Қобыланды батыр

Сабақтың тақырыбы: Қобыланды батыр

Сабақтың мақсаты:

  1. Қобыланды батырдың ерлігі мен атының жігер күшін, жазушы суреттегендей түр — келбетін көре білуге, сомдап қағаз бетіне түсіре білу шеберліктерінің оянуына жол ашу.
  2. Өлеңнің идеялық мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасап, ойлай білуге дағдыландыру. Жеке, топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық танытуға, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру.
  3. Батырдың өмірлік ұстанған принциптері мен биік мұраттары -болашақтың қамы екеніне тоқтала келіп, елі мен Отан алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қобыланды батыр мен атының суреттері. Қобыланды батыр жырынан үзінді.

Сабақтың барысы:

І  Қызығушылықты ояту

 

 

 

 

 

 

 

— Қазақ батырларынан кімдерді танисыңдар, кімдердің атын айта алар едіңдер?

— Олардың Қазақстан тарихына қосқан қандай үлестері бар?

Сонымен бірге орайластыру арқылы кластер жасаймыз. Сабақ барысында әрі қарай толықтырып отырамыз.

ІІ. Мағынаны тану.

Бүгінгі тақырыппен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс: «Түртіп алу» стратегиясы.

  1. Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы. Мәнерлеп оқу, тыныс белгілерін қойып шығу.
  2. Оқушылардың мәнерлеп оқуы.

Өлеңді үш бөлікке бөліп алу.

а) 1-шумақты бәсең дауыспен оқимыз

ә) 2-шумақты Тайбурылдың шапқан желісін бейнелейтіндей дауыс ырғағын келтіре оқу.

б) 3-шумақты Тайбурылдың жеңісін, мықтылығын бейнелейтіндей жеңіс сарынында оқу.

Өлең мазмұнымен жұмыс.

Жырдағы Қобыландының батырлығын айқындай түсетін сөз тіркестерін дәптерге жазу.

  • Осы өлең ішінде қандай қару- жарақ түрлері аталады?
  • Сол кезеңде тағы қандай қару түрлерін пайдалануы мүмкін деп ойлайсыңдар?

-қылыш-найза-семсер-шоқпар

Осы аталған қару — жарақ түрлері бойынша топқа бөлініп отыру.

Топтық жұмыс — «Кубизм» стратегиясы

1-топ: Өлеңнен Тайбурылдың шабысын суреттейтін жерін табу.

2-топ:  Өлеңнен аттанып кеткен қолдың соңынан аттанғалы тұрған Қобыландының жиналған сәтін суреттейтін жерін табу.

3-топ:  Теңеулерді табу.

4-топ: Жыр жолдарынан ертегіге ұқсас шумақтарын тауып оқу.

Топтардың жұмыстарын тыңдау.

Сергіту сәті

  ІІІ. Ойтолғау.

—  Сендер осы жырды оқи, талдай отырып Қобыландының портретін, түр — тұлғасын және Тайбурылдың шабысын көз алдарыңа елестете алар ма едіңдер?

— Осы үзіндіге қандай музыкалық шығарма сай келеді деп ойлайсыңдар?

— Ендеше, осы музыканы тыңдау арқылы жырды іштей оқи отыра, осы сәтті көз алдымызға елестетіп көрелік.

— Қандай әсер алдыңдар, өзгеріс бар ма?

«Қобыланды батыр» жырынан үзінді тыңдау.

Батырлық, ерлік туралы мақал — мәтелдер айтып, мағынасын ашу.

Үйге тапсырма:

  • жырды оқып, мазмұнын түсіну
  • Ұнаған бөлігін жаттау
  • Батырлардың бейнесінің суретін салу