Жылу құбылысының тірі организмдегі рөлі. Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу. Жылу берудегі конвекцияның рөлі

Сабақтың тақырыбы: Жылу құбылысының тірі организмдегі рөлі. Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу. Жылу берудегі конвекцияның рөлі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өмірдегі мысалдармен ұштастыра отырып, тірі организм өміріндегі, сонымен қатар техникадағы маңызы туралы мәліметті өз бетімен алуға жағдай жасау

Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу

Тәрбиелік: оқушыларды алғырлыққа, жауапкершілікке, саналылыққа, дұрыс пайымдауға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас (жаңа білімді игерту+бекіту)

Сабақтың әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, «Insert» және «Ыстық орындық» стратегиясы, оқулықпен жұмыстану

Сабақтың көрнекілігі:  оқулық, сабаққа қажетті плакаттар, кесте

Пән аралық байланыс: жаратылыстану пәндері

Сабақтың барысы:

1)Ұйымдастыру

А) Оқушылармен сәлемдесу, тексеру

Ә) оқушылардың оқу құралдарын тексеру

Б) сыныптың назарын сабаққа аудару

 

2)Үй тапсырмасын тексеру

а) сұрақ-жауап (фронтальды түрде)

  1. Механикалық энергия дегеніміз не? Оның түрлері
  2. Ішкі энергия және оған мысал келтір
  3. Ішкі энергия қандай шамаларға тәуелді?
  4. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері
  5. Жылу берілу дегеніміз не? Оның түрлері
  6. Мысал келтір

 

3) Жаңа білімді игерту

«Insert» әдісі арқылы оқулықпен жұмыстану

 

Бұрыннан білемін

˅

Мен үшін жаңалық

+

Келіспеймін

Сұрақ пайда болды

?

    

 

Әрбір оқушының дәптерлерін тексеру арқылы тақырыпты өзара талдау

 

4) Жаңа сабақты бекіту   («Ыстық орындық» стратегиясы)

Бір оқушыны орнынан тұрып, өз пікірін айтады және қалған оқушылар оған сұрақ қояды.

  1. Үйге тапсырма
  2. Өзің үшін жаңалық болған мағлұматты қосымша материалдарды іздеп, білімдерін толықтыру
  3. §8 (түсінік айту)
  4. Бағалау

«Алты қалпақ»  әдісі

Алты ойлау қалпақтары

 

Әр типтің қысқаша сипаттамасы:

 Ақ қалпақ

Ақ түс таза қағаз беті сияқты алалықсыз және объективті. Фактілер, ақпарат, сұрақтар негіз болады.

Қандай ақпаратымыз бар? Айтылған пікірді растайтын немесе жоққа шығаратын қандай фактілер бар? Қандай ақпарат қажет? Жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз? Қандай сұрақтар қойып, жауап алуымыз керек?

Қызыл қалпақ

Қызыл түс ашуды, шиеленісті білдіреді. Қызыл қалпақта адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді. Осыған байланысты менде қандай сезімдер туындайды?

Сары қалпақ

Сары түс – күн көзінің, тіршілік түсі. Сары қалпақтағы адам оптимизмге толы, ол артықшылықтарды іздестіреді. Не себептен осыны істеу керек? Артықшылықтары қандай? Бұл кім үшін пайдалы? Артықшылықтар қалай пайда болады? Осының пайдалы жақтары бар ма? Қандай жағдайларда бұл пайдалы болады?

Қара қалпақ

Қара түс – қараңғылық, қаһарлық, бір сөзбен айтқанда – суық. Қара қалпақта адам қауіптілік танытады. Бұл көмектеседі ме? Қандай қателер бар? Кемшіліктері қандай? Бұл идея жүзеге аса алады ма?

 Жасыл қалпақ

Жасыл қалпақ – өсімдіктердің, молшылықтың, табыстылықтың түсі. Жаңа идеялар туындап, шығармашылық бастауын алады. Осы жағдайда не істей аламыз? Баламалы идеялар бар ма? – деген сұрақтар туындайды

 Көк қалпақ

Көк қалпақ – аспан түсі. Ол ұйымдастыру және басқарумен байланысты. Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек?