Мазмұндама.. Жақсылық

Пәннің аты:

Әдебиеттік оқу

Уақыты:Сыныбы :

2-сынып

Мұғалім
Сабақтың атауыМазмұндама.. Жақсылық.
Мақсатыоқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру әрі

сауаттылыққа баулу мақсатында мазмұндама жүргізу.

Психологиялық ахуалОқушыларға мазмұндама жүмысына арналған дәптерлерін таратып,  мазмұндама жұмысының такырыбымен таныстырамын. Бүгінгі күнді, мәтін тақырыбын тақтаға жазып,  мәтін мазмұнын мәнерлеп оқып шығамын. Мәтін 71  сөзден тұрады. Содан кейін мәтін негізінде жоспар түзулерін тапсырамын. Осы жоспар негізінде оқушылар мазмұндама жұмысын жазады.Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту                Суретті  көрсете  отырып, әңгіме өрбіту.Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану.Диктанттар жинағы 62 бет  «Жақсылық»

Мәтінді дауыстап окып болған соң, осы мәтін негізінде жоспар түзуін тапсырамын. Жоспар төмендегіше:

1. Қоянның арманы

2. Достық көмек.

3. Қоянды құрмет тұту

Сергіту сәтіҚонжық.

Қорбаңдаған қонжық,
Орманда келеді.
Әнін айтып маймаңдап,
Бүршіктер тереді.
Саудыраған бүршіктер,
Маңдайға тиеді.
Ашуланған қонжық,
Жерді кеп тебеді.

 
Ой толғанысМәтінді екінші рет оқу,не өте жақсы оқитын оқушыға оқыту.Бұдан соң мәтінді 2-3 оқушыға жоспар бойынша әңгімелетеді.

Тілдік тапсырмалармен байланыстырады.Ол үшін тірек сөздерді қолдану,сөйлемнің сөз тіркестерін білгілі бір үлгілерін қолдану т.б. осы сияқты тапсырмалар арқылы жүзеге асыру қажет.

Үйге тапсырма«Сынып бірлігі» тақырыбында шығарма жазып келу.Күнделіктеріне жазып алады
БағалауОқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланысСмайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады