Қыздарға әсемдік жарасады «Қыз сыны» байқауы

Тақырыбы: Қыздарға әсемдік жарасады.

Мақсаты: Бойжеткен қыздарды ұлтымыздың салт-дәстүрлері арқылы ұяндылыққа, биязылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Қыз тәрбиесіне байланысты нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Барысы: «Қыздарға әсемдік жарасады» әні ойнап тұрады.

1 жүргізуші:Құрметті жиналған қауым! «Қыз сыны» байқауын тамашалауға келіп отырған қонақтар, осы байқауға қатысқалы келген ару қыздарымыз, және төрелік жасайтын әділқазылар алқасын күз мерекесімен құттықтаймыз.

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той

Ден қойып тыңдаңыздар , көңілді қой

Жырдан шашу шашылсын күй күмбірлеп

Қош келдіңіздер, халайық сергісін бой.

Ана деген үш-ақ әріп тіршілік

Тіршіліктен үлбірейді гүл шығып

2 жүргізуші:        Ана деген үш әріпті шырқап жүрем ән қылып

Адамзаттың жүрегінде сақталатын мәңгілік.

1 жүргізуші:         Білесіңбе, дүниедегі ең сұлу кім?

2 жүргізуші:        Д үниедегі ең сұлу, әрине аналар!

1жүргізуші:       Иә, шындығы да солай! Ана тіршілік атаулы бұлақтың көзін ашты. Ол сұлулықты, жарасымдылықты, көріктілікті, барша игілікті бойына сіңірген тұлға.

2 жүргізуші: Бала жанын ұғына білетін, жан сарайына терең бойлай алатын сезімталда, сұңғыла жан-ана.

1 жүргізуші: Ендеше, бүгінгі ән мен күй, өлең би бәрі сіздер үшін. «Қыздарға әсемдік жарасады» атты «Қыз сыны» байқауына қош келдіңіздер!

2 жүргізуші: Бүгінгі бойжеткен- ертеңгі ана. Дана халқымыз қыздарын қадір тұтып, аялаған, қорғап мәпелеген.

1 жүргізуші: дархан даланың барлық сұлулығын аруға теңеп, нәзіктігін жырға қосып, ақыл- парасатын үлгі етіп даралаған ата-бабамыз қыз тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған.

2 жүргізуші: Ал ендеше шалқытып ән салайық

Өнерпаз аруларға тамсанайық.

1 жүргізуші: Дәстүрін халқымыздың қастерлеген

Аруларды құрметпен қарсы алайық!

(Аруларды ортаға шақырамыз)

2жүргізуші:Бірінші қыз…………..білімді

Меңгерген бар ілімді

Екінші қыз …………….елгезек

Алады тез тіліңді

Үшінші қыз …………………үлбіреп

Қос жанары мөлдіреп

Төртінші қыз………………….

Бойға өнер жиған қыз

Бесінші қыз……………………..

Өз бойында бар талап

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші

Аруы деп мектептің жүрейікші

Әділқазы алқасына әділдікті

Ал аруларға сәттілік тілейікші,- деп арулардың өнер- білімін

әділ бағалап , төрелігін айтатын қазылар алқасымен таныстырыйық.

1 жүргізуші: Құрметті көрермендер, енді бүгінгі байқаудың бағдарламасымен

таныс болыңыздар!

1 «Сөз анасы- сәлем»

1 жүргізуші: Қол соғып, аруларды демейік

Жанкүйерлер жанымызбен енейік

2 жүргізуші: Айдай сұлу арулардың өнерін

Сәлемдесу рәсімінен көрейік.

(Қыздар өздерін бірі өлеңмен, бірі сұлу сөзбен таныстырып шығады)

2»ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕР»(Арулар бұл бөлімде өз өнерлерімен ән, би, күй,өлең, қара сөз оқу т.б көрсетеді)

3»Ас –адамның арқауы»( Қыздар салат әзірлеп, дастархан мәзірін дайындаудан жарысады.)

                4»Күш-білімде» Арулар білім біліктерін байқату үшін мынадай сұрақтарға жауап береді.

  1. Киіз үй бөлшектерін ата?( Шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық)
  2. Қазақтың салт-дәстүріндегі той- томалақтарды атап бер?
  3. Малдың басы қандай қонаққа ұсынылады?( Сыйлы қонаққа)
  4. «Абысын тату болса,ас көп» деген сөз бар.Сондағы абысын кім?(Ағайынды адамдардың әйелдері)
  5. Төс кіімге тартылады? (Күйеу балаға.)
  6. Қандай жілік қыз балаға берілмейді? (Кәрі жілік.)
  7. Аптаның жеті күнің екі түрлі ата?( Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі,жексенбі.Бүгін ,ертең,бүрсігүні,арғы күні,, қасиетті күн, соңғы күн,азына. )
  8. «Екі аяқтыда бөле тату» деген сөздегі «бөле» кім?Бірге туған апалы- сіңілі кісілердің балалары.
  9. «Жеті қазына» Ер жігіт ,сұлу әйел, білім, жүйрік ат,қыран бүркіт,берен мылтық,ит.
  10. Қонақтың түрлерін ата? Арнайы,құдайы, қыдырма, қылғыма қонақ.

5»Сұлулық сыры»сән үлгісі.

1 жүргізуші:Қыздарға әсемдік жарасады

Талғамы таң нұрымен таласады

2 жүргізуші: Қыпша бел,сұңғақ бойлы қара көзге

Жан біткен таңдай қағып қарасады,-демекші, қыздарымыздың күнделікті тұрмыста, салтанатты кештерде талғаммен киім кию үлгілерін тамашалайық. (Арулар киім үлгілерін көрсетеді )

Бұл сайыста арулардың өздерін ұстауы, музыка ырғағына байланысты жасаған қимыл- қозғалыстары есепке алынады

1 жүргізуші: Әділқазылар алқасы»Қыз сыны»сайысының қорытындысын шығарады.

2 жүргізуші: Жүзден жүйрік күш ілген

Мыңнан тұлпар шықты шың

Арулардың ішінен………………..

Шыққан,…………….мықтысың

Құттықтайық ал енді

Ару болған баланы.

Өрге жүзіп өнері,

Тауға өрлесін талабы,

Қуанышпен жанары

Шоқтай болып жанады.

Осымен «Қыз сыны» сайысы аяқталды.Келесі кездескенше,ел аман,жұртымыз тыныш болғай.