Қос сөздер. Қайталама қос сөздер

 

Сабақтың тақырыбыҚос сөздер. Қайталама қос сөздер
МақсатыОқушыларға қос сөз, оның түрлері, қайталам қос сөздер жайлы толық мәлімет беру.
Күтілетін нәтижелер

 

 

А. Қос сөздер. Қайталама қос сөздер туралы білім алады.

В. Қос сөздердің сыңарларын таба алады.

С. Қайталама қос сөздерді қатыстыра отырып, «Өнер алды – қызыл тіл» тақырыбында шағын әңгіме жаза алады.

Керекті жабдықтар

 

 

Ноутбук, презентация «Сөзжасам»

жұмыс дәптері,

Қазақ тілі оқулығы А.А. Қасымбек, А.К.Шыныбаева

бағдаршам түстері.

Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдеріУақытыМұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

 

 

 

10 минут

 

 

Амандасу, сабақта жоқ оқушыларды анықтау.

 

Тренинг арқылы 3 топқа бөлу. «Мен аспан әлемінің…»(айы, жұлдызы, күнімін)

 

Оқушылардың үй тапсырмасын сағат тілі бойынша бір-біріне қаратып, үздігін таңдату.

Оқушылар амандасады. Сабаққа зейіндерін шоғырландырады.

 

Оқушылар сандар арқылы 3 топқа бөлінеді.

 

Оқушылар үй тапсырмасын қарап болған соң үздігін таңдайды.

Тұсаукесер

 

 

 

 

5 минут

 

 

 «Ой қозғау».

—  Ата-ана, жалт-жұлт, бетпе-бет, алуан-алуан деген сөздер қандай сөздер?

-Олардың барлығы бірдей дыбысталып тұр ма?

 

Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

 

Сабақтың табыс критерийлерін құру

 

Бүгінгі сабақта біз не білеміз, не үйренеміз?

Табыс критерийі

1. Қос сөздер,қайталама қос сөздер туралы білім аламын.

2. Қос сөздердің сыңарларын таба аламын.

3. Қайталама қос сөздерді қатыстыра отырып, «Өнер алды – қызыл тіл» тақырыбында шағын әңгіме жазамын.

 Оқушылар өз ойларын ортаға салады,  жаңа тақырыпты ашады.

 

 

 

 

 

 

Күннің жадын, тақырыпты дәптерге жазады.

 

 

 

Оқушылар табыс критерийлерін мұғаліммен бірге құрады.

 

Негізгі бөлім

 

 

 

 

15 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы жаңа сабақты меңгерту.

Жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою.

-Қос сөздер дегеніміз не?

-Қос сөздер нешеге бөлінеді?

-Мысал келтіріңдер.

-Қос сөздер қандай сөз таптарынан жасалады?

-Қайталама қос сөздер дегеніміз не?

-Ол қалай жасалады?

 

Өзін-өзі «Бағдаршам»

әдісі арқылы бағалату.

 

1-топ:66 -жаттығу.

Төмендегі сөздерден қос сөздер жасаңдар.

Табын-табын, екі-екіден, тап-таза, оқта-текте, анда-санда, ата-ана, құрт-құмырсқа, келін-кепшік, төбе-төбе, жігіт-мігіт.

2-топ. 72-жаттығу.

Қос сөздердің сыңарын табыңдар.

Бара-бара

Жақсылы-жаманды

Бірді-екілі

Лек-лек

Көзбе-көз

Қолма-қол

Қараптан-қарап

Шығар-шықпастан

3-топ: 71 -жаттығу.

Қайталама қос сөздерді қатыстыра отырып, «Өнер алды – қызыл тіл» тақырыбында шағын әңгіме жазыңдар.

Керекті сөздер: алуан-алуан, жүре-жүре, оқи-оқи, жылма-жыл, өз-өзімен, рет-ретімен, ақырындап-ақырындап, бір-бірімен, бары-бар, жоғы-жоқ, айтты-айтпады, жарқ-жұрқ, жап-жақсы, тап-тамаша, т.б.

Табыс  критерийі

1.Сауатты жазуы.

2. Тапсырманың нақты орындалуы.

3.Жүйелілігі.

Табыс критерийін тақтаға жазып қою.

Өзара бағалау.

2 жұлдыз, 1 ұсыныс.

Оқушылар «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы жаңа сабақты меңгереді.

 

 

Оқушылар сұраққа жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағдаршам түстері арқылы өзін-өзі бағалайды.

 

 

 

 

 

Оқушылар топ болып  өздеріне берілген тапсырманы орындайды, тақтаға жазады, дәптерлеріне көшіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар мұғаліммен бірігіп табыс критерийін құрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар критерий бойынша бір-бірін өзара бағалайды.

Қорытынды

 

 

 

 

5 минут

 

«Жалғанды тап» әдісі арқылы сабақты бекіту.

-Балалар, бүгінгі сабақта нені үйрену керектігімізді белгілеп алған болатынбыз. Енді осы сабақтан нені үйрендіңіздер?

Үйге тапсырма:

1.     73-жаттығу.

2.     Подкаст дайындау.

Рефлексия.

Бүгінгі сабақ бойынша өзіңді бағалау ағашының қай жерінде тұрмын деп ойлайсың?

Оқушылар 3 сұрақ дайындайды. Оның 2-нің жауабы дұрыс, ал 1-нің жауабы қате беріледі. Келесі оқушылар қатесін табуы керек.

 

 

 

Балалар табыс критерийі бойынша нені үйренгендерін айтады.

 

 

 

Оқушылар өздерін ағаштың қай жерінде тұрғанын белгілеу арқылы бағалайды, себебін жазады.

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні:
Нені білемін?Ұпайы
Қос сөздер,қайталама қос сөздер туралы білім алдым.3

 

Қос сөздердің сыңарларын таба аладым.4
Қайталама қос сөздерді қатыстыра отырып, «Өнер алды – қызыл тіл» тақырыбында шағын әңгіме жаза алдым.5