Пайдалы іс- өзіңе ырыс, Пайдасыз іс- бос жүріс

Сабақтың тақырыбы:Пайдалы іс- өзіңе ырыс,

Пайдасыз іс- бос жүріс

Сабақтың мақсаты:Адам әр уақытын өкінбейтіндей етіп өткізу үшін жаман әрекеттерге әуестенбей, өнегені өзге жұрттан емес, ата салт-дәстүрімізден іздегендері жөн екенін насихаттау. Дені сау, салауатты өмірді қолдайтын Отанымыздың азаматтарын тәрбиелеуді жан-жақты жандандыру. жаман әдеттерден аулақ болып, білімді-ұстамды, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: 
ӘдістерТоптық  жұмыс, ой шақыру, ой толғау
Көрнекілігі:Слайдтар,маркер,стикер,аққағаздар,мақал-мәтелдер

Интербелсенді тақта,видео, ватман

Сабақтың барысы:

 

Ұйымдастыру

 

Топқа бөлу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II негізгі бөлім

Кіріспе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мың бір мақал» сайысы

 

 

 

 

Топтық тапсырма орындау

 

 

 

 

 

 

«Ой толғау»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақты бекіту. (сұрақ – жауап) әдісі

 

 

 

Қорытынды

Мұғалім әрекеті

1. Психологиялық дайындық

«Сен мен және бәріміз»

2. Топқа бөліну

Балалар сіздер жылдың әр мезгілінде дүниеге келдіңіздер. Қазір соған байланысты топқа бөлінелік.

I топ. Қазір көктем мезгілі болғандықтан бірінші топ көктем тобы болсын.

I топ көктем

II топ жаз

III күз

IV қыс

Көктемде дүниеге келгендер бірінші топ. Жазда дүниеге келгендер екінші топ. Күзде дүниеге келгендер үшінші топ. Қыста дүниеге келгендер төртінші топ.  Сіздерді неге осылай осылай отырғызды деп ойлайсыздар?

Иә, балалар, зерттеу бойынша жыл мезгілдеріне байланысты адамдардың мінез-құлықтарын анықтауға болады екен. Қазір осыған тоқталамыз.

Балалар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: « Пайдалы іс- өзіңе ырыс,

Пайдасыз іс- бос жүріс»

Серік пен Мақсатты ортаға шақырайық.

Көрініс.

Осы көріністен не түсіндіңіздер?

Енді сіздерге тапсырма

I-II топ: Пайдалы іс ол қандай іс? Сол туралы топтастырасыздар.

III-IV топ: Пайдасыз іс бос жүріс

Топтап жазып оны түсіндіріп бересіздер.

Мұғалім сөзі:

Дұрыс айтасыздар пайдалы іс дегеніміз біздің сабақтан кейінгі бос уақытымыз.

Уақытты тиімді пайдалану дегеніміз не? Уақытты тиімді пайдалану — ол көп іс атқару емес. Ол өз уақытыңда тиімді және дұрыс пайдалану. Бірақ «дұрыс» деген сөзіміз әр тұлға үшін әрқилы мән береді. Адам баласына шамадан тыс жұмыс істеуден басқа демалыс пен серуенге шығып тұру керек. Сонымен қатар әркімнің өз жеке маңызды істері бар. Біз көп немесе аз жұмыс істеуге, көп немесе аз көңіл көтеруге тиісті емеспіз, біз өз — өзімізбен болуымыз керек.
Уақыт – біздің өміріміз. Ендеше оны қалай пайдаланып жүрміз. Уақытты тиімді жұмсауға не кедергі болады?
Шындығына келгенде кез келген адам өз уақытын тиімді пайдалана алады? Ол үшін өзіңізге маңызды сұрақ қоюыңыз керек: «Маған өз қалауыммен өмір сүруге не кедергі жасайды?».

 

Біз әр қайсымыз өзіміздің бос уақытымызды дұрыс пайдалана білуіміз керек. Біздің сыныптағы оқушылар бос уақытында түрлі мектептен тыс үйірмелерге барады.  Сол туралы әркім өзін топтастырсың.

4. Мақалды жалғастыр: Осы пайдалы істің өзі неден шығады. Әрине еңбектен, денсаулықтан. Біз бос уақытымызды ұйқымен өткізбей, еңбекпен шұғылдануымыз керек. Қазір әр топтан бір оқушыдан шығып, келесі топтағы оқушыларға еңбек, денсаулық туралы мақалдарын айтады, топтағы оқушылар жалғаын табады.

Қарлығаш, Аружан, Анель «Қазақ биімен»   ортаға шақырамыз.

Бүгінгі тәрбие сағатында біз бос отырмай ат салысып отырайық. Сіздер өздеріңіз білесіздер, бізге қандай мереке жақындап келе жатыр. Олай болса қазір әр топқа тапсырма беремін. 8- наурызға аналарыңызға ,әпкелеріңізге шағын сыйлық жасайсыздар.

I топ гүл жасау

II гүл

III гүл

IV гүл

Оқушылар жұмысын аяқтады.

Оқушылардың жұмысын қорытындылау.

Ойын: «Сыйлықтан алып қал.»

Слайдтағы тапсырмаларды орындау.

Ортада Ерасыл өзінің әнімен.

Аналар мерексіне арналған ән шашуымызға шақырамыз.

 

Бекіту: Біз не түйдік?

Не үйрендік?

Жеміс ағашына өзіміздің бүгінгі көңіл-күйімізді смайликтер арқылы білдірейік.

Оқушы әрекеті

Топқа бөліну 3 мин

Жеке оқушы жауабын тыңдау 3 мин

 

 

 

 

Әр топтан бір оқушы оқиды.

 

 

 

 

 

 

Оқушылар ватман плакатқа өз білетіндерін жазып шығады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Постер қорғау 5 мин

 

Жеке оқушылардің ойын тыңдау.

Қоблан-жұмбақ

Айжан-жаңылтпаш

Айнат-ағылшынша тақпақ

 

 

 

Топпен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

8-наурыз аналар мейрамы

 

 

 

 

 

 

 

 

Ерасыл

 

«Рефлексиялық – бағалау»  кезеңіБалалар,  сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? 
Рефлексия«Оқушы үні»Оқушылармен кері байланыс жүргізу