Геометриялық прогрессия. Геометриялық прогрессияның п-ші мүшесінің формуласы

 

Сабақтың

тақырыбы

Геометриялық прогрессия.  Геометриялық прогрессияның п-ші мүшесінің формуласы
Мақсаты  Геометриялық прогрессияның п-ші мүшесінің    формуласын меңгеру.
Күтілетін

нәтиже

А) Геометриялық прогрессияны анықтай алады.

В) Геометриялық прогрессияның п-ші мүшесінің    формуласын есеп шығаруда қолдана алады.

С) Геометриялық прогрессияның реттік номерін анықтайды.

Әдіс-

тәсілдер

«Серпілген сауал», «Кір жаятын жіп», «Ойлан. Бірік. Бөліс», «Деталдарын қосу», «Конверттегі сұрақ», « Маған көрсет» әдістері,
Керекті

жабдықтар

Оқулық Алгебра 9 сынып  Ә. Н. Шыныбеков Алматы «Атамұра»

2013 Интербелсенді тақта, планшет, флипчарт, маркер, жіп, қыстырғыштар, бағалау парағы, бағдаршам, смайликтер, парақшалар, конверттер.

Пәнаралық байланысТарих, әдебиет
ТүріКіріктірілген сабақ.
Сабақ барысы:
Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекетіОқушы әрекеті
Кіріспе3 минут Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Тәуелсіздікке 24 жыл.» тренинг өткізу.

 

2 минут.

Үй тапсырмасы интербелсенді тақта арқылы  тексеріледі. №№191,192

5 минут

«Серпілген сауал» әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталаймыз

Оқушылар ортаға шығып, «Тәуелсіздікке 24 жыл» сөйлемдегі әр әріпке байланысты тілек айтады.

Топшамалар  таңдау арқылы топқа бөлінеді.

Топ басшыларына бағалау критерийі беріледі.

 

Әр топ бір-біріне сұрақ қояды.

Топ басшылары бағалау парағын толтырып отырады.

Тұсаукесер5 минут. «Кір жаятын жіп» әдісі.

Әр топқа әдебиет пәнінен сұрақтар қойылады.

1 сұрақ: Қазтуған жырау «Бұдырайған …  шекелі, Мұздай үлкен көбелі» (екі)

2-сұрақ: Оғыз қағанның үлкен той жасап, халқына айтқан сөзі «Дүниенің … бұрышы  маған бағынуы тиіс.» (төрт)

3-сұрақ: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры «Жібектей шалғыныңа қонып өскен,

… сай тау біткенді сала, аман бол!» (сегіз)

4-сұрақ:  Қазтуған жырау «Салп-салпыншақ анау … өзен, Салуалы менің ордам қонған жер» (үш)

5-сұрақ: Ақтамберді жырау «Қылмасын жұрт келеке,

Араз болсаң … ауыз» (алты)

6-сұрақ: Қорқыт ата кітабы неше жырдан тұрады? (он екі)

Оқушы жауаптары арқылы сандар анықталады.

Оқушыларға сұрақ: осы сандар тізбегі қандай заңдылықпен орналасқан?

Оқушылардың жауабы  арқылы жаңа тақырып ашылады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сандарды анықтап, жауабын жіпке ретімен іледі. Сандардың орналасу заңдылығын анықтайды.

 

 

 

Негізгі бөлім10 минут.

1. «Ойлан. Бірік. Бөліс» әдісі  арқылы жаңа тақырыпты меңгереді.

Қазтуған жырау тобының тапсырмасы: Геометриялық прогрессия анықтамасы

Доспамбет жырау тапсырмасы: Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесін табу  формуласы

Шал киіз жырау тобының тапсырмасы: Геометриялық орта

10 минут

2. «Детальдарын қосу» әдісі.

Әр топқа есептер беріледі.

1.     Қазтуған тобының тапсырмасы: №202 (а).

2.     Доспамбет тобының тапсырмасы: №202 (ә)

3.     Шалкиіз тобының тапсырмасы: №202 (б)

5 минут.

3. Сергіту сәті: «Конверттегі сұрақ» әдісі.

1. Қазтуған тобының тапсырмасы:

15; 75; 375;…  геометриялық прогрессияның еселігін табыңдар.

2. Доспамбет тобының тапсырмасы:

Еселігі 2, бесінші мүшесі 80 болатын геометриялық прогрессияның бірінші мүшесін табыңдар.

Шалкиіз тобының тапсырмасы:

Бірінші мүшесі -8, айырымы 2 болатын арифметикалық прогрессияның бесінші мүшесін табыңдар.

Оқушылар тапсырманың жауабын айтқан соң, интербелсенді тақтада 550 саны шығады.

Қазақ тілі  мен әдебиеті пән мұғалімі «Қазақ хандығының 550 жылдығы» туралы қысқаша мағлұмат береді: “Қазақ хандығы кезеңі – ат жалында күн кешкен алаш жұртының қаһармандық дәуірі. Ел билеген хандардың өмірі майдан шебінде өтті. Қазақтың алғашқы он төрт ханының жетеуі жорық жолында қаза тапты. Осынау ұлы бабалардың биік рухына барлық ұрпақ айрықша  құрметпен бас иіп, ризашылығын білдіреді.  Олардың ұлтқа сіңірген ұшан-теңіз еңбегі әрдайым ел есінде сақталады. “                                        Н.Ә.Назарбаев.

 

Оқушылар бұл әдіс бойынша жұмыстанып, постер қорғайды.

Әр топ «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам», «Қолпаштау» арқылы бағалайды.

Оқушылар есептер шығару арқылы интербелсенді тақтадағы потреттердің аттарын анықтайды және олар туралы мағлұмат айтады.

Оқушылар конверттегі тапсырмаларды орындай отырып,  550 санын анықтап, тарихи деректер арқылы сөйлетеді.

Қорытынды3 минут.

«Маған көрсет» әдісі:

сөздер тізбектелген сөйлем берілген, олардың ішінен дұрысын таңдап алу керек. Мен 3-ке дейін санап болғанда, әрбір сөйлем үшін дұрыс сөз жазылған планшеттеріңді көтеріңдер. Бір сөйлемді бір рет талқылаймыз.

Планшеттердегі сөйлемдер:

1.«Бұқар жырау -Оғыз қағанның ақылшысы, кеңесшісі.»

2 .«Бұқар жырау- Абылай ханның ақылшысы, 18-ғасырдағы жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық соғысын ұйымдастырушысы.»

3. Бұқар жыраудың толғаулары: «Ай, Абылай!» «Ал, тілімді алмасаң», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда»

4. Бұқар жырау толғаулары:«Салп-салпыншақ анау үш өзен», «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Күлдір-күлдір кісінетіп»

5. Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы- туған елі, оған деген сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі.

6. Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы- екі жастың бір-біріне деген сүйіспеншілігі, Отанды қорғау.

7. 5; 9; 12;…- геометриялық прогрессия

8. 4; 8; 16;… – геометриялық  прогрессия

9. 1; 5; 9;… – арифметикалық прогрессия

10. 2; 6; 18;…-  – геометриялық  прогрессия

11. 3; 5; 9; … — арифметикалық прогрессия

12. 5; 10; 15; … — арифметикалық прогрессия

Оқушылар дұрыс жазылған планшеттерін көтереді және талқылайды.
Бағалау

 

 

Рефлексия

 Ал енді топ лидерлерін тыңдайық.

Үйге тапсырма: № 205; 210

 

Смайлик арқылы бүгінгі сабақтағы көңіл-күйлерін білу.

Топ лидерлері өз бағалау парағы бойынша бағаларын талдап айтады.

Оқушылар өзіне ұнаған смайликтерін көтереді.