Әбіш Кекілбай «Шыңырау» хикаяты

Сабақтың тақырыбы: Әбіш Кекілбай «Шыңырау» хикаяты. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға Әбіш Кекілбайдың өмірі, шығармашылығы,
«Шыңырау» хикаяты жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер,

 Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу. Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгендеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Әбіш Кекілбайдың өмірі, шығармашылығы, «Шыңырау» хикаяты жайлы толық түсінік беремін.

Бір топ талантты замандастар ортасынан бұйра бас, қара торы өңді жас жігіт бірден жұрттың назарын аударған еді. Асықпай, айшықтап шешен сөйлейтін, барынша білімдар жігіттің мінезі мен дәлелді пікірлеріне әркім-ақ ден қоятын. Оның үстіне бұл жігіттің сонау алыс түкпірдегі түрікмен даласымен шектес жатқан шағын ауылдан, Маңғыстау түбегінен келгендігі де біз үшін біраз қызғылықты жағдайдай көрінетін. Ол осы түбектегі өмір, тірлік, салт-сана туралы аңыз әңгімелер, ата-бабалар тағдыры жайында, даланың қым-қуыт бояулары төңірегінде қызыға, қызына әңгімелейтін, сол сәтте бізге ол туған жерінің шежіресі секілді көрінетін-ді.

Әбіш Кекілбай тынымсыз, табанды еңбек етіп, талантын әр қырынан таныта білді. «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алан» романдарымен қатар, көптеген әңгіме-хикаяттарын жазды.      (Геролъд Бельгер)

Сабақтың қорытындысы:

1 .Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын

З.Үйге тапсырма: Әбіш Кекілбайдың өмірі, шығармашылығы жайлы оқып, «Шыңырау» хикаятын оқып, мазмұнын әңгімелеп келу