Мұнай және табиғи газ.Тау жыныстары және оны қорғау (ӨҚН)

Сыныбы:3 «а»Күні.11.12.14 ж. пәні:Дүниетану.  
Тақырыбы:Мұнай және табиғи газ.Тау жыныстары және оны қорғау (ӨҚН).
Мақсаты: Жанғыш пайдалы қазбалар –мұнай мен газдаң қасиеттерімен, пайдалы қазбаларды өндіретін адамдардың кәсібімен таныстыру; табиғатты аялауға тәрбиелеу; ел байлығын үнемдеп пайдалануға үйрену.
Күтілетін нәтиже:А). Балалар мұнай мен газдың қасиеттерімен, пайдалы қазбаларды өндіретін адамдардың кәсібімен танысады.
В). Мысалдар келтіріп сипаттайды, салыстырады.
С).Дәлелдейді, диаграммалап, тұжырым жасайды.
Дереккөздер, құрал-жабдықтар:

 

 

 

 

Дүниетану Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық / Оқулық авторлары:Қ.А.Аймағамбетова, Т.С.Идилова, Б.Л.Хаджиева»Алматыкітап баспасы» 2013жылы.  Әдістемелік нұсқау, дидактикалық материалдар. Белсенді тақтада көрсетілетін презентациялар, бағалау парақтары, флипчарт, маркер,ресурстар, видео, стикерлер, аудио, электрондық оқулық,смайликтер ғаламтордан алынған деректі фильм, желім, суреттер.
Сабақтың модулдері:

 

 

1.Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер.2.Сыни ойлауға үйрету.3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.4.АКТ.5.Талантты және дарынды балаларды оқыту.6.Оқушылардың жас ерекшеліктері.              7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық
Тапсырма

лар:

«Ойлан/жұптас/талқыла» түрткі сұрақ, қайта бағыттау, сұрақ-жауап әдісі, топтық әңгіме, диалогтық оқыту,постер,мәртебесі жоғары және төменгі сұрақтар. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі: «Ассоциация», «Стоп кадр»,  «Ыстық орындық», «Көршіңе әңгімелеп бер», «Ойланудың алты қалпағы»,«Серпілген сауал».АКТ-ны қолдану:белсенді тақтамен таныстырылым, электронды оқулық, ғаламтор желісінін  материалдары (сергіту сәтін ұйымдастыру) .Оқыту формасы:Топтық, жұптық, жеке, жаппай.
Бағалау:Формативті бағалау: Ынталандыру мақсатында қолдау көрсету, «Қолпаштау» ,   «Екі жұлдыз, бір тілек», «Басбармақ», «Критерий бойынша бағалау».Жиынтық бағалау.Кері байланыс: «Оқушылардан кеңес алу».
Сабақтың барысы: Мұғалім әрекетіОқушы әрекеті
Кіріспе:

 

 

 

 Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық ахуал, сергіту жаттығуы белсенді тақтадан «Мен қазақпын »,  Сабақ барысында уақытты тиімді пайдалану үшін түрлі фигуралармен    оқушыларды төрт топқа бөлу.  « Ыстық орындық», арқылы үй тапсырмасы сұралады. Мәртебесі жоғары және төмен деңгейлі сұрақтар арқылы  әңгіме жүреді.(«Құм,саз.әктас.Ас тұзы» сұралады,«басбармақ», «екі жұлдыз бір тілек»арқылы бағалау)Мұғаліммен сәлемдеседі, сергіту жаттығуын жасайды.

 

Оқушылар бір-біріне мәтін мазмұны бойынша жуан-жіңішке сұрақтар қояды, жауап береді.

«Басбармақ», «екі жұлдыз бір тілек»арқылы бағалайды.

Тұсаукесер:

 

 

 

 Белсенді тақтамен таныстырылым, ғаламтор желісінен алынған материалдар «Стоп кадр», арқылы көрсетіледі.

-Суретті нені, кімді көріп тұрсыздар?

-Сабақ не туралы болады деп ойлайсыздар?

Диалогтық әңгіме, жоғары және төмен деңгейлі сұрақтар арқылы топтық әңгіме жүреді.

Оқушылар сабақ тақырыбын болжап айтады.

 

Видео материалдармен танысады.

Оқушылар жоғары және төмен деңгейлі сұрақтар арқылы топтық әңгіме жүреді.

Негізгі бөлім:

 

 

 

 

 

 

 

 

 Жаңа сабақ:Сабақтың мақсаты хабарланады.

Оқулықпен жұмыс:

Оқулықтан «Мұнай мен табиғи газ»мәтінін түсініп оқып,  «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісімен мәтін мазмұнын меңгеру ,  жуан-жіңішке сұрақтар, әдебиеттік оқу пәнінен оқыған Ф.Оңғарсынованың «Мұнай теңізі», Ә.Қайрановтың «Маңғыстау» өлеңдерін еске түсіру (пәнаралық байланыс), кесте құру:

 

       Пайдалы қазбалар
КендіКенсіз
Темір кеніҚұрылыстықЖанғыш
Гранит,

әктас,құм,саз

Көмір, шымтезек,

мұнай, табиғи газ

Белсенді тақтада электрондық оқулықтан таныстырылым ,мектеп зертханасынан алынған пайдалы қазбалар  көрсетіледі.

 Кеңейтілген тапсырма:

А).Мұнай мен табиғи газ мәтінін оқу. В).Практикалық жұмыс.(Мұнайдың қасиетін анықтауға тәжірибе жасау).

С).Ұңғыма, бұрғылау қондырғысы, мұнай сақтайтын жер,құбыр желісі, танкер, цистерна сөздеріне сөздік жұмыс.

 Тәжірибе:

1).Суы бар шыны стақанға аздап мұнай өнімін тамызып, мұнай суға ери ме,түбіне шөге ме, әлде бетінде қала ма, соны бақылау.Не байқадыңдар?(Мұнай суға ерімейді,су бетінде қалқып жүр).

2).Металл тостағанға кішкене мұнай тамызып, жанып тұрған сіріңкені жақындату. Не болды?

(Мұнай жанады,одан жылу бөлінеді,толық жанып кетеді).

 

 

Сөздік жұмыс: Ұңғыма, бұрғылау қондырғысы, мұнай сақтайтын жер,құбыр желісі, танкер, цистерна сөздерінің мағынасын түсіндіру.

 

Әзірге кедергісі бар балаларға: Топшамалар, дидактикалық материалдар.

Топшама:

Орындары ауыстырылып көрсетілген пайдалы қазбалар мен олардың қасиеттерін бағыттық сызықпен қосу, « орнын табу»

Мұнай ————- жылтыр, қатты, суға батады

Көмір ————— құбырмен жіберіледі, ілеспе түрі бар

Гранит ————- қатты, кенді

Темір ————— шпат, кварц, слюдадан тұрады.

Газ —————— сұйық, жанғыш

Топтық жұмыс: Топтық жұмысқа  «Ойланудың алты қалпағы».

1-топ:«Ақ қалпақ» (Мұнай мен газ туралы ақпарат). «Қызыл қалпақ» ( Мұнай мен газ өнеркәсібінің ұлттық экономикаға, халықтың әлеуметтік тіршілігіне т.б.).

2-топ: « Қара қалпақ» ( Мұнай мен газдың   өсімдіктер менжануарлар дүниесіне және адам денсаулығына келтіретін зияны).

3-топ:  «Сары қалпақ» ( Қара алтын- киген киіміміз, ішкен тамағымыз, жүрген жолымыз, оқыған кітабымыз т.б.).

«Жасыл қалпақ» (Шығармашылық ).

4-топ: «Көк қалпақ» (Өркениетті елдер сияқты Қазақстанда 1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау туралы  қабылданған заңда табиғатты қорғау мен оның байлығын халық қазынасы ретінде болашақ ұрпақтың салтанатты өмірі үшін сақтау»).

Сабақ барысында   ынталандыру мақсатында қолдау көрсетіп, «Екі жұлдыз бір тілек»,«Басбармақ»,  сабақ барысында   бағалау.

Сұрақтар мен тапсырмаларды кезекпен оқиды.

Мәтінді оқып, «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісімен мазмұнын бір-біріне әңгімелейді.

Әдебиеттік оқу пәнінен оқыған Ф.Оңғарсынованың «Мұнай теңізі», Ә.Қайрановтың «Маңғыстау» өлеңдерін оқып,өлең мазмұнының сабақ мазмұнымен байланысын дәлелдейді.

 

Кесте құрайды.

 

 

 

 

Белсенді тақтада электрондық оқулықтан таныстырылыммен

танысады.

 

Мәтінді жұпта,топта әңгімелейді.

 

 

 

Тәжірибе жасап,мұнайдың қасиетін анықтайды, топтастырады, жазады, оқиды.

Қара,қоңыр түсті

Жанғыш           Қызулы отын

 

Сұйық                        Иісі бар

 

 

 
Майлы зат       Судан жеңіл

 

Суда ерімейді

 

Оқушылар ұңғыма, бұрғылау қондырғысы, мұнай сақтайтын жер,құбыр желісі, танкер, цистерна сөздеріне түсінік береді.

Әзірге кедергісі бар балалар топшамаларда орыны ауыстырылып берілген пайдалы қазбалар мен олардың қасиеттерін бағыттау сызықпен көрсетеді.

Көмір ————- жылтыр, қатты, суға батады

Газ ————— құбырмен жіберіледі, ілеспе түрі бар

Темір ————- қатты, кенді

Гранит ————— шпат, кварц, слюдадан тұрады.

Мұнай—————— сұйық, жанғыш

 

Ресурстарды оқып, танысады. Бір-бірімен мәлімет алысады, жазады, суреттерді жапсырмалайды.

 

 

Әр топ өзіне берілген тапсырманы топта талдайды, постер дайындап, оны қорғайды.

 

 

 

 

 

 

 

Ынталандыру мақсатында қолдау көрсетіп, «Екі жұлдыз бір тілек»,«Басбармақ»,  сабақ барысында оқушылар бірін-бірі бағалап отырады.

Қорытынды:

 

  «Серпілген сауал » әдісімен сабаққа қорытынды жасалады.Сұрақ қойып, сұраққа жауап береді.
Бағалау:  Жиынтық бағалау. «Критерий бойынша бағалау».

Кері байланыс: «Оқушылардан кеңес алу».

Топ басшысы топты, топ басшысын топ бағалайды.

Оқушылар:

-Бұл сабақта мен үшін не қиын болды?

-Бұл мен үшін неге қиын болды?

-Бұл қиындықтарды ненің көмегімен еңсердім/еңсере аламын?-деген сұрақтарға жауап жазып,оқиды.

Үйге тапсырма: 59-61–беттер.(Табиғи газды үй жағдайында пайдалану ережесін білу).Үй тапсырмасын күнделікке жазады.