Сызықтық алгоритмдерді программалау

ТақырыбыСызықтық алгоритмдерді программалау
Мақсаты

 

Оқушыларды енгізу\шығару операторларын қолданып сызықтық программа құруды үйрету.   Өткен тақырыпты қайталай отырып, сызықтық алгоритмге программасын құру машығын қалыптастыру;
Күтілетін нәтижеА. мәліметтер типтері, стандартты функциялар және өрнектер ұғымы туралы біліп түсінеді.
В.  Өрнектерді Паскаль тілінде жаза алады.
С. Өрнектерді Паскаль тілінде жазып,программасын құрып, компьютерде мәнін есептеп шығарады.
Дереккөздер, құрал-жабдықтардербес компьютер, оқулық, карточкалар, Турбо Паскаль бағдарламасы, семантикалық карта, маршруттық карта, бағалау парағы.
Сабақтың барысыУақытыМұғалім әрекетіОқушы әрекеті
Кіріспе

 

 

 

10 мин— Амандасу.

— Ыңтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін 2 топқа бөлу.

Ағаш отырғызу алгоритмі

Жерге шұңқыр қазу

Шұңқырға көшет отырғызу

Шұңқырды өміп тастау

Көшетті суару.

 

Жолдан өту алгоритмі

Қызыл түс жарық тоқта

Сары түс жарық дайындал

Жасыл түс жарық  жолдан өту

 

Үй тапсырмасын семантикалық карта арқылы тексеру.

 

Бағалау критерийі арқылы өздеріне бағалатады.

— Амандасады

Оқушылар екі топқа бөлінеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семантикалық картамен жұмыстанады.

 

Бағалау критерийі  бойынша  өз-өзін бағалайды.

Тұсаукесер

 

 

 

4 минСабақтың мақсатын, табыс критерийін шығару.  Миға шабуыл әдісімен сұрақ-жауап арқылы тақырыпты ашу.

-Оқушылар, егер сыныптасыныз үй тапсырмасына берілген есепті  шығаралмаған жағдайда не істейміз?

-Егер оқушы сізден көшіріп алса, ол мұғалімге шығару жолын айтып бере аладыма?

-Оған қалай көмектесеміз?

-Әр бір алгоритм құру кезінде алгоритмнің үш түрін қолданамыз:

 

 

-Ал, әдебиеттен шығарма жазу алдында не істейміз?

 

-Физикадан есепті қалай шығарамыз?

Алгоритм құру кезінде оның мақсатын түсінуіміз керек, содан кейін есептің шығару жолының жоспарын құруымыз қажет.

Сабақтың тақырыбын ашады,

табыс критерийін анықтайды.

 

 

 

 

 

-көшіруге береміз

 

 

-жоқ

-есептің шығару жолының алгоритмін айтып береміз

-сызықтық

-тармақталған

-циклдік

-жоспар құрамыз. Кіріспе. Негізгі бөлім және қорытынды.

Берілгені, нені табу керек және қандай формула қолдану керек екенін түсіну қажет.

Негізгі бөлім

 

 

 

 

 

20 мин «Галереяға саяхат» әдісімен тұжырымдамалық картаны құрғызады, қорғатады.

Бағдарламаның ретін тауып қою.

 

Есеп «Дүкендегі сауда»

Арман дүкеннен дәптер А теңгеге, сызғыш В теңгеге және қарындаш С теңгеге сатып алады. Осы саудадан кейін Арманда қанша теңге қалады?

І. Берілгені

a – дәптердің құны

b – сызғыштың құны

c – қарындаштың құны

tenge – барлық ақша

Нәтиже.

kalgani – саудадан қалған ақша

ІІ. Есепті шығару жолы.

Kalgani =  tenge – а – в – с

a=15;   b= 10;     c= 5;

tenge=48

Kalgani=48-15-10-5=18

ІІІ. Бағдарлама

Компьютермен тәжірибелік жұмыс орындатады.

— Кеңейтілген тапсырманың «Таңдау элементінің көмегімен өзін-өзі реттеуді қолдану» идеясына сәйкес «Паскаль бағдарламасында есепте» маршруттық картамен жұмыс орындатады.

 

Бағалау критерийі арқылы өздеріне бағалатады.

 

«Галереяға саяхат» әдісімен тұжырымдамалық картаны құрып, қорғайды.

Бағдарламаның ретін тауып қояды.

Есеп «Дүкендегі сауда»

Program sayda;

Var a, b, c, t: real;

K: real;

Begin

Writeln (‘dapter, sizgish, carindashtin kunin engiz’);

readln (a, b, c);

Writeln (‘barlik tenge sanin engiz’);

Readln (t);

k:=t-a-b-c;

Writeln (‘k=’,k:3:0);

Readln;

End.

 

Компьютермен тәжірибелік жұмыс орындайды.

«Паскаль бағдарламасында есепте» маршруттық картамен жұмыс орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау критерийі  бойынша  өз-өзін бағалайды.

Үй тапсырмасы1 минТақырыпты қайталау. Екі санның қосындысын табатын бағдарлама құру у = а + с Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.
Қорытынды

 

 

 

10 мин— «Пицца» әдісі бойынша сабақты қорытындылатады.

«551» арқылы кері байланыс жасатады.

 

-Топтар бір-біріне сұрақтар қояды. Пицца дайындайды.

«551» кері байланыс жасайды.