Бб дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: Бб дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды «Бб» дыбысымен, әрпімен таныстыру. Оқу дағдыларын қалыптастыру.
  2. Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, тіл байлығын дамыту.
  3. Ұқыптылыққа, әдептілікке, ұйымшылдыққа, ізенімпаздыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелесі, талдау, жинақтау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс жасау.

 

Сабақтың қөрнекілігі: Әріптен, буындар, суреттер, интерактивті тақта.

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық тренинг.

  1. Мен жақсы оқушымын,

Апайды мұқият тыңдаймын.

Сабаққа белсене қатысамын.

 

Үй тапсырмасын тексеру.

1-топ: 58-беттегі сөйлемдерді тізбектеп оқиды.

2-топ: 59-беттегі «Тамақ» мәтінін тізбектеп оқиды.

3-топ: 60-беттегі «Қар» мәтінін тізбектеп оқиды.

(Балаларды мадақтау)

 

Жаңа сабақ.

  1. Интерактивті тақтаман жұмыс. «Бб» әрпімен таныстыру, дауыссыз, дауысты екенін анықтау.
  2. 1,3,5,6,7 тапсырмаларды орындау.
  3. Тақтадағы кестемен жұмыс. «Бб» дыбысының баспа, жазба әріп таңбасымен таныстыру, кеспе әріптер қалтасына салу.
  4. Оқулықпен жұмыс:

А) 61-беттегі сөздерді оқып, түсіндіру;

ә)   «Балық» сөзіне дыбыстық талдау жасату:

б)  хормен оқыту;

в)  тізбектеп оқыту;

г) жеке оқушыларға оқыту.

 

Сергіту сәті:

Біз көңілді маймылдар,

Өте қатты шулаймыз,

Еденді де таптаймыз,

Ұртымызды үрлеп,

Әндетеміз гулеп.

Жоғарға да секірдік,

Маңдайға сауасқ келтірдік.

Құлағымыз қалқан,

Құйрығымыз салпан.

Бірақ тәртіп қатаң.

Үш дегенде апан,

Бәрін тілді алыңдар,

Қозғалмай қатып қалыңдар.

 

Дәптермен жұмыс.

«Бб» әрпін жазу.

 

Алған білімдерін тексеру:

-«Бб» дыбысы қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерінде кездеседі?

-«Бақа», «балға», сөздеріне кеспе әріптерін пайдалану арқылы тақтаға жазғызу, жатқа өлең, бата айтқызу.

 

Сабақты қорыту: «Буын қосып, сөз құра» дидактикалық ойыны.

Оқушыларды мадақтау:

-Балалар, бүгін сабақта барлықтарың жақсы жауап бердіңдер, рахмет сенде