«Бунақденелердің жауынан қалай қорғанады? Бүркеніш рең, сақтандырғыш рең»

Сабақтың тақырыбы: «Бунақденелердің жауынан қалай қорғанады? Бүркеніш рең, сақтандырғыш рең»

Сабақтың мақсаты:

1.Бунақденелердің жауынан қалай қорғанатына туралы түсінік беру. Бүркеніш рең, сақтандырғыш рең бунақденелердің жауынан қорғану әдісі екендігі туралы түсінік қалыптастыру.

  1. Оқушылардың дүниетанымын, қызығушылығын, танымдық қабілеттерін арттыру.
  2. Бунақденелерге қамқорлық болу, оларды қорғауға баулу.

 

Сабақтың түрі: өзара оқыта үйрету формасы.

 

Сабақтың әдісі: жеке, топтық, сұрақ-жауап, Венн диаграммасы, ой қозғау, рөлдік әдіс.

 

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тапсырмалар.

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

-Бізді өоршаған не?

-табиғат нешеге бөлінеді?

-Тірі табиғатқа нелер жатады?

-Жануарларға нелер жатады?

 

Топтастыру.

 

 

 

 

 

          Жануарлар

 

 

 

 

 

 

-Бүгін біз осы жануарлар ішінде аңдар мен құстар және бунақденелер туралы әңгімелесеміз.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

«жануарлар немен қоректенеді?», «жануарлар жемін қалай аулайды?»

 

Тақтада тапсырмалар ілінеді.

   І-топқа тапсырма.

1.Оқулықтағы суреттер бойынша жануарлардың атын атап, қай жануар немен қоректенетіні туралы айт.

  1. «Жануарлар жемін қалай аулайды?» тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

 

   ІІ-топқа тапсырма:

-Қасқыр, сілеусін, түлкі, жолбарыс, аю т.б жануарларға сипаттама беріңдер.

 

ІІІ-топқа тапсырма:

-91-беттегі, 6,7-тапсырмаларды өз ойларымен дәлелдеу.

 

   Жаңа сабақ.

-Балалар, сендер жануарлардың сөйлегенін немесе әңгімелескенін көргендерің бар ма? (оқушылар өз ойларымен бөліседі.)

-Әңгімелеспейді екен. Ендеше мына жануарлар өзара әңгімелесіп отыр екен. (Плакаттағы суретті ашу) Мұғалім оқушыларға сурет бойынша жаңа тақырып мазмұнын әңгімелейді. Содан соң мәтінді оқушылар оқиды.

1-топқа: Бунақденелерді теріп жазу.

Мысалы: маса, шыбын, шегіртке, қанқыз, көбелек, қоңыз.

2-топқа: Венн диаграммасын құрғызу. Бунақденелердің ұқсастығы, айырмашылығы туралы.

 

                                               Венн диаграммасы

 

 3-топқа: Әр оқушы өзін қара шыбын, қанқыз, көбелек, көкшегірткенің орнына қойып олардың өз жауынан қорғану әдістері туралы  әңгімелесу.

 

Сабақтың қорытындылау:

  1. Бүркеніш рең. 2. Қорғаныш рең. 3. Сақтандырғыш рең.

Осы атауларға сурет арқылы бунақденелердің тиістісін қою.

 

Үйге.

1-топ: Бунақденелердің суретін салу.

2-топ: Бунақденелерге сипаттама беру.

3-топ: Рөлге бөліп оқу, әңгімелесу.

 

Бағалау: Оқушы білімін дұрыстығына байланысты тиісті белгісін қойып, сол бойынша оқушы білімі бағаланады.