Джоуль – Ленц заңы. Ток көзінің ПӘК – і.

Пән: физика, 10  сыныпКүні:
Тақырыбы:Джоуль – Ленц заңы. Ток көзінің ПӘК – і
МақсатыДжоуль – Ленц заңының тұжырымдамасы, өрнегі және ПӘК туралы түсінік беру.
Күтілетін нәтижеА.  Джоуль – Ленц заңының тәжірибе жүзінде зерртелгені туралы біледі.

В.Өткізгіштерді жалғаған кезде жылу мөлшері бөлінетіндігін  сипаттай алады.

С.Джоуль – Ленц заңына сәйкес жылу мөлшерінің өрнегін  есептер шығарғанда қолдана алады.

Керекті жабдықтарЖұмыс дәптері, АКТ , стикер, карточкалар
Сабақ кезеңдеріМұғалім әрекетіОқушы әрекеті
Кіріспе

 

(10 мин.)

 

-Оқушылармен амандасу.

-сыныпты түгендейді

-кезекшілік қызметін қадағалау

-оқушылардың назарларын сабаққа аудару

Үй тапсырмасын «Крестиктау»  әдісін қолданып, тексеремін.

Сұрақтар:

1.      СИ бірліктер жүйесінде жұмыстың өлшем бірлігі.

2.      Қуат дегеніміз қандай шама?

3.      Тізбек бөлігіндегі токтың толық жұмысының өрнегі қандай?

4.      Ток көзі қай кезде сырттан энергия алады?

5.      Жылулық әрекетке кететін ток қуатын анықтайтын өрнек.

6.      Бірлік уақыт ішінде сыртқы күштердің жасайтын жұмысы қуаттың қай түріне жатады?

«Сәйкестендіру» әдісін пайдаланып, өлшем бірліктерге қатысты білімін тексеремін.

 

Үйге берілген есепті жұмыс дәптерлерінен  тексеремін.

19-жаттығу №1. Әрбіреуінің кедергісі 240 Ом болатын үш шам өзара параллель әрі кернеуі 120 В сыртқы тізбекке жалғанған. Барлық шамдардың пайдаланатын қуатын, жалпы токты және 8 сағ жанған шамның энергиясын табыңдар.

 

 

 

 

-Мұғаліммен амандасады

-кезекшілік қызметін атқарады

-сабаққа зер салады

Топтарға бөлініп отырады.

 

 

Сұрақтарға жауап береді:

 

1.      Джоуль

2.      Жұмысты атқару шапшаңдығын сипаттайтын шама.

3.     

4.      Зарядталған кезде

5.     

6.      Толық қуат

 

 

 

 

 

Шығарылуы:

 

 

Тұсау-

Кесер

(3мин.)

 

Өткентақырыпты байланыстырып,  жаңа сабақтың тақырыбын анықтаймын.

—          Кедергілері әртүрлі өткізгіштерден бөлінетін қызуда әртүрлі болады.  Кедергісі көп болған сайын қызуда жоғары болады, яғни  өткізгіштің жылуы оның кедергісіне тәуелді деп білеміз. Бұл  Джоуль-Ленц заңы бойынша сипатталған.

Өткенді еске түсіріп, сабақ тақырыбын, мақсатын анықтайды, дәптерлеріне жазады.

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақтың  тақырыбын дәптерге жазады.

Негізгі бөлім

(17мин. )

 

Жаңа сабақты оқулық бойынша мазмұнын және АКТ пайдаланып  меңгертемін.

Электр тогы өткізгіштен өткенде өткізгіш қызады. Бұл құбылысты 1800 жылы француз ғалымы Антуан Фуркруа ашқан. Ол темір спираль арқылы ток жүргізіп оны өте жоғары температураға дейін қыздырған. Токтың жылулық єсерімен 41 жылдан кейін ағылшын физигі Дж. Джоуль, тағы бір жылдан соң орыс ғалымы Э.Х. Ленц айналысқан. Олар мынадай қорытындыға келді

Тогы бар өткізгіш шығарған жылу мөлшері ток күшінің квадратының, өткізгіш кедергісінің және ток өткен уақыттың көбейтіндісіне тең.

Қазір бұл заңды Джоуль — Ленц заңы деп атайды. Математикалық түрде мына түрде өрнектеледі: Q = I2Rt. Өткізгіштің ток өткенде қызуы ток тасымалдаушы бөлшектердің жолында кездескен заттың атомдары, немесе иондарымен әсерлесуімен түсіндіріледі. Осы әсерлесулер нәтижесінде өткізгіштің ішкі энергиясы артып, ол қызады. Қызған өткізгіш өзі алған жылуды қоршаған ортаға береді. Джоуль — Ленц заңы анықтайтын жылу мөлшері осы энергия болып табылады.

Джоуль — Ленц заңы тєжірибе жүзінде ашылған. Бірақ оның теориялық негізін де түсіндіруге болады.  Электр тогы өткізгіштен өткенде  жұмыс  А= IUt  атқарылады. Ал U=IR. Сондықтан:       A = I2Rt.

 

 

 

Жаңа сабақты түсініп, дәптерлеріне түсіреді. Тақтаға назар аударады.

 

 

А= IUt

Q = I2Rt.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі формулаларды жазып алады.

 

 

 

 

Бекіту

(10 мин. )

 

«Стикердегі диалог» әдісін пайдаланып, сұрақтар қоямын.

Сұрақтар:

1.      Джоуль — Ленц заңының тұжырымдамасын  айтып бер.

2.      Өткізгіштің жылуы оның қай шамасына  тәуелді.

3.      Ток көзінің  ПӘК –і өрнегі қандай?

4.      Өткізгіш бойымен ток өткенде өткізгіш қызады, яғни қандай процесс жүреді?

5.      Джоуль — Ленц заңының өрнегін жаз.

«Өздік жұмыс» арқылы есептер шығару. (Деңгейлік есептер жинағынан)

286. Кедергісі 20 Ом және тізбектегі ток күші 6 А электр қыздырғышта 2 мин уақыт ішінде қанша жылу бөлінеді?

287. 110 В кернеуде 1 А ток тұтынатын электр шамының қылсымында 2 мин уақыт ішінде қанша жылу бөлінеді?

290. Кедергісі 10 Ом өткізгіштің ұштарына 12 В кернеу берілген. Осы өткізгіштен 20 с ішінде қанша электрзаряды өтеді? Осы кезде қандай жұмыс істеледі?

 

Сұрақтарға жауап береді:

1.      Өткізгіштегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері өткізгіштің кедергісіне, ток күшінің квадратына және оның өту уақытына тура пропорционал.

2.      Кедергісіне

3.     

4.       Электр энергиясы ішкі энергияға айналады.

5.      Q = I2Rt

 

Жұмыс дәптерлеріне шығарады.

Қоры-

тынды

(5 мин.)

 

Кері байланыс. Оқушылардың пікірлері немесе бағалау критерийі бойынша оларды бағалау, тақырып бойынша үй тапсырмасын беру

Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу. Есептерді аяқтау.

 

Әрбір  оқушыны  критерий бойынша топ басшылары бағалайды.

 

 

Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады.