Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті. Техниканың дамуындағы жылу қозғалтқыштарының рөлі

Сабақтың тақырыбы:  Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті. Техниканың дамуындағы жылу қозғалтқыштарының рөлі. Жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау.

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға жылу қозғалтқыштары және оның техникадағы рөлі туралы түсінік беру. Мамандыққа бағдарлау, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың әдісі: Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы. Ауызша баяндау, проблемалық іздеу, өз бетімен, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта, флипчарт, кесте түрлері, бағалау парағы.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру сәті: (Сынып оқушыларын топқа бөлу, топ басшыларын анықтау. Топтың сабаққа даярлығын, қатысуын шолып өту және еркін отыруларын сұрау. Әр топ өздеріне берілген бағалау парағы бойынша қорытынды бағаларын шығаратынын ескерту).

ІІ. Қызығушылықты ояту.

1.Сұрақтар қойылады

2.Топтастыру

ІІІ. Мағынаны тану. ББҮ

(Бағытталған оқу, INSERT-түртіп алу)

  1. Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті.
  2. Жылу қозғалтқыштарының халық шаруашылығындағы маңызы.
  3. Табиғатты қорғауда жылу қозғалтқыштарын пайдаланудың кері әсері.
  4. Қоршаған ортаны қорғау шаралары
  5. Топтық тапсырма
  6. Толғаныс. 1. Есептер шығару
  7. Жылу қозғалтқыштарының пайдасы мен зияны туралы кесте толтыру.
  8. «Болашақ – біз қандай қозғалтқышты ойлап шығарар едік немесе қандай қозғалтқышпен жұмыс істейтін машина-механизм жасар едік» — деген тақырыпта өз көзқарастарын жазып, ой толғау. (Уақыт 2 мин).
  9. 5 жол өлең құрастыру («машина», «қозғалтқыш» сөздерін қолдану)
  10. Үйге тапсырма.
  11. Бағалау

1-топ: Семантикалық кесте

Жылу қозғалтқыштарының түрлеріҚыздырғышЖұмыс денесіЭнергияны түрлендіруші механизмСуытқышЖұмыс денесін қалыпқа келтіруші механизм
Бу турбиналы қондырғыБу қазаныСу буыБу турбинасыКонденсаторСу насосы, экономайзер
Іштен жану қозғалтқышы

А) карбюраторлы

ЦилиндрОтынның жану өнімі — газПоршеньАтмосфера, қозғалтқыштың салқындау жүйесіНасос карбюратор, поршень
Б) дизельдіЦилиндрОтынның жану өнімі — газПоршеньАтмосфера, қозғалтқыштың салқындау жүйесіКомпрессор, форсунка, поршень
Газ турбиналы қозғалтқыштарЖану камерасыГазГаз турбинасыАтмосфераКомпрессор, форсунка
Реактивті қозғалтқыштарЖану камерасыГазСоплоАтмосфераҚышқылдатқыш пен отын насосы

 

3-топ: Семантикалық кесте

Газ заңдарыТұрақты шамаӨзгеретін шамаТермодинамиканың 1-заңыГрафигі
Изобаралық 

 

 

Изохоралық, 

 

Изотермалық, 

 

 

Адиабаталық, 

 

 

 

2-топ: Венн диаграммасы

 

  1. Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті.

 

немесе         η<1

 

η            η

  1. Жылу қозғалтқыштарының халық шаруашылығындағы маңызы.

INSERT-түртіп алу

Бұрыннан білемін      vБілмеймін

Жаңадан білдім

+

Түсінбедім

?

    

 

  1. Есептер шығару

№1. Іштен жану қозғалтқышы 2 кг бензин шығындай отырып, 2,3*105 кДж-ге тең пайдалы жұмыс жасады. Бензиннің меншікті жану жылуы 4,6*107 Дж/кг. Қозғалтқыштың ПӘК-ін есептеңдер.         (Жауабы: 25%)

№2. 2,4*104 Па тұрақты қысымда ыдыста орналасқан газға 6*104 Дж жылу бергенде, ол 2 м3 шамаға көлемін ұлғайтты. Газдың ішкі энергиясының өзгеру шамасын анықтаңдар.                                (Жауабы: 104 Дж)

 

  1. Жылу қозғалтқыштарының пайдасы мен зияны туралы кесте толтыру
  1. «Болашақ – біз қандай қозғалтқышты ойлап шығарар едік немесе қандай қозғалтқышпен жұмыс істейтін машина-механизм жасар едік» — деген тақырыпта өз көзқарастарын жазып, ой толғау. (Уақыт 2 мин).
  2. 5 жол өлең құрастыру («машина», «қозғалтқыш» сөздерін қолдану).

Зат есім-1                           1.Қозғалтқыш

Сын есім-2                         2.Іштен жанатын, реактивті

Етістік-3                            3.қозғалады, жүреді, ұшады

4 сөзден тұратын сөйлем    4.Қозғалтқыш энергияны түрлендіруші механизм

Бір синоним                       5.Машина

  1. Үйге тапсырма. δ26; 13-жаттығу. Орал қаласы бойынша автокөліктерден атмосфераның ластануы және оған қарсы күрес шаралары туралы реферат, слайд дайындау.
  2. Бағалау.