Терең су

 

Тақырыбы:Терең су
МақсатыЖаңа тақырыптың  негізгі идеясын анықтай отырып, қауіпті жағдайларда  алғашқы көмек көрсете білу негіздерін түсіндіру.
Күтілетін нәтижеА. Мәтінді оқып, мағынасын ашады.

Б. Мәтінді бөлімдерге бөліп, ат қоя алады.

С. Кейіпкерлердің қылығына баға бере алады.

 

Керекті жабдықтарСөзжұмбақ, үнтаспа, плпкат, маркер
Сабақ кезеңдеріМұғалім әрекетіОқушы әрекеті
Кіріспе

 

«Молекула»  тренингі арқылы оқушыларды топқа бөлу.

Үй тапсырмасы «Жалғап ал» тәсіліменімен тексеріледі.

Мұғаліммен амандасады. Топтарға бөлінеді.

 

Бір оқушы үй тапсырмасын бастап айтады, екінші оқушы жалғастырады.

Тұсау кесер

 

Видеоролик «Судағы қауіпсіздік»

Зерттеушілік әңгіме:

Ойлануға түрткі сұрақтар:

-Бұл видеороликтен не көрдіңіз, қандай  тосын жағдай  болды?

-Бұл жағдайдын болатынын кейіпкер сезді ме?

осындай жағдай сендердің  өмірлеріңде орын алды ма? Сабақтын табыс критерилерін анықтау:

1) Мәтін мамұнымен танысып, неге «Терең су» деп аталғанын білемін.

2) Кейіпкерлерді сипаттай аламын

3) Мәтін бойынша жоспар құрып, болған оқиғаға баға бере аламын.

Ойланады.

Сұрақтарға жауап береді.Қауіпсіздік  туралы өз білгендерін айтады.

Табыс критериін бірге құрады.

Негізгі бөлімЖаңа сабақ.

Оқулықтағы 1 тақырыпшаны оқып, «ойлан-жұптас-бөліс» әдісі бойынша талқылатуды ұйымдастыру.

а) Мәтінді «Болжау» стратегиясы арқылы оқыту.

ә) Мәтінді төрт бөлікк бөліп алу.

1-бөлім. Ақбөпенің арыққа баруға құмартуы.

2- бөлім. Сапаштың Ақбөпеден мезі болуы.

3- бөлім. Тұраштың қайық жасап беруі.

4-бөлім. Балалардың Ақбөпені құтқаруы.

Мәтін бойынша сөздік жұмысын жүргізу.

Мәтінді оқып болған соң, болған оқиғаға баға беру.

Балалардың әрқайсысының әрекетіне сын көзбен қарау.

Басты кейіпкерлерге сипаттама беру. Формативті бағалау  «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

Сұрақ: — Егер өзің осындай жағдайға тап болсаң, кімнің орнында болғанды қалар едің?

—          Сенің әрекетің қандай болар еді деп ойлайсың?

—          Бұндай жағдайларда нені естен шығармау керек?

—          Қауіпсіздік ережесін сақтау деген не?

—          Алғашқы көмек көрсете білу неше жастан басталуы керек деп ойлайсың?

—          Ақбөпенің суға кетіп қалуына кім кінәлі?

—          Әртүрлі қиын жағдайларда түсіп қалмас үшін, нені естен шығармау керек?

Сергіту сәті:

Табиғат ғажаптары

Табиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған,

Сен- Күнсің, көтерілген күліп қырдан.

Сен- Көлсің,

Сен-Ормансың,

Сен- Бұлбұлсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

Дәптермен жұмыс:

Келесі сабақтағы «Суға жүзіп үйрен, балам» өлеңі мен оқыған мәтінді «Шығарма кестесіне» салып салыстыру:

 

Шығарманың атыТерең суСуға жүзіп үйрен, балам
Шығарманың авторы  
Оқиға орны  
Шығармадағы негізгі идея

 

  
Суға жүзудің пайдасы туралыне білдің?

 

  
Мазмұнның ашылуы  
Шығарманың аяқталуы.

 

  
Шешімі  

 

 

 

 

 

Белсенді оқиды, түсінеді, талдайды, ақпарат  алады. Дәптерге сөздік жұмыс орындайды. Топпен бірге талдайды.

 

 

 

 

 

 

Бұндай жағдайларды  еске түсіре отырыап, жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар оқулықты пайдалана отырып, кестені толтырады. өздері білетін.

 
ҚорытындыМәтіндегі балалардың құтқару жұмысына баға беру арқылы достық көмек, туыстық көмек, ағайын-туысқа т.б. деген көмек ерекшеліктеріне тоқталу.

—          Су туралы қандай ырым-тыйымдар білесіңдер?

Кері байланыс «Не білдім?»

Бағалау
Үйге тапсырмаМәтінді оқып, түсінгенін айту.

Су туралы мақал- мәтелдер жазып келу.

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.