Жай сөйлем және құрмалас сөйлем

 

Сыныбы: 4«б»Бастауыш сынып мұғалімі: Ж.К.Нурашева
Сабақтың тақырыбы:Жай сөйлем және құрмалас сөйлем
Пәні:

Қазақ тілі

Мақсаты:

 

 

а) Құрмалас сөйлем туралы батапқы түсінік беру. Құрмалас сөйлемнің

құрылымдық бөліктерімен танстыру

ә) Жай сөйлемнен құрмалас сөйлемнің айырмашылығын ұғындыру.

б) Қатесіз, таза жазуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:Жай,құрмалас ұғымы тереңірек түсіндіріледі

Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерден ажырата алады.

Керекті жабдықтар:Сызбалар, оқулық
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдеріМұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұсаукесер

Негізгі бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын «Ыстық орындығы» арқылы тексеріп, қорыту.

Сөз тіркесі, оның мағыналық байланыстары, бағыныңқы, басыңқы сыңарлары туралы алдыңғы сабақтардаалған білімдері тексерілді. Орын тәртібі, қосымшалар арқылы байланысқан сөз тіркестеріне мысалдар келтіреді. Сөз тіркесі мен жалаң сөйлемдерді салыстырып, айырмашылықтарын айтқызу.

III. Жаңа сабақ

-Сөйлем дегеніміз не?

-Мысал келтіріңдер. Бастауышы мен баяндауышын табыңдар.

Тақтаға екі сөйлем жазу.

Мысалы: Күз келді. Жапырақтар сары түске боялды.

-Сөйлем не жайында?

-Сөйлем мүшесіне талда.

-Бұл мысалдардың әрқайсысы – жеке-жеке ойды білдіріп тұрған жай сөйлемдер.

 

*Құрмалас сөйлем туралы түсінік беру.

-Екі жай сөйлемнің мағыналарын біріктіріп, екеуінен

бір күрделі ой құрастырып көрейік.

Мысалы: Күз келіп, жапырақтар сары түске боялды.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

Екі бағанмен берілген сөйлемдерді оқы. Оларды салыстыр.

-Сөйлемдердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

Сөйлемдерді көшіріп жазып, бастауышы мен баяндауышын тауып, белгіле.

!   Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлем жай сөйлем деп аталады.

Мысалы: Үсен жарысқа қатысты. Ғарышқа Байқоңырдан ұшырылады.

Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем құрмалас сөйлем деп аталады. Мысалы: Әсел сабақтан келді де, апасына көмектесті. Қайрат кіп-кішкентай болғанымен, үлкендердің сөзін екі айтқызбай орындайды.

2-жаттығу.

Шығармашылық жұмыс

Берілген жұмбақтардың екінші жай сөйлемін тауып жазу.

1.Дыбыс естісе қашады,

Қырқаны бір-ақ асады.      (қоян)

2.Гүрілдеп жүреді,

Жердің бетін сүреді.      (бульдозер)

3.Көрінбейді өзі,

Естіледі сөзі.               (жаңғырық)

4.Қыста шыны боп қатады,

Жылыда су боп жатады.       (мұз)

3-жаттығу

Мақалдарды көшіріп жазу.

-Әр мақалда қанша сөйлем бар екенін айтыңдаршы.

Әр сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын табыңдар.

Сөйлемдерді оқыту.

Құрмалас сөйлемдерді теріп жазғызу.

IV. Сабақты бекіту.

Сөйлем құра.

1-қатар хабарлы сөйлем;

2-қатар сол сөйлемді сұраулы сөйлемге;

3-қатар сол сөйлемді лепті сөйлемге айналдырып айту.

Мысалы: 1.Ауылдан әжем келді

2.Ауылдан әжең келді ме?

3.Алақай, ауылдан әжем келді.

V. Бағалау, мадақтау.

Бағдаршам әдісі арқылы бағалау

VI. Үйге тапсырма.

5-жаттығу. ( 57 -бет) ереже жаттау

Рефлексия

1.«Не үйрендім?»

2. Бүгінгі сабақтағы ұнаған сәтін жазу

 

 

 

Оқушы жауаптары тыңдалады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушы жауаптары тыңдалады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушы жауаптары тыңдалады

 

 

 

 

 

Балалар бағдаршам арқылы бағалайды.

 

Күнделіктерін ашып үй тапсырмаларын жазып алды.

Рефлексия жазады

Ойларын жазады.