Саз және әктас. Ас тұзы

Сыныбы:3 «а»Күні: 06.12.14 ж. пәні:Дүниетану. 26-сабақ .
Тақырыбы:Саз және әктас.Ас тұзы.
Мақсаты:Оқушылардың  тау жыныстары-саз және әктас, ас тұзы туралы,олардың айырмашылықтары мен қасиеттері және пайдаланылатын салалары туралы түсінігін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:А).  Саз және әктас,ас тұзы және олардың қасиеттерін, түр-түсін, қай жерде қолданылатынын анықтайды.
В).Пайдалы қазбалардың айырмашылықтарына талдау жасап, салыстырады.
С). Тұжырымдап,қорытынды жасайды.
Дереккөздер, құрал-жабдықтар:Дүниетану Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық / Оқулық авторлары:Қ.А.Аймағамбетова, Т.С.Идилова, Б.Л.Хаджиева»Алматыкітап баспасы» 2013жылы.  Әдістемелік нұсқау, дидактикалық материалдар. Белсенді тақтада көрсетілетін презентациялар, бағалау парақтары, флипчарт, маркер,

ресурстар, видео, стикерлер, аудио, электрондық оқулық,

смайликтер ғаламтордан алынған деректі фильм, желім, суреттер.

Сабақтың модулдері:

 

 

1.Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер.2.Сыни ойлауға үйрету.3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.4.АКТ.5.Талантты және дарынды балаларды оқыту.6.Оқушылардың жас ерекшеліктері.              7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Тапсырма

лар:

Жаңа тәсілдер: «Ойлан/жұптас/талқыла» түрткі сұрақ, қайта бағыттау, сұрақ-жауап әдісі, топтық әңгіме, диалогтық оқыту,постер,мәртебесі жоғары және төменгі сұрақтар. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі: «Серпілген сауал», «Стоп кадр», «Венн диаграммасы», «Құпия зат». АКТқолдану:белсенді тақтамен таныстырылым, электронды оқулық, ғаламтор желісінін  материалдары (сергіту сәтін ұйымдастыру) .Оқыту формасы.Топтық, жұптық, жеке, жаппай.
Бағалау:Формативті бағалау:Ынталандыру мақсатында қолдау көрсету. «Басбармақ»,«Екі жұлдыз бір тілек». Жиынтық бағалау.Кері байланыс: «Талқылау бойынша серіктестер».
Сабақтың барысы: Мұғалім әрекетіОқушы әрекеті
Кіріспе:

 

 

 

 Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық ахуал, сергіту жаттығуы белсенді тақтадан «Мен қазақпын », Қыс айлары (желтоқсан,қаңтар,ақпан) атауларымен   топқа бөлу. «Серпілген сауал»  арқылы үй тапсырмасы сұралады.Мұғаліммен сәлемдеседі, сергіту жаттығуын жасайды.

Оқушылар бір-біріне мәтін мазмұны бойынша жуан-жіңішке сұрақтар қояды, жауап береді, «басбармақ», «екі жұлдыз бір тілек»арқылы бағалайды.

Тұсаукесер:

 

 

 

 Белсенді тақтамен таныстырылым, ғаламтор желісінен алынған материалдар «Стоп кадр» көрсетіледі.

-Суретті нені, кімді көріп тұрсыздар?

-Сабақ не туралы болады деп ойлайсыздар? Диалогтық әңгіме, жоғары және төмен деңгейлі сұрақтар топтық әңгіме жүреді.

Оқушылар сабақ тақырыбын болжап айтады.

 

Видео материалдармен танысады.

Сұрақ қойып,сұрақтарға жауап береді.

Негізгі бөлім:

 

 

 

 

 

 

 

 Жаңа сабақ:Сабақтың мақсаты хабарланады. Оқулықпен жұмыс: мәтін мазмұнымен жұмыс,мәтін    мазмұны бойынша сурет салу, жуан-жіңішке сұрақтар. Оқулықпен жұмыс болады.Белсенді тақтада электрондық оқулықтан таныстырылым көрсетіледі. Кеңейтілген тапсырма:

А). Топтарға бөлініп, тәжірибе жұмысын жасайды.(Құм,саз, әктастың қасиеттерін, түр-түсін,қай жерде қолданылатынын анықтау).

В).Қазақстанда ас тұзы қай жерлерде өндіріледі?

Негізгі сөздерПікірлер
Ағынды көлдер

Ағынсыз көлдер

Көлден өзен ағып шығады

Көлден су ағып шығады.

 С).Қай көлдің суы ащы?Сызба құр.

Өзен                 Ағынсыз көл    

  Тұз. 

Әзірге кедергісі бар  балаларға:топшама.

Топтық жұмыс:

1-топ: «Венн диаграммасы» (Саз және әктас пен ас тұзын салыстырып,диаграммалайды).

2-топ:«Серпілген сауал»  ( Саз және әктас.Ас тұзы).

3-топ:«Балқаш –Қазақстандағы бірегей көл» деген тақырыпта шағын шығарма жазу.

Топтық жұмыстан соң  «Екі жұлдыз бір тілек»,«Басбармақ» арқылы      бірін-бірі бағалау.

 

 Мәтінді кезекпен оқып,мазмұнымен жұмыс жасайды. Сұрақтар беріп, сұрақтарға жауап береді. Ынталандыру мақсатында қолдау көрсетіп, «Екі жұлдыз бір тілек»,«Басбармақ»,  сабақ барысында оқушылар бірін-бірі бағалап отырады.

 

Ресурстарды оқып, танысады. Бір-бірімен мәлімет алысады, жазады, суреттерді жапсырмалайды.

 

А,В,С деңгейдегі кеңейтілген тапсырмалары орындайды.

 

 

 

 

 

Әзірге кедергісі бар балалар топшамалармен жұмыс жасайды

 

Әр топ өзіне берілген тапсырманы топта талдайды,постер дайындап, оны қорғайды.

3-топ «Балқаш –Қазақстандағы бірегей көл» деген тақырыпта шағын шығарма жазып,оқиды.

Топтық жұмыстан соң  «Екі жұлдыз бір тілек»,«Басбармақ» арқылы    оқушылар бірін-бірі бағалап отырады.

 

Қорытынды:

 

 «Құпия зат» әдісімен сабаққа қорытынды жасалады.Сұраққа жауап береді.
Бағалау:  Жиынтық бағалау. Кері байланыс: «Талқылау бойынша серіктестер».    Оқушылар өздері үйренген үш нәрсе туралы стикерге жазып,оқиды.
Үйге тапсырма:

 

 55-58-беттер.(Қосымша деректер жинау.Энциклопедиядан Қазақстан көлдері туралы оқып келу).Үй тапсырмасын күнделікке жазады.
Сабақтың талдауы:

 

 

 

Кіріспе бөлімінде оқушыларға ынтымақтастық атмосферасын қалыптыстырып, өзін-өзі ретке келтіру мақсатында психолгиялық ахуал орнатып, сергіту жаттығуы ( «Мен қазақпын ») жасалды.  Оқушылырдың жыл мезгілдерін, ай аттарын еске сақтау үшін Қыс айлары (желтоқсан, қаңтар, ақпан) атауларымен     топқа бөлдім . Сабақ барысында уақытты тиімді пайдалану үшін оқушыларды үш топқа бөлдім. Топтық ереже айтылды.

« Серпілген сауал» әдісімен   оқушылар  мәртебесі жоғары және төменгі сұрақтар қойып, жауап алды. Сонымен қатар сұрақ қоюшы оқушы өзі де жауапты толықтырып отырды. Бұл әдісті қолдануда оқушылар сұрақ қойып, жауап беруге, сын тұрғысынан ойлауға, сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге, өзінің білгенін өзгемен бөлісе отырып, білім алуға қызығушылығы артты, өзіндік сын-пікір айтуға үйренді.

Тұсаукесер кезінде   жаңа сабаққа  қадам жасап, белсенді тақтамен таныстырылым, ғаламтор желісінен алынған материалдар «Стоп кадр» арқылы көрсетіліп, сабақтың  мақсаты түсіндірілді.

-Суретте нені көріп тұрсыздар?

-Сабақ не туралы болады деп ойлайсыздар?

— Пайдалы қазбаларға не жатады?-деген сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбы  мен мақсаты айқындалды, кіріспе тапсырмасы орындалды.

Негізгі бөлімде Оқулық материалдарымен, ресурстармен  танысып   жұмыстанды.Топтық жұмысқа  1-топ: «Венн диаграммасы» (Саз және әктас пен ас тұзын салыстырып,диаграммалауды).

2-топ:«Серпілген сауал»  ( Саз және әктас.Ас тұзы).

3-топ:«Балқаш –Қазақстандағы бірегей көл» деген тақырыпта шағын шығарма жазу берілді. «Балқаш –Қазақстандағы бірегей көл» деген тақырыпта шағын шығарма жазып,оқыды.Әр топ жұмысынан кейін «екі жұлдыз бір тілек», «басбармақ» арқылы балалар бірін-бірі     бағалады. Қорытынды бөлімде  бекіту мақсатында  «Құпия зат» пайдаландым. Кері байланысқа « Талқылау бойынша серіктестер» алдым.Оқушылар:

-Не нәрсе оңай болды?

-Не нәрсе қиын болды?

-Не білгім келеді?-деген сұраққа оқушылар өздері үйренген үш нәрсе туралы стикерге жазып,оқыды.

Сабақ бойынша өзгертулер:Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, топ ережесін сақтау арқылы уақытты тиімді пайдалану. Дарынды және көшбасшы балаларға кеңейтілген тапсырмаларды және әзірге кедергісі бар оқушылар үшін әдіс-тәсілдерді түрлендіруге өзгерту енгізу керекпін.