнайды,  көңіл- күй көтеріліп, шаршаудан серпіледі
Коучтың іс-әрекетітоптардың іс-әрекеті
 

Бейне көрсетілім

«Күз сыйы»

 

Сұрақтар дайындайды: Күзгі қарбалас деген не?

Күз неге еңбекқор мезгіл деп аталады?

Күз мезгілінің ерекше сипаты қандай?

 

Қызықты бейне көрсетілімді тамашалайды Бейне көрсетілім идеясын талдап, ашады

Тапсырма

 

 

 

Күз неге жомарт күз, неге алтын күз, неге күз мезгілі мереке деп аталады?

Жалпы қорытынды жасайық

 

Әр топтың тапсырманы орындау барысында шығармашылықпен жұмыс істеулеріне нұсқау береді

Әр топ бірлесе жұмыс істеу арқылы шығармашылық қабілеттерін іске қосады .Постерді қорғайды
Коучтың   іс-әрекетітоптардың  іс-әрекеті
Жылдың барлық мезгілі де өте жақсы.Бірақ молшылық пен байлыққа толы жомарт күзді бәріміз де жақсы көреміз. 

фактілерді келтіреді,өз пікірлерін ортаға салады

Коучтың  іс-әрекетітоптардың  іс-әрекеті
Кері байланысТоп мүшелеріне коучингтің өту деңгейін бағалау үшін  түрлі-түсті стикерлер үлестіреді

Топ мүшелеріне кері байланыс парағын толтыруына мүмкіндік береді

Кері байланыс  парағын толтыру арқылы коучинг жұмысына сыни көзқараспен қарайды
Коучтың  іс-әрекеті
Бірлесе жұмыстанғаны үшін алғыс білдіреді. Сыйлықтар үлестіреді