Рентген сәулесі. Жарықтың қысымы

Сабақтың тақырыбы:  Рентген сәулесі. Жарықтың қысымы

Мақсаты: 1) рентген сәулелері және жарық қысымы туралы түсінік беру,

жарық қысымын    есептеуге үйрету;

2) оқушылардың жүйелі түрде логикалық ойлауға бағыттау;

3) оқушыларды еңбектенуге, іздене білуге баулу

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту, конференция сабақ

Көрнекіліктер: техникалық  құралдар: сызба, компьютер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі
  2. Үй тапсырмасын тексеру
  3. Ғалымдардың ғылыми жетістігі оқушылар көзімен
  4. Есептер, кроссворд
  5. Қорытынды

Мұғалім сөзі:  Оқушылар бүгінгі сабақтың арқауы етіп Шәкәрім атамыздың

«Сен ғылымға болсаң ынтық

          Бұл сөзімді әбден ұқ.

          Білгеніңнің  жақсысын қыл

          Білмегенді біле бер» деген өлең жолдарын аламыз.

Өткен сабақта «Фотоэффект. Фотоэффектінің қолданылуы. Фотондар» тақырыбын өттік. Осы тақырыпқа шығармашылық жұмыс тапсырылды, яғни фотондар туралы әңгіме, диалог, өлең жазып келу.

  1. «Фотон мен электронның диалогы» (Екі оқушы орындайды).
    • Сәлематсыз ба? Тоқтай тұрынызшы. Сізбен танысуға болама? Сіздің есіміз кім?
    • Менің есімім «Фотон»
    • А,л кейбіреулер сізді «Квант» деп атайды. Шынында сіздің есіміңіз қалай?
    • Шынында менің есімім «Фотон», ал «Квант» менің тегім.
    • Неліктен сізді «Фотон» деп атайды және бұл атты сізге кім берді?
    • Бұл есімді маған жарық сәулерінің кванттық теорисын ашқан Эйнштейн берді. «Фотон» жарық деген сөзден шыққан, бұл керемет емес пе!
    • Сіз, сәл де болса аялдап, тұра аласыз ба?
    • Жоқ, мен қозғалмай тұра алмаймын, мүмкін сіз мені жұтып қойғыңыз келетін шығар
    • Сізде бір нәрсе болса да бар ма? Ең болмаса энергияңыз бар ма?
    • Қатарласып жүріп келесіз, сіз менің hν энергиямды сезбейсіз бе?
    • Сіздің энергияныз бір түрлі әдеттен тыс ерекше
    • О, иә, әрине, менің энергиямды Планк атамның арқасында бүкіл әлем біледі
    • Ой, сіз менен қалай тез алыстап барасыз?
    • Әрине, менің импульсім бар ғой!
    • Ал, сіз менің атымды білгіңіз келе ме?
    • Әрине, келеді
    • Менің есімім Электрон
    • Өте жақсы
    • Егер сіз тоқтай алмасаңыз бірге саяхаттайық, мүмкін біз бірге болсақ пайдалырақ болармыз.

 

Келесі оқушы өлең айтады (Рэп стилімен)

Жарық үлесі бөлшекке ұқсайды, бұл бөлшекті фотон деп атайды.

Оның сәуле шығаруын электромагниттік квант деп атауға да болады.

Міне, мен оның формуласын жазамын. E тең болады h тұрақты мен ν жиіліктің көбейтіндісіне. Осы формуланы еске сақта. H cызықшалыға көбейтсек, басқа жауап шығады. Фотон тыныштық массасынан айрылған.

Туғаннан жылдамдыққа ие болған. Оның массасы мен жылдамдығы арқылы P=mc  импульсі табылады. Бұл формулалар қажет бәріңе қолданасыңдар есеп шешуде.

 

Мұғалім сөзі: бүгінгі сабақтың тақырыбы «Рентген сәулелері. Жарықтың қысымы». Сабақ конференция түрінде өтеді. Сабақта ғалымдар В.К. Рентген мен П.Н.Лебедев ашқан жаңалықтар туралы айтылады. Алдымен осы екі ғалымның өміріне тоқтаймыз.

1-оқушы:  В.К. Рентген ашқан жаңалық.

2- оқушы: П.Н.Лебедев ашқан жаңалық

3- оқушы: Рентген сәулелері. Рентген түтігі (6.6 сурет)

4- оқушы: Сәулелену қуаты

5- оқушы: Қысқа толқынды шекараның болуын квант теориясы түсіндіреді

6- оқушы: Рентген сәулелерінің қолданылуы

7- оқушы: Рентген сулесінің табиғаты. Лауэграмма

8- оқушы: Жарық    қысымы, жарықтың электромагниттік толқын екенін дәледейді (6.8; 6.9 сурет )

9- оқушы: Жарық қысымын кванттық теория тұрғысынан түсіндіреді.

 

Есептер:  Жарық қысымын есептеу

 

  1. Күн сәулесінің жерге жететін ағынының тығыздығы 1,4·103 Вт/м2. Жарықты толық жұтатын бетке түсірілген жарық қысымын есепте.
  2. Толқын ұзындығы 540 нм жасыл жарықты толық шағылдыратын беттің әр см2 — іне әр секунда 2,7·1017 фотон түседі. Бұл сәуле шығару қандай қысым түсіреді?
  3. Қуаты 2Вт жарық ағыны ауданы 1м2 қара бетке қалыпты түседі. Жарық қысымын тап.
  4. Энергиясы 15 Дж сәуле ауданы 2 см2 бетті 1 мин бойы жарықтандырады. Егер бет сәулені толық жұтатын болса, осы бетке түсетін қысымды есепте.

 

Рентген  сәулелеріне есептер.

 

  1. Теледидар түтіктерінде катодтың сәулелердегі электрондар экранға жетіп, кенет тоқтайды. Осы кезде рентген сәулелері шығарылмай ма? Сондықтан теледидар қарау қауіпті емес пе?
  2. Металл платика рентген сәулелері әсерінен зарядталады. Зарядтын таңбасы қандай?
  3. Неліктен дәрігер-рентгенолог жұмыс уақытында құрамында қорғасын тұзыбар қолғап, алжапқыш, көз әйнек киеді?
  4. Медицинада және техникада пайдаланылатын рентген сәулелерін алу үшін электрондар шоғы шашырап түспей, тек антикатодтың бір нүктесіне түсуі қажет. Неге?
  5. Рентгендік кескін  мен дене мөлшері қандай қатынаста болады?
  6. Асқазан – ішек жолына диагностика  жасағанда науқасқа барий ботқасын береді. Неге?
  7. Рентген сәулелері металл қабатынан да өтеді. Ал неге рентген түтігінен ауа сорып алынады?
  8. Қалыңдықтары бірдей алюминий мен темірдің қайсысы рентгенологты сәулеленуден жақсырақ сақтайды?

 

Осы кроссвортарды шешкенде сіздің болашақ өмірлеріңізге өте қажетті нәрсені білесіз.

 1атом     
  2квант   
    3масса 
4жылдамдық 
  5рентген 
6лебедев   
 7жарық    
    8қысымы

 

  1. Заттың химиялық қасиеті сақталатын ең ұсақ бөлшегі
  2. Жарық бөлшегі
  3. Дененің инерттілігін сипаттайтын шама
  4. Көлік жүргізушілер үнататын физикалық шама
  5. Қысқа толқынды электромагнитік сәуле
  6. 8. Орыс ғалымы, ол өлшеген физикалық шама

 

1физика    
   2сәуле  
  3бес     
 4тәжірибе 
    5планк 

 

  1. Гректің «фюзис» сөзі
  2. Жарық энергиясының таралу бағыты
  3. Үздік оқушылар алатын баға
  4. Алдын ала мақсат қойып жүргізілетін бақылау
  5. Квант теориясының негізін салушы ғалым

Қорытынды:  Сонымен физика саласындағы үлкен жаңалықтардың бірі рентген сәулелерінің және жарықтың қысымының ашылу тарихымен таныстық. Олардың табиғатын түсіндік. Біз бүгін осы екі ғалымның ғылыми жаңалықтары адамзаттың дамуынына қосылған үдкен үлес екенін білдік. Әр қайсысымызда осы ғалымдардан үлгі  алып, білім-ғылымға ұмтылуымыз керек.

Бағалау.

Үйге тапсырма: СТЭ, жарық квантары тарауын қаталау. Тест жұмысына әзірлік №6.9.1-6.9.3