Азаматтық қорғаныс

Сабақ тақырыбы: Азаматтық қорғаныс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты— Жеке қорғаныс құралдарын білу, оларды

пайдалануды үйрету.

Дамытушы мақсаты— Оқушылардың өз беттерімен берілген тапсырманы тақырып бойынша ұйымдастыру.

Тәрбиелік мақсаты— Төтенше жағдай кезінде өзін-өзі қорғай білу.

Қасындағы зардап шеккен адамдарға көмектесу.

Сабақ уақыты: 45 мин

Өткізетін орыны: Кіріктірілген семинар.

Сабақ көрнекілігі: Газтұмылдырықтар, қарапайым қорғаныс құралдары,  АИ-2 жеке дәрі қобдишасы, плакаттар.

Химияға қарсы жеке пакет (ХЖП). Жалпы әскери қорғаныс толымы.

Сабақтың өткізу жоспары

Ұйымдастыру бөлімі:

1.Оқушыларды сапқа тұрғызып, взвод командирінің баяндамасын қабылдау.

2.Сабақтың тақырыбымен өткізу шарттарымен таныстыру.

3.Сабақты қорытындылап пысықтау.

Сабақты жүргізу шарттары:

І. Өткен тақырыптар бойынша қайталау.

Сұрақтар:

  1. Азаматтық қорғаныс дегеніміз не?

Жауап: АҚ- елдің қалың, шаруашылық обьектілері мен аумағын ядролы химиялық бактериялық қарудың әсерінен, сондай-ақ төтенше апат жағдайларынан қорғау мақсатында бейбіт және соғыс уақытында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралар.

  1. Қазіргі замандағы жаппай жою құралдарын ата?

Жауап: Жаппай жою құралдарына ядролық, химиялық және бактериялық (биологиялық) құралдар жатады.

  1. Ядролық жарылыстың жою факторлары қандай?

Жауап: Олар: соққы толқыны; жарық сәулелену; өткір радиация;

Радиоактивтік зақымдану; электромагниттік импульс.

  1. Ядролық зақымдану ошағы деп нені атайды?

Жауап: Ядролық зақымдану ошағы деп жарылыстың жою факторлерінің тікелей әрекетіне ұшыраған аумақты айтады.

  1. Химиялық қару дегеніміз не?

Жауап: Химиялық қарудың негізін улағыш заттар құрайды.

  1. Улы заттар адам организіміне әсері бойынша қалай топтасады?

Жауап: УЗ топтасуы: жүйке жансыздандыратын әрекетті УЗ.

Тері-іріндік әрекетті УЗ.

Тұншықтырғыш әрекетті УЗ.

Жалпы улы әрекетті УЗ.

Тітіркендіргіш әрекетті УЗ.

Психохимиялық әрекетті УЗ.

  1. Биологиялық қару ретінде нені пайдалануы мүмкін?

Жауап: Биологиялық қару ретінде адамдарды зақымдау үшін:

Бактериялық ауруларды; қоздырғыштарды; вирустық ауруларды қоздырғыштар; риккетсиозды қоздырғыштарды пайдалануы мүмкін.

ІІ. Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топта 5-6 оқушыдан, топ басшысы тағайындалды. Әр топ өздеріне берілген тақырыптар бойынша түсініктемелерін ортаға салады, басқа екі топ мүшелері сұрақ қойып қатысып отырады.

Бірінші топ тақырыбы:

  1. Сүзгіш противогаздар және тұмылдырықтар сүзгіш противогаз тыныс органдарын, көзбен бет терісін ұлағыш, радиоактивтік заттармен биологиялық құралдардан қорғауға арналған қазіргі уақытта халықты қорғау үшін пайдаланатын противогаздардың неғұрлым жетілдірген және тараған үлгісі ГП-7(ГП-7В,ГП-7ВМ, ПДФ-7) Азаматтық тұмылдырықтар (ШБ-1 «ЛЕПЕСТОК», «КАМА»,У-2К,РПА-1) Газға қарсы және газбен шаңнан қорғайтын (РПГ-67, РУ-60СН, «ЛЕПЕСТОК-1») болып бөлінеді.

Екінші топ тақырыбы:

  1. Тыныс органдарын қорғаудың құралдары.

Тыныс органдарын қорғайтын қарапайым құралдарға мақта-дәке таңғыштармен шаңғы қарсы мата маскалар (ПММ-1) жатады. Олар тыныс органдарын радиоактивтік шаң мен биологиялық аэрозольдардан қорғау үшін қолданылады.

  1. Жеке қорғаныстың медициналық құралдары.

Жеке қорғанудың медициналық құралдарына жеке дәрі қобдишасы (АИ-2) және химияға қарсы жеке пакет (ХЖП) жатады.

Үшінші топ тақырыбы:

  1. Теріні қорғау құралдары, жалпы әскерлік қорғаныш толымы, оларды пайдалану. Теріні қорғайтын оқшаулаушы құралдарға жалпы әскерлі қорғаныш толымы (ЖКТ) (Л-1, КИХ-4, Ч-20 қорғаныш құралдары) Барлық топ мүшелері тақырыптарын толық түсіндіріп болғаннан кейін химия пәнінің мұғалімі булармен газдардың сіңірілуі адсорбция, хемосорбция және катализ арқылы жүзеге асыру жөнінде түсініктеме береді.

 

Өткен тақырып бойынша пысықтауға арналған сұрақтар:

  1. Жеке қорғаныш құралдары не үшін қажет?
  2. Олар қорғаушы принциптері бойынша қалай топтасады?
  3. Тыныс органдарын қорғайтын қарапайым құралдарды ата.
  4. Теріні қорғайтын жалпы әскерлік толымы қандай бөлшектерден тұрады?
  5. Беттік бөлімнің қандай өлшемдерін білесіңдер, олар қалай өлшенеді.
  6. Сүзгіш тұмылдырықтар түрлері.

Сабақтың қорытынды бағалары

Жеңімпаз тобын айқындау.