Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары

Тақырыбы: Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары

Сабақтың  мақсаты:

  • Орта және Кіші жүздегі хандық биліктің әлсіреуін және ішкі талас-тартысты пайдаланған патша үкіметінің хандық өкіметті жойып, басқарудың жаңа әкімшілік басқару жүйесін  енгізуін түсіндіру, оның мәнін ашып көрсету, елін сүюге тәрбиелеу,  ХІХ ғасырдың аяғында қазақ жеріне енгізілген басқару реформаларының отаршылдық, таптық мәнін ашу.

Күтілетін нәтиже:

  1. Реформа туралы тақырып мазмұнын білуі
  2. Реформаның саяси салдарын түсіне білуі
  3. Талдай алуы

Не арқылы бағаланады?

1.Негізгі түсініктерді аша білу

2.саяси саналылығы

3.есте сақтау қабілеті.

І. Қызығушылықты ояту.

Жуан-жіңішке сұрақтар.

  1. Патша өкіметінің 1867-1868 жылдары қазақ жеріне жаңа реформа енгізуінің себебі неде?

2.Реформа бойынша патша өкіметі басқарудың қандай жүйесін енгізді?

3.1867-1868 жылдардағы реформа бойынша әскери сот  комиссиялары мен уездік  соттар қалай құрылды?

4.Реформалар салық және жер мәселесіне қандай өзгерістер енгізді?

ІІ. Мағынаны тану.

Бағытталған оқу.

Топтық жұмыс. Карточка сұрақтары таратылып беріледі. Сұрақтар бойынша  жұмыс топ оқушылары мәтінді жеке-жеке оқып дайындалады. (5 мин уақыт беріледі). Талқылау уақыты аяқталғаннан кейін, оқулықты жауып, шетке шығарып қояды. (10 минут).

Дайын болған топ жауап береді.

ІІІ.Ой-толғаныс.

Екі түрлі түсіндірме күнделік.

ХІХ ғасырда Ресейдің қазақ жеріне жасаған әкімшілік-саяси басқару реформасы

Реформаның жағымды жағыРеформаның жағымсыз жағы
  

Қорытындылау. Бағалау.