Механикадағы салыстырмалылық принципі

Пән мұғаліміТангалиева А.И.Физика

7 сынып

Орал қаласы

№42 «Ақ ниет»  гимназиясы

Сабақтың тақырыбы:§5.1. Механикадағы салыстырмалылық принципі

§5.2. Салыстырмалылық теориясының постулаттары

§5.6. Ұзыныдықтың қысқаруы

Жалпы мақсаты:Бір мезгілділікте уақыт пен ұзындықтың қысқаруын  салыстырмалылық теориясы постулаттарынан туындайтын салдарлар арқылы түсіндіру.
Түйінді идея:Салыстырмалылық теория постулаттары
Күтілетін нәтиже:Оқушының пән бойынша сөйлесім әрекеті дамиды.
Әдіс-тәсілдер:Жұптық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, Блум таксмономиясы
Блум таксономиясыБілу – жаңа тақырыпты

ашу

Салыстырмалылық теория бастамасы

XX ғасырдың басында салыстырмалық принципі оптика мен физикаға және физиканың басқа салаларына қатысты екендігі белгілі болды. Салыстырмалық принципі өзінің мәнін кеңейтіп, мынадай анықтамаға ие болды: оқшауланған материалдық жүйеде кез-келген процесс бірдей жүреді және ол жүйе бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс жағдайында болуы керек.

 

Салыстырмалылық теориясының постулаттары

•      І постулат  —  салыстырмалылық принципі

Табиғаттағы барлық процестер барлық инерциялық санақ жүйелерінде бірдей өтеді.

•      ІІ постулат – тұрақтылық принципі

Вакуумдегі жарық жылдамдығы барлық инерциялды санақ жүйелерінде тұрақты болады,

с = 3*108 м/с, ол жарық көзінің немесежарықты қабылдаушының қозғалысына тәуелді емес

Түсіну – диалогтық оқыту, өзара бір-бірімен пікірлесуОқушыларға жаңа тақырыптың қысқаша мәтінін беріп, өзара пікір алмасуға мүмкіндік туғызу
Талдау— жаңа тақырып бойынша алған білімін сараптау 

 

Қолдану – жаңа тақырыпқа сай есептер шығару№5.14. №5.1.8. №5.1.9. №5.1.17.
Жинақтау – оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету.1.     СТ постулаттары

2.     Ұзындықтың қысқаруы

3.     Уақыттық қысқаруы

4.     Жылдамдықтарды қосу

Бағалау Жұптардың бағаларын талдау, қорытынды бағаны шығару.
Үйге тапсырма:§5.1. 5.2. 5.6.     №5.1.11, №5.1.19
Дереккөздер:·        Физика 11 сынып авторлары С.Тұяқбаев. Ш.Насохова ЖМБ

·        Физика 11 сынып авторлары Р.Башарұлы. Г.Байжасарова ҚГБ

·        Ғаламтор желісі

·        Физика есептер жинағы авт. С.Тұяқбаев. Ж.Бақынов.