Бесік жыры. Тұсау кесу жыры

Әдебиеттік оқу. Қысқа мерзімді жоспар

Сыныбы: 2 «Б»
Сабақтың тақырыбы:Бесік жыры. Тұсау кесу жыры.
Мақсаты:

 

Халық ауыз әдебиетіндегі жырлар мазмұнындағы салт-дәстүрлер туралы түсінік беру.
Күтілетін нәтижелер:

 

 

А.  Өлеңдер мазмұнын  біліп түсінеді.

В.  Бесік жыры мен тұсау кесу жыры туралы баяндайды.

С.  Өмірлік тәжірибесінен бесікке салу мен тұсау кесу рәсімдері туралы ой бөліседі.

Қажетті құрал-жабдықтар:

 

 

видетаныстырылым, интерактивті тақта, бесік, дидактикалық материалдар
Мектептегі тәжірибе кезіндегі тапсырма: 2,3,4,5,6,7 тапсырмалар
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдеріУақытыМұғалім әрекетіОқушы әрекеті
Кіріспе

 

 

 

2 мин«Шаңырақ»  тренингі арқылы оқушыларды топқа бөлу.

Шаңырақ — киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес,  шаңырақ

уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. Киіз үйдің үстіндегі дөңгелек шеңбер осылай аталады . (ой түрткі)

 

Шаңырақ та данышпан аталарымыздан қалған асыл мұра секілді- киелі.

Сұрақ: «Атадан қалған асылмұра» тарауында қандай шығармалармен таныстық? Ассоциация жасау Неліктен?

Ұрпақтан – ұрпаққа, атадан – балаға мирас ретінде жетіп отыр.

«Өс, ұлан!» Өтебай Тұрманжанов жатқа сұрау.
Ақын жас ұланға дені сау болып өсу үшін қандай ақыл айтқан?

 

Ортаға шығып шаңырақтың уықтарын ұстап киіз үй бейнесін келтіреді. Шаңырақтан жеке топтарға бөлінеді.

 

 

 

«Өс, ұлан!» Ө. Тұрманжанов жатқа айтады, өлеңнің мазмұнына байланысты мақал келтіреді.
Оқушылар өзара «Бас бармақ» әдісімен бағалайды және қойған бағасына интерпретация жасайды. Үй тапсырмасын тексеру арқылы  өткен тақырыпта қайталайды, бұрыңғы білімді жаңғыртып, жаңа тақырыппен байланыс орнатады.

 

Тұсау

кесер

 

 

 

 

2 минЖұмбақ жасыру

1.Сәбиге сәнді үй-
Әжеге ән мен күй. –

-Бесік деген не?    Бесік неден жасалған?
— Бесікке жатқан бала бар ма?
— Бесікке байланысты қандай салт – дәстүрлерді білесіңдер?
 -Бесікке бөленген баланың ұйқысы неге тыныш болады?  (бойы жылы, тәні таза болады).

Баланы бесікке бөлеу қазақ халқына тән ұлттық қасиет. Бесік киелі.

   Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге ашу.  Бүгінгі сабақта такырыпка сай не үйреніп білеміз деп ойлайсыңдар?

Сабақтын табыс критерилерін анықтау:

1)                 Баланы бесікке бөлеу, тұсау кесу дәстүрін білемін.

2)                 Бесік жырының, тұсау кесу жырының маңызын түсінемін.

3)                 Өлеңнен анасының баласын қалай жұбататынын, баласын жақсы көрген сезімін қандай сөздермен білдіретінін білемін.

 

Оқушылар өз ойларын айту. Жауаптарына қарай сабақтың мақсатын ашу.

Керібайланыс сұрақтары — терең ойлауға түрткі сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын ашады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың табыс критерийлерін анықтайды.

Негізгі бөлім:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды:

 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Видео таныстырылым көрсету.

Зерттеушілік әңгіме: Бұл видео таныстырылымнан не көрдіңіз, қандай салт-дәсүрлердің орындалу барысын білдіңдер?

 

Кедергісі бар балаға «А»:  осындай жағдай сенің өміріңде болды ма?(«жадылық серуен» техникасы)
Ой қозғау: Осы суреттерден адамдар арасындағы қандай  сезімді көріп                             тұрсыңдар?

(жылулық, махаббат, сүйіспеншілік, мейірімділік, қамқорлық, жақсы көру

Оқулықтағы «Бесік жыры» өлеңін мінерлеп оқу. Бесік жырын айтып отырған кім? Апасы сәбиіне қандай жақсы тілектер айтты?

Сергіту сәті:«Үнсіз хор» әдісі арқылы өлеңді хормен оқу, іштен оқу,әндетіп оқу.

 

Бала дүниеге келгеннен кейін тағы қандай салт-дәстүрді өткізіледі? Кедергісі бар «А» тобындағы балаға :  осындай жағдай сенің өміріңде болды ма?(«жадылық серуен» техникасы)

-Баланың тұсауын пысық, абыройлы адамға кестіреді. Неліктен ?

Тұсау кесу дәстүрін сахналау.

Тұсау кесу жырын мәнерлеп оқу.

Екі өлеңнің авторлары туралы не айтасыз? -жұпта талқылап,  тұжырымдау.

Ойлануға түрткі сұрақтар: «Атадан қалған асыл мұра» дегенді қалай түсінесіңдер?
Адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған мәдени нұсқалары, ұлағатты сөздері, көркем туындылары, ұрпақтан – ұрпаққа, атадан – балаға мирас ретінде жетіп отыр. Бұл тарту Ата мұра деп аталады. Қазақ халқының дәстүрлі киім-кешегінен бастап, үй жиһаздары, ата – кәсіп құрал – саймандары, тарихи ескерткіштері, туған өлке, туған жер, туған тіл бәрі де мұра болған.
Топпен жұмыс: Маршруттық карта.

-маршруттық картаны оқып «ойлан-жұптас-бөліс» әдісі бойынша талқылауды ұйымдастыру.

Ойлануға түрткі сұрақ:

Атадан калған асыл мұралар қатарына нені қосар едің? Неге? (бесік, ұлттық салт-дәстүрлер)

 СТО: сөзге ассоциация жасауды аяқтау.

 —5 жолды өлең құрастыру (ана, бала, бесік, күрмеу)

 

Рефлексия: Бүгінгі сабақ бойынша өзің «Блоб» ағашының қай жерінде тұрмын деп ойлайсын? (қорша)

 

 

Үй жұмысы: Тұсау кесу жыры өлеңін жаттап келу,

Үлкендердің «Бесік жырын» айтқанын  видеоға түсіру, подкаст жасау.

Видео таныстырылымнан көрген салт-дәстүрді талдап бесік тойы, тұсау кесу дәстүрлері туралы ойларын айтады. Бұл салт-дәстүр ата-бабадан қалған мұра екенін біледі.

«А» тобындағы балаларға жадылық серуен

 

 

 

Оқушылар топтарда өлеңді  оқып, бірге талқылайды, алдына қойылған сұрақтарға жауап береді, сол сұрақтар төңірегінде ойларын бөліседі.

 

 

 

 

 

«А» тобындағы балаларға жадылық серуен

 

 

 

Өлеңді мәнерлеп оқиды

Тұсау кесу дәстүрін сахналайды

 

Өлеңнің авторы жоқ екенін, ел аузынан, ұрпақтан ұрпаққа айтылып келгені туралы біледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар өз бетімен постер  құрастырып жұмыстанады, жұпта, топта жұмыс түрлерін өткізеді.

 

Жауаптардың сәйкестік деңгейін тексереді және төмендегі критерийлер бойынша өзін-өзі бағалайды.

«Атадан қалған асыл мұра»-ойларын түйіндеп, топтастыруды аяқтайды,

СТО әдісін қолданып 5 жолды өлең құрайды.

Сабаққа рефлексия жасайды 2 жұлдыз,1 ұсыныс айтады

 

 

 

 

Сабақтың өзіндік талдауы: Бүгін қазанның 8-і, алғашқы сабағымды  сындарлы теориялық оқытуға негізделген әдіс-тәсілдерді қолданып өткіздім. Кіріспе бөлімінде «Шаңырақ» тренингі арқылы оқушыларды топқа бөлдім. Бұл тренингті алған мақсатым «Шаңырақ та данышпан аталарымыздан қалған асыл мұра секілді- киелі»- деп, тараудың тақырыбымен байланыс жасадым.Неліктен? Сабақтар топтамасындағы тақырыптар не себептен «Асыл мұраға» жататыны ойлануға түрткі болады, оқушылардың ойларын дамытады. Тарауда өткен тақырыптарға қысқаша шолуды СТО технологиясының «Ассоциация» әдісін қолдандым. Дайын білім беруден гөрі оқушылар өздігінен тарауда өткен шығармаларды естерінде түсіріп, ұзақ мерзімді есте сақтауға көмектеседі. Ассоциативті оқыту нақты мәліметтерді жаңғырту немесе есте сақтауға жол ашады.

Үй жұмысын тексеру барысында оқушылар өзара «Бас бармақ» әдісімен бағалады және қойған бағасына интерпретация көмегімен түсініктеме берді. Үй тапсырмасын тексеру арқылы  өткен тақырыпты қайталап, бұрынғы білімді жаңғыртып, жаңа тақырыппен байланыс орнаттым.

Оқушылар түрлі дерек көздерінен, бұрын алған білімдеріне сүйене отырып кері байланыс сұрақтарына, терең ойлауға түрткі болатын  сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын ашып, табыс критерийлерін анықтадық.

Сабақтың негізгі бөлімінде видео таныстырылымнан көрген салт-дәстүрді талдап «Бесік тойы», «Тұсау кесу» дәстүрлері туралы ойларын айтты. Бұл салт-дәстүр ата-бабадан қалған мұра екенін білді. АКТ оқушылардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік береді, сабаққа қызығушылығы артады. Мұғалімге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады мұғалімнің құзырлығы өседі.

Сыныптағы диалогтік әңгімені дамыту мақсатында зерттеушілік әңгіме жүргіздім. А тобындағы кедергісі бар оқушыларға «жадылық серуен» техникасы арқылы «Осындай жағдай сенің өміріңде болды ма?» деген сұрақтар арқылы оқушылар өздерінің бастапқы тұжырымдамасын пысықтай отырып, кейін зерттеушілік әңгімеде дамытып отырды.

Талантты және дарынды балаларды оқытуда тапсырманы күрделендіру Нағаз құзыреттілікті дамытуда рольдік ойынның маңызы зор. «Тұсау кесу» дәстүрін рольдік ойында көрсеттік. Талантты немесе қабілетті үнемі айқандай отырып бастауыш мектептердің мұғалімлері өздерін «дарынды бақылаушы» ретінде көрсетуге тиіс.(Eyre and Lowe,2002) Сұрақ қою маңыздылығын ескере отырып жұптық жұмыста жоғары дәрежелі сұрақтар қойылды, оқушылар өздеріне берілген ақпаратты кеңейтуге тиіс болды.

Топпен жұмыста сабақты бекітуде  СТО технологиясының «Маршруттық карта» бердім. Бұл жұмысты оқушылар табыс критерилері бойынша өздеріне ұпай қойып, білім деңгейін анықтады. «5 жолды өлең құрастыру» баланың не үйренгені туралы сыни тұрғыдан ойлау,шығармашылық  дағдыларды танып білуге құрылған.

Оқытуды, білім берудегі осы мүмкіндіктерді іске асыруды  анықтауға бағытталған формативті бағалау, оқыту үшін бағалаудың «Бес саусақ», «Бағдаршам», «Блоб»ағашымен өткен сабаққа рефлексия жасадым.

Осы сабақтан мен не ұттым?-деген сұрақты өзіме қойып, сабағымның қай кезеңі сәтті шықты, ал нені әлі де реттеу керек екені туралы ой қозғадым. Сабақты жоспарлаған кезеңде бағдарламаның сыни    тұрғыдан ойлау , диалогтық оқыту , оқуды бағалау және талантты және дарынды балалармен жұмыс модульдерін ықпалдастырған болатынмын.  Оcы алғашқы cабағымды ынтымақтаcтық атмоcфераcын қалыптаcтыра отырып тапcырмаларды жаc ерекшелiктерiне cай беру арқылы қалай оқу керектiгiн үйрету,  алған бiлiмдерiн түciнiп қана қоймай өз өмiрiне пайдалана алуды қалыптаcтыру болды.Cабақ жаңа әдiciпен бiрiншi рет өткiзiлетiн болғандықтан , оқушыларға бiр – бiрiмiзбен ынтымақтаcа қарым – қатынаc жаcау керектiгiн , cабақ өз мақcатына жету үшiн бiрлеcе жұмыcтануымыз қажет екенiн айтып өттiм. Бiрiншi cабақта ұйымдаcтыру яғни , топқа бөлу «Шаңырақ» тренингі кезінде оқушылар шапшаң топтасамыз деген ойда, араласа қалай топтасқандарын сезбей де қалды.

Қандай кедергі болды? Тізбектелген сабақты жоспарлағанда оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып  оқытудағы 7 модульді ықшамдап әр сабағыма енгіздім.Бүгінгі сабағымда жаңа әдіс тәсілдердің түрін  көп жоспарлап қоймадым ба деп ойлаймын. Бұның себебі сабақты қорытындылау бөліміде  уақыттың тығыздығына байланысты мен Маршрутық картамен жұмыста оқушылардың рефлексиясына толық тоқтай алмадым, тек үстірт 4 оқушының жұмысымен таныстырдым.5 жолдық өлеңді құрастырған кезде алғашқы болған 2 оқушыдан сұрадым. Осы жіберілген қатемді алдағы сабақтарды жоспарлаған кезде ескеруім керек.